Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет10/47
Дата25.04.2016
өлшемі4.58 Mb.
#89636
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47

Деректемелері/Пререквизиттері: Математикалық талдау; Дискреттік математика; Математикалық логика; Информатика.

Курстың/пәннің мазмұны: Қарапайым ұғымдар (түсініктер) мен анықтамалар. Көбейту мен қосу қағидасы ( принципі). Орын ауыстыру, орналастыру мен үйлестіру. Графтар дәрежесінің қасиеттері. Эйлер теориясы Бағытталған графтар. Графтардын ең қарапайым қасиеттері. Ашық (дерево) және тұйық (цикл) графтар ұғымы. Жазық графтар қасиеттері. Ашық графтар қасиеттері. Эйлер графтарымен қолды үзбей сызу есептері. Ілулі граф. Ілулі графтағы қысқа жолдар және қысқа маршруттарды құрудың Форда алгоритмі. Графта қысқа жол іздеу. Графтағы ара-қашықтықтардың сипаттамалары. Графты орап өту. Графтарды бояу және Зыков алгоритмі. Бағытталған графтар және Форд-Фалкерсон алгоритмі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Новиков Ф.А. Дискретная математика для программистов,М.,2001

  2. Иванов Б.Н. Дискретная математика для программистов. Учебник СПБ. Ланв. 2002.

  3. Белов Теория Графов, Москва, «Наука»,1968.

  4. Жетпісов Қ., Математикалық логика және дискретті математика, Қарағанды, 2008

  5. Оре О. Теория графов. – М.: Наука, 1980.

  6. Исмагилов Р.С., Калинкин А.В. Матеpиалы к пpактическим занятиям по куpсу: Дискpетная математика по теме: Алгоpитмы на гpафах. - М.: МГТУ, 1995

  7. Яблонский С. В. Введение в дискретную математику. – М.: Высшая школа, 2002. – 384 с.

  8. Куликов В. В. Дискретная математика (учебное пособие). М., РИОР, 2007. 174 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Есептеу жүйелерінің архитектурасы

Пәннің коды: EZhA 2204

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жүсіпбек Б.К., магистр, аға окытушы

Курстың мақсаты: есептеуіш техниканың қазіргі заманға сәйкес ақпараттарымен жабдықтарын пайдаланып жөндей алатын мамандар даярлау. Есептеуіш техниканың негіздерін оқу; Есептеуіш техника құралдарының құрылу принциптері және әртүрлі ЭЕМ кластарының негізгі ерекшеліктерін оқу; Бағдарламалық құралдармен компьютерді тексеру; Дербес компьютердің дамуының бағыттарымен танысу.

Деректемелері/Пререквизиттері: математиканы жақсы меңгеру қажет, графикалық файлдармен жұмыс істеу негіздерін білу керек.

Курстың/пәннің мазмұны: «Есептеу жүйелерінің архитектурасы» пәнi –мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес біліктілік пен білім алуды қамтамасыз етіп, дүниетану және жүйелі ойлау қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді. ЭЕМ даму кезеңдері. ЭЕМ-нің ішкі және сыртқы құрылғылары. Каналдық және шиналық системотехника. Микропроцессор және жады. Енгізу мен шығарудың базалық жүйелері. ЭЕМ сәулеті дамуыының қазіргі тенденциялары.

Қазіргі есептеуіш техниканың дамуы тенденциясы.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере под.редакцией И.В. Макаровой.-2-е издание. –М.:“Финансы ис статистика“, 1998 г.

  2. Т. Бродман. 3D StudioMax 4. –Санкт-Петербург, 2002 г.

  3. С.Симонович, Г. Евсеев, А. Алексеев. Специальная информатика. –М.:“Акт-пресс книга“, 2005г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: оқыту жүйесі бойынша бағалау өлшемдерін қолдана отырып баға қойлады

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қолданбалы программалық жабдықтау

Пәннің коды: KPZh 2204

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жүсіпбек Б.К., магистр, аға окытушы; Асанова Ж.С., оқытушы

Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың негізгі мақсаты – математика, графика және статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерін ұсынатын маңыздырақ қасиеттері мен мүмкіндіктерін оқып білу. Пәнді оқытудың міндеттері:

  • Берілген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып білу.

  • Ғылыми салада қолданбалы программалық ұқсас пакеттерінің міндеті туралы түсінік қалыптастыру;

  • Web-беттерді біріктіретін құрауыштардың негізгі түсініктері мен анықтамалары туралы түсініктерді қалптастыру;

  • Кәсіпқойлық қызметте қолданбалы программалаудың дағдысын пайдалана білуді қалыптастыру.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер міндетті:

  • Қолданбалы программалаудың графикалық пакеттерінің қасиеттер мен мүмкіндіктері туралы түсінігі болу.

  • Математика және статистика пакеттердің негіздерін білуге: Maple, Mathematica, MathLab, MathCad.

  • Қолданбалы программалар пакеттерін жалпы концепция бойынша бойынша құру және жүзеге асыру сұрақтарын білуге.

  • Тексттерді тани білу, үш өлшемді графикалар және анимация пакеттерімен (Fine Reader, 3D Studio және т.б.) жұмыс істеу практикалық дағдылар алу.

Деректемелері/Пререквизиттері: Матемаматикалық анализ, дискретті математика, информатика, программалау тілдері, жүйелі және қолданбалы программалау.

Курстың/пәннің мазмұны: Мультимедиа интерактивті технологиялары қозғалыссыз бейне, видеобейнелер, анимациялар, текстер және дыбыстық қатарларға жұмысты қамтамасыз ету. Коммерциялық графика. Коммерциялық графикалардың ақпараттық технологияда, таблицалық процессорларда, мәліметтер базаларында және екі немесе үш өлшемді графикті бөлек жергілікті файлдарда сақталатын ақпараттардың көрінуін қамтамасыз ету. Иллюстративті графика. Иллюстративті графиканың ақпаратты технологиялары әртүрлі тексті құжаттарға регулярлы түрде әртүрлі геометриялық фигуралар (векторлық графика) және де регулярлы емес құрылымдар – пайдаланушы суреті (растрлі графика) иллюстрациялар құруға мүмкіндік береді. Ғылыми графика. Ғылыми графиканың ақпаратты технологиялары картографиялар есептер мен химиялық, математикалық және де басқа да формулалары бар ғылыми есептерді өрнектеуге қызмет ұсынған.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Батырова Л.Т. . «MATHCAD – қолданбалы бағдарламалау пакеті» Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Тұран баспасы, 2008 ж; Түркістан;

  2. Аверин А. Стеклянные и металлическое поверхности. Москва. 2006

  3. Бондеренко С. Двораковская М. 3 d max. Москва. 2004

  4. Гашников С. 3 d studio Max. Москва. 2005

  5. Молочков В.П., Компьютерная графика для интернета. Самоучитель. – Спб.: Питер, 2004-368 с.: ил.

  6. В.П.Дьяконов Компьютерная математика. Теория и практика. М.:Нолидж,2001.1296c.

  7. Дьяконов В.П., Абраменкова И.В., MathCAD 8 PRO в математике, физике и Internet. М.,2000

Сабақ беру әдістері: демонстрация, баяндау, сөздік әдісі, тренинг, трек-сызбалар, көрнекілік

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Объектіге бағытталған программалау

Пәннің коды: OBP 2205

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы , таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Шамсиева Н.С. -аға оқытушы

Курстың мақсаты:

- программалау әдістерінің негізінде үлкен жүйелерді жасау әдістерін студенттерге үйрету;

- Модельдеуші алгоритмді қазіргі программалау тілдері арқылы ЭЕМ-де программаларды жүзеге асыру;

- нақты жүйені программалау әдісі мен формализация және алгоритмизация әдістерін үйрету;

Студенттерге алгоритмдік тілдерді, программалау әдістерін, ақпараттық жүйелер негіздерін оқыту;

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсіндіру.



Деректемелері/Пререквизиттері: Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін алгоритм және оның қасиеттерін, программалау тілдерін жақсы білу керек.

Курстың/пәннің мазмұны: Жоғарғы деңгейлі программалау тіздерінің негізгі конструкциялары. Берілгендер типі және операциялар. Структуралық программалаудың негізгі конструкциялары. Енгізу-шығаруды ұйымдарстыру, функциялар, айнымалылардың түрлері. Бағдарламаның құрылымы, нұсқаушылар және адрестік арифметика. UML тілі және программалау. Объектіге бағытталған бағдарламалудың жабдықтары: қасиеттері және принциптері, класстар, мұрагерлік, полиморфизм және оның орындалуы, функциялар және класстар шаблоны, құрал жабдықтық программалау жүйесін таңдау, олардың ерекшеліктерін зерттеу. Объектіге бағытталған анализ және жоспарлау методикасы. Бағдарламалық жабдықтардың өмір сүру циклі, UML тілі және объектіге бағытталған анализ, диаграммалардық түрлері, класстар диаграммалары, объектіге бағытталған анализ және жоспарлауда Rational Rose Case жабдығын қолдану.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ермеков Н.“Есептеуіш техника негіздері”,

  2. Камардинов О.“Visual Basic ортасында программалау“,

  3. Дінисламов Ж. “Visual Basic ортасы”

Сабақ беру әдістері: демонстрация, баяндау, сөздік әдісі, тренинг, трек-сызбалар, көрнекілік.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Деректер қоры және ақпаратық жүйелер

Пәннің коды: DKAZh 2205

Пәннің типі: Кәсіптендіру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жүсіпбек Б.К., магистр, аға оқытушы

Курстың мақсаты:.

Казіргі заманғы мәліметтер қорының теориялық негіздерін, мәліметтер қорын жасау және олармен жұмыс істеу принциптерін үйрену, студенттерді әртүрлі информациялық жүйелерде мәліметтер қорымен жұмыс істеуге қажетті біліммен қаруландырып, дағдыларын қалыптастыру болып табылады.



Деректемелері/Пререквизиттері: Информатика, Программалау

Курстың/пәннің мазмұны:

Мәліметтер қорының пайда болу және даму тарихы. Ақпараттық жүйелердің архитехтурасы. Ақпараттық жүйелердің классификациясы. Жергілікті ақпараттық жүйелер және компьютерлік желілердегі ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйедегі мәліметтер қоры. САSE - технология. Мәліметтер қорының модельдері: иерархиялық, желілік, постреляциялық, көпөлшемді. Мәліметтер қорын берудің деңгейлері: қолданушылық, концептуалдық және физикалық. Мәліметтер қорының физикалық және логикалық тәуелсіздігі. Мәліметтер қорын жобалау. Реляциялық модель. Атрибут (өріс, бағана). Кортеж (жазба, жол). Қатынас (кесте). Нормаль формалар. Алғашқы және сыртқы кілттер. Реляциялық алгебраның амалдары. Мәліметтер қорында ақпараттарды қорғау. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ). SQL тілі. Жоғары деңгейдегі программалау тілдерін пайдаланып мәліметтер қорын программалау.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Золотова С.И. Практикум по Access. Финансы и статисктика, Мосвква, 2000.

  2. Джулия Келли, Самоучитель Access 97. Питер. Санкт – Петербург, 2000.

  3. Робинсон С. Access 2000. Учебный курс.

  4. Глушаков С.В.,Ломотько Д.В. Базы данных. – Харковь: Фолио; М.:ООО «Издательство АСТ», 2002.

  5. Хомоненко А.Д., Цыганков В. М., Мальцев М.Г. Базы данных. Учебник для высших учебных заведений/ Под ред.проф. А.Д. Хомоненко. – Санкт –Претербург: «КОРОНА принт», 2000.

  6. Глушаков С.В., Ломотько Д.В. Базы данных.–Харков:Фолио; М.:ООО«Издательство АСТ», 2002.

  7. Джеймс Р. Грофф, Пол Н. Вайнберг SQL – полное руководство, 2000.

  8. Архангельский А.Я., «Язык SQL в Delphi5». – Москва, Издательсьво «Бином», 2000.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Перифериялық құрылғылар

Пәннің коды: PK 2206

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жәкіш А.Н.- информатика магистрі

Курстың мақсаты: студенттерге перифериялық құрылғыларының түрлері және қосылуын, физикалық жұмыс істеу принциптерін және техникалық сипаттамаларын көрсету, қажетті перифериялық құрылғыларын таңдау.

Деректемелері/Пререквизиттері: Информатика, Есептеу жүйесінің архитектурасы.

Курстың/пәннің мазмұны: Есептеу жүйесінде енгізу-шығару құрылғыларының орны. Интерфейс ұғымы. Перифериялық құрылғыларының негізгі басқару принциптері. Перифериялық құрылғылар және басқа ЭЕМ түйіншектерімен ақпарат алмасу жолдары. Перифериялық құрылғыларының контроллері, негізгі фукциялары және техникалық мүмкіндіктері. Енгізу-шығару интерфейстерінің класификациясы, негізгі параметрлері және техникалық сипаттамасы. ISA, EISA, PCI, SCSI, VLB системалық интерфейстері. Centronics, RS-232C, RS-423, RS-432 байланыс интерфейстері. Дисплейлердің негізгі жұмыс істеу принциптері. Дисплейлік процессорлар. Баспа құрылғыларының түрлері, класификациясы, жұмыс істеу принциптері. Кодтық планшеттер. Графикалық ақпаратты енгізу әдістері. Есептеу жүйесінің байланыс құрылғылары. Сыртқы есте сақтау құрылғылары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Ларионов А.М., Горнец М.М. Периферийные устройства в вычислительных системах. Учебное пособие для ВУЗов.-М.: Высшая школа, 1991ж

  2. В.Б. Бродин, И.И. Шагурин. Микропроцессор i486. Архитектура, программирование, интерфейс. -М.: "Диалог-МИФИ", 1993, -240с.

  3. Иванов Е.Л.,Степанов И.М.,Хомяков К.С. Периферийные устройства ЭВМ и систем. Учебное пособие для ВУЗов.-М.: Высшая школа, 1987.

  4. Савета Н.Н. Периферийные устройства ЭВМ. -М.: Машиностроение, 1987.

  5. Мюллер С. Модернизация и ремонт персональных компьютеров. - М.: Бином, 1997.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Символдық математика

Пәннің коды: SM 2206

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Алибаева Н.Е., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың негізгі мақсаты- студенттерді мәтіндік, формулалық және графиктік редактор ретінде де қолдануға болатын қуатты есептеуіш жүйе- Maple программасымен таныстыру.

Деректемелері/пререквизиттерi: алгебра, математикалық талдау, дискретті математика, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика, программалау тілдері, сандық әдістер, тиімділік әдістері, операцияны зерттеу.

Курстың/пәннің мазмұны: Maple жан-жақты ойластырылып жасалған компьютерлік математика жүйесі. Ол математикалық және соған жақын барлық пәндердің жай есептеулерінен бастап күрделі есептеулеріне дейін шеше алады. Физикалық құбылыстардың математикалық моделін жасайды. Көркем графика салады. Тек символды есептеулерді ғана емес сандық есептеулерді де жүргізеді және оны графиктік түрдегі көркем кескінін салады

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Аладьев В.З. Основы программирования в MAPLE. Таллин, 2006

  2. Дьяконов В.П. MAPLE 9 в математике, физике и образовании

  3. Сдвижков О.А. Математика на компьютере: MAPLE 8

  4. Дьяконов В.П. компьютерная математика. Теория и практика. Нолидж.2000

  5. Матросов А. MAPLE 6. Решение задач высшей математики и механики.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Оқытудағы инновациялық әдістер мен технологиялар

Пәннің коды: OIAT 2207

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші : Жәкіш А.Н., информатика магистрі

Курстың мақсаты: Курсты оқыту мақсаты студенттерге компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады. Информатиканың фундаментальды ұғымдары: ақпараттың жаңа технологияларымен танысу, оның негізі туралы түсінік қалыптастыру және машықтандыру. Ақпараттық технологиялар, қасиеттері, түрлері және т.с.с. тараулардың фундаментальді ұғымдарымен танысу; Жаңа ақпараттық технологияның білім беруде қолданылуының тиімділігін бағалау; Жаңа ақпараттық технологияларды үйрену методологиясын меңгеру; Студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру; Қазiргi заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкiндiктерiн ашып көрсету және олардың даму перспективасын түсiндiру; Интерактивті тақтамен жұмыс істеуді меңгеру; Мультимедиа арқылы компьютерлік графикамен, суреттермен, бейнеақпараттармен және т.с.с. жұмыс істеуді үйрену.

Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатиканы жақсы меңгеру қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Модульдік оқытудың құрылымы. Оқу модулінің кіріспе бөлімі. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі. Оқу модулінің қорытынды бөлімі. Оқу модульдерін әзірлеуге ұсыныстар. Оқу модулін даярлау технологиясы. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру. Тестілер және оны құруға ұсыныстар. Ауызша бақылау түрі. «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны. Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары. Жеке-топтық формасы. Өзара оқыту сабағы. Қашықтан оқытудың техникалық жүйелері, техникалық құралдары, стандарттары. Инновациялық технологиядағы нәтижеге бағытталған әдістер жүйесі. «Компьютер әлеміне саяхат». Информатика пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру тәсілдері. HTML тілін үйренуге арналған тапсырмалар. Delphi – де программалау элементтері. Paint графикалық редакторы бойынша сабақ өткізу үлгісі

Ұсынылатын әдебиет:

    1. В.С.Аванесов «Форма тестовых заданий» Москва, 2006 г

    2. «Информатика негіздері» журналы №4 2003ж, №3 2005ж, №2 2005ж, №6 2006ж, №3 2003ж, №2 2004 ж

    3. Кларин М.В. Игра в учебном процессе // Советская педагогика.-1985.-№6

    4. Компьютер для студентов. Самоучитель, под редакцией В.Б.Комягина. Можайск:Триумф, 2002г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Электрондық оқыту негіздері

Пәннің коды: EOT 2207

Пәннің типі: Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Үсенов С.С., педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: Студенттердің инфокоммуникациялық мәдениетін қалыптастыру, олардың терең білімге қол жеткізуін, кәсіби деңгейлерін әлемдегі басқа әріптестерімен қатынаса отырып өсіру, бәсекелестікті жоғарылату. Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.

Деректемелері/Пререквизиттері: Компьютерлiк желiлер, Интернет және мультимедиалық технологиялар

Курстың/пәннің мазмұны: Жоғарғы оқу орындарында электрондық оқытуды ұйымдастыру пән ретінде. Пайдалану саласы. Нормативтік сілтемелер. Жалпы ережелері. Электронды оқытудың субьектілері. ҚР жоғарғы оқу орындарында электронды оқытуды жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар. Электронды оқытудың телекоммуникациялық қамтамасыз етілуі. Электронды оқытуды контентті қамтамасыз ету талаптары. Жоғарғы оқу орнының инфрақұрылымы. Электронды оқыту жүйесін кадрлармен қамтамассыз ету талаптары. Электронды оқыту барысындағы академиялық еркінділік.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының президенті Н:Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» 28.01.2011ж.

  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарты СТ РК 1091-2002 «Программалық құжаттардың бірыңғай жүйесі, терминдер мен анықтамалар».

  4. Қазақстан Республикасының «ақпараттандыру» туралы заңы. 11 қаңтар 2007жыл. №217-3.

  5. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы (Астана, Ақорда 18 ақпан 2011ж).

  6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарты (МС ҚР 34.016-2004). Қашықтан оқытудың техникалық және программалық құралдары. Жалпы талаптар. (ГОСО РК 5.03.004-2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет