«Физика» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 7-сынып



бет8/9
Дата01.09.2022
өлшемі1.24 Mb.
#460122
1   2   3   4   5   6   7   8   9
!22-ОШ ТЖБ Физика 7-сын қаз

Барлығы:







8







40

20

20

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі


«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Көлбеу жазықтық күштен 3 есе ұтыс береді. Осы көлбеу жазықтық қашықтықта


A) 3 есе ұтылыс береді
B) 3 есе ұтыс береді
C) ұтыс та, ұтылыс да бермейді
D) ұтыс пен ұтылыс қозғалыс жылдамдығына тәуелді
[1]
2. Әлемнің геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерінің центрінде қандай денелер орналасқан?

  1. Жер, Жер;

  2. Жер, Күн;

  3. Күн, Жер;

  4. Күн, Күн.

[1]
3. Төмендегі диаграммада көлбеу жазықтықтағы Жердің орналасуы және Күннің орны келтірілген.

Диаграммада С нүктесінде қандай маусым көрсетілген?





  1. жаз

  2. күз

  3. қыс

  4. көктем

[1]

4. Суретте желбіршектің (бадминтонға арналған қауырсынды не жиекшелі кішкене шар) потенциалдық энергиясы максималды және минималды болатын нүктелерді белгілеңіз.



[2]

5. Қатты қағазды қайшымен кеседі. Қайшының осінен қағазға дейінгі қашықтық 2 см, ал қайшы ұшынан күш түсіру нүктесіне дейін 16 см. Қайшыны 200 Н күшпен қысса, қайшы қағазға қандай күшпен әсер етеді?


[3]
6. Жыл мезгілдерінің ауысуының екі себебін жазыңыз.
[2]
7. Массасы 0,4 кг допты вертикаль жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырады. Ауаның кедергісі ескерілмейді. g = 10 Н/кг.

  1. Лақтыру уақытындағы доптың кинетикалық энергиясын анықтаңыз.

[2]



  1. Механикалық энергияның сақталу заңының формуласын жазыңыз.

[1]



  1. Доптың ұшу траекторияның жоғарғы нүктесіндегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

[1]



  1. Доптың көтерілу биіктігін анықтаңыз.

[2]

8. Тәжірибе нәтижесінде оқушы кестеде көрсетілген мәліметтерді алды.





h, см

l, см

Fауырлық, Н

Fтарту, Н

Aпайдалы, Дж

Aжасалған, Дж

ПӘК, %

20

50

3

2













  1. Механикалық жұмыстың формуласын жазыңыз.

[1]

b) Тәжірибе нәтижесінде алыңған мәліметтерді пайдаланып денені h биіктікке көтеруге жұмсалған пайдалы жұмысты.


[1]

c) Көлбеу жазықтықпен қозғалған кездегі жасалған жұмысты есептеңіз.


[1]

d) Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтаңыз.


[1]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет