компенсациялап тұрады. Ал гравитациялық күштер тек
тартылыс күштері болып табылады.
Электромагниттік
өрістің "бөлшектері"-фотондар-сәуле шығарушы денеден
жарық порциясы немесе радиотолқын (дәлірек айтсақ-өріс
энергиясынъң порциясы) ретінде өз еркімен қозғалып жүре
алады.
Қазіргі
кванттық
механикаға
сай
кез-келген
бөлшекке толқын немесе толқынның үзілісі сәйкес келеді.
Тағы да әрбір бөлшекке өзінің өрісі сәйкестендіріледі.
Мұндай мағынада бөлшектер мен өрістің табиғаты бір
екенін көруге болады. Алайда екеуі бір-біріне келтірілмейді;
кезінде бөлшекті өрістің бөлігі деп көрсетпекші де болған.
Қазіргі
кезде бұлар корпускулалык, және толқындық
аспектілердің бірлігі деп қарастырылады. Өте тереңгі
деңгейде қарастырғанда микрообъектілер бөлшектер де,
толқындар да емес.
Тірі ағзаға электр және магнит өрістерінің әсері ЯМР
және ЭПР құбылыстарды медициналық зерттеулерде
қолдану.
Электрлік зарядталған денелердің қасиеттері адамзатқа
қазіргі кезден 2,5 мың жылдай бұрын белгілі болған.
Зарядтардың оң және теріс деп, шартты түрде, аталынған
екі түрлі болатындығы мәлім. Дененің аттас зарядтары бір-
бірінен тебіледі, ал әр аттас зарядтар-тартылады. Олардың
өзара әсерлесу күші Кулон заңымен сипатталады, яғни ол
зарядтардың
шамаларының
көбейтіндісіне
тура
пропорционал және олардың өзара арақашықгығыньң
квадратына кері пропорционал болады. Барлык, зарядтар
шамасы е~1,6*10 К кулонга тең минимал элементар
зарядқа еселенеді. Дәл осындай заряд теріс зарядталған
электронда болады және де барлық басқа зарядталған
элементар бөлшектерде: оң протондар мен позитрондар
да,оң және теріс мезондарда болады (қос элементар
зарядтары болатын кейбір резонан бөлшектерден басқа).
Бірақ та осы күнге дейін электрон зарядының
табиғаты және зарядтың бір таңбасының
екіншісінен айырмашылық
мәні түсініксіз.
Зарядтың
квантталу себебі түсініксіз-не
себепті барлық зарядтар элементар зарядқа
еселенген, неге оның шамасы келтірілген
мәнге тең. Осының бәрі физиканың әлі де
болса ашылмаған үлкен сырларьньң бірі
болып табылады. Дегенмен де, бір қызығы,
зарядталған
денелердің
қозғалысы,
әсерлесулері толығымен мұқият зерттелінген
және алдын-ала болжауға да болады.
|