басқан монокристалды өсіру техникасын жиі
қолданады. Осындай монокристалды өсіру
жолы болмаса, бірге тұнбалау арқылы алынған
парамагнитті
иондары
бар
ұнтақтарды
пайдаланады. Қатырылған ерітінділер әдетте
шыны түрінде алынады, ол үшін сай келетін
еріткіштерді немесе олардың қоспаларын
таңдайды.
Кері есептерді шешу үшін ең алдымен спектрдің келесі
параметрлері пайдаланылады:
1.Сигналдардың (мультиплеттердің)
орталықтарынан анықталататын ЯМР
сигналдарының химиялық ығысулары;
2.Әрекеттесуші ядролардың санымен және
олардың спиндерімен байланысты
мультиплеттіктері;
3.Ядролардың спин-спинді әрекеттесу
тұрақтылары;
4.Мультиплеттердегі интенсивтіктердің
таралуы;
5.Сигналдардың интегралдық интенсивтіктері.
Молекулалардың құрылымын анықтаудан басқа,
ЯМР спектрлеріндегі сызықтардың интенсивтіктері
сандық талдау жасау үшін пайдаланылуы да
мүмкін.
Оверхаузердің
ядролық
эффектісімен
байланысты, ЯМР-дің фурье- спектроскопиясында
сигналдың интегралдық интенсивтілігі ядролардың
санына
әрқашанда
пропорционалды
бола
бермейді. Стационарлі ЯМР-әдісі үшін мұндай
шектеу жоқ, және де фундаменталды ереже жұмыс
істейді - бір ядроға келтірілген белгілі изотоптың
ядроларының барлық топтарының розонанасты
сигналдарының суммалық интенсивтіктерінің үлесі -
тұрақты шама. Демек, сигналдардың интегралдық
Достарыңызбен бөлісу: |