Магнит өрісінің тәжірибе жүзінде тағайындалған
негізгі қасиеттері мыналар:
1. магнит өрісін электр тогы (қозғалысқа түскен
зарядтар) тудырады;
2. магнит өрісі электр тогына (қозғалысқа түскен
зарядтарға) тигізетін әсерден барып байқалады.
Магнит өрісі, электр өрісі сияқты, бізге тәуелсіз, біздің
ол туралы білуімізге тәуелсіз нақтылы бар екендігі
ақиқат.
Магнит өрісіндегі тогы бар тұйықталған контур.
Магнит өрісін зерттеу үшін, еңтәуірі өлшемдері
шағын (магнит өрісі елеулі өзгеретіндей ара
қашықтықтармен салыстырғанда) тұйық контур алу.
Магнит өрісін тек
электр тогы ғана емес, тұрақты
магниттердің де тудыратыны белгілі.