72. Тұран жазығының жер бедері:Торғай үстірті, Арал маңы Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала
Солтүстік Қазақ жазығы
73. Солтүстік Қазақ жазығының Қазақстанға енетін бөлігі: Қазақстанның солтүстігін алып жатыр
74. Солтүстік Қазақ жазығының пайдалы қазбалары: темір, көмір, никель
75. Солтүстік Қазақ жазығының климаты: континентті, жылына 350 мм жауын-шашын түседі
76. Солтүстік Қазақ жазығының өзендері, көлдері: Ертіс, Есіл, Тобыл.
Көлдері: Құсмұрын, Шағалалы, Теңіз
77. Солтүстік Қазақ жазығының табиғат зоналары: орманды дала, дала
78. Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері: Есілдің жазық орманды даласы, Ертіс-Құлынды жазығы, Есіл-Ертіс даласы, Есіл-Ертіс
даласындағы көлдердің ірісі – Шағалалытеңіз
Сарыарқа
79. Сарыарқаның Қазақстанға енетін бөлігі:Қазақстанның орталық бөлігін алып жатыр
80. Сарыарқаның пайдалы қазбалары: көмір, мыс, темір, марганец
81. Сарыарқаның климаты: континентті, жылына 200-300 мм жауын-шашын түседі
82. Сарыарқаның өзендері, көлдері: Есіл, Нұра, Сарысу
83. Сарыарқаның табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл
84. Сарыарқаның жер бедері: Қазақтың ұсақ шоқысы, Теңіз-Қорғалжын қазаншұңқыры
Орал
85. Оралдың Қазақстанға енетін бөлігі: Орал тауының Қазақстанға оңтүстік бөлігі – Мұғалжар енеді.
86. Оралдың пайдалы қазбалары: хром, никель, көмір, кобальт, мыс
87. Оралдың климаты: континентті, жылына 300 мм жауын-шашын түседі
88. Оралдың өзендері, көлдері: Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл
89. Оралдың табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл
90. Оралдың жер бедері:Мұғалжар тауы, Біршоғыр ойысы
91. Мұғалжар тауы орналасқан: дала зонасында
Достарыңызбен бөлісу: |