Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
Білу:
- бастапқы физикалық ұғымдарды;
- сәйкес бөлімдердегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды;
- физикалық шамалардың өлшем бірліктерін;
- физикалық құбылыстарды.
Түсіну:
- шамалардың физикалық мағынасын, сәйкес бөлімдердің негізгі терминдері мен заңдарын;
- физикалық құбылыстардың маңыздылығын.
|
Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
|
Қолдану
|
Қолдану:
- процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді;
- қолданбалы және оқу тапсырмаларын орындау, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын;
- нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді;
- өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
- алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге.
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжәне/немесе толық жауапты (ТЖ) қажет
ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
|
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау)
|
Талдау:
- эксперимент нәтижесінде алынған деректерді,
- графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты.
Жинақтау:
- кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;
- гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді;
- эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын.
Бағалау:
- жасалған эксперименттің нәтижелерін.
|
Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады.
|