Фонетика (гр. Phone- дыбыс, phonetikos- дыбыстық ) – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының



бет11/12
Дата29.05.2022
өлшемі0.54 Mb.
#458762
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қазақ тілі оқыту әдістемесі

Дайын әңгіме бойынша




Диафильм не

мазмұндама

Сурет бойынша мазмұндама

бейнефильм бойынша

Алдын ала дайындалған әңгіме

Мазмұндаманың бұл түрінде дайын

мазмұндама

бойынша жаздырылады. Көлемі

мәтінге қосымша сол оқиға желісін

Баланың көру, есту

шағын болады, мазмұны жеңіл

ашатын сурет пайдаланылады.

сезімдеріне әсер ету мақсат

әңгімелер арқылы жүргізіледі.




етіледі

Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда, шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс. Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы, мазмұнының, мәтін құрылысы мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет.


Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, үйретушілік сипаттағы шығарма мен мазмұндама үшін «қанағаттанарлықсыз» баға қойылмайды, «қанағаттанарлықсыз» баға тек 4-сыныптың бірінші жартыжылдығы соңында бақылау мақсатындағы шығарма үшін және оқу жылының соңында бақылау мақсатындағы мазмұндама үшін қойылады. 3-cыныпта мазмұндама, шығарманы тексергенде 1 баға, 4-сыныпта мазмұндама мен шығармаға екі баға (мазмұнына және сауаттылығына) қойылады.
«5» деген баға автордың мәтіні (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және сөздерді қолдануда, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құруда кемшіліктер жоқ болса; сондай-ақ орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе қойылады.
«4» деген баға жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қате,1-2 түзету болған жағдайда қойылады.
«3» деген баға мәтін мазмұнында ауытқушылықтар бар (мазмұндама), тақырыптан біршама алшақтаған (шығарма), ойдың баяндау бірізділігі бұзылған жағдайда, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер болғанда, сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;
«2» деген баға қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан айтарлықтай алшақтаған, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, бөлімдер арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, 6-дан артық қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушыларға (3, 4-сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек. Жазба жұмысына қойылатын талаптар:



Сынып




Жазылым




Мазмұндама мәтін көлемі




Шығарма

2-сынып

40-60 сөз




25-35 сөз

3-сынып

60-80 сөз




35-55 сөз

4-сынып

80-100 сөз




55-70 сөз

Эссе француз тілінен "essai",ағылшын тілінен"essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Эссе – бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы. Эссенің мақсаты – өз ойын жазбаша түрде жеткізу, өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Эссе жазу оқушыны өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп-салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйренуге баулиды. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап немесе тақырыпты ашу. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысып, сөз тіркестері мен фразалар іріктелген, нақты болуы қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс, бұл орындаушының өзіндік ойын бағдарлататын жұмыс, сондықтан цитатаның аз болғаны да дұрыс. Эссенің жазылу жоспары: Кіріспе (эссенің 30% көлемі); Негізгі бөлім (эссенің 60% көлемі); Қорытынды (эссенің 10 % көлемі); 8.17- сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет