Қарғы бау тәрізді тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ бау, аяқ бау, т. б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады. Алайда мұның соңғы екі мағынасы тұрақты тіркес екендігін, оның ішінде фразеологиялық тұтастықка жататындығын бірден танытады. Сол сияқты мойнына мініп алды деген фразаның да екі мағынасы бар: 1) басынды, иыктады; 2) біреудің арқасында күн көрді, масыл болды.
Фразеологиялық соңғы мағына алғашқы заттық мағынадан келіп шыккандығына қарамастан, фразеологиялық тіркестін қай түріне жатқызуға келгенде кереғар пікірлер болуы мүмкін. Мұндагы негізгі басты себеп — тұрақты тіркесгің мағыналарының» тым көнеленіп, ескіре, күнгірттене бастауымен тығыз байланыс- ты. Демек, тұрақты тіркестін мағына тұтастығы кейде кім қалай түсінумен байланысты шешіледі.
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқ-ты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шықкан. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық: мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөзбен фразеологиялық калпында, сөздің тіркесуінен жасалып, сол қалпын-да, тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек,. асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауыр-сақ мұрын, ала қол, кара бет, жел аяк, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мұрт, алтын айдар, жуан жұдырық, қош жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке,-жез таңдай, қызыл тіл, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бір төбе, зор кеуде. шер көкірек, аршын төс, көк жұлын, жүйке тамыр, еркек кіндік, салқын қанды, т. б.
Фразеологиялық тізбектің құрамындагы ерікгі (тура) мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілегі болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп колданылады. Мәселен. көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің кұрамындағы бет(жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (үлкен жол, кара жол, сокпак жол) деген қыруар сөздермен тіркесіп қолдана берсе, фразеологиялы; мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз қысыр сөзімен, жол қасқа сөзімен ғана тіркеседі,
Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып, сезіліп, , тұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жегкісіз, көзін тырнап аш қалы, көзі тірісінде, көз шалым жер, көз барда, көзімдсй көр, көзі жоғалды, көзі ілінді, көзі жетті, т. б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шецбері шектеулі болады,
Достарыңызбен бөлісу: |