salystyrma.py
massa1 = ‘obraz’;
if massa1 != ‘auto’
print (“auto”)
Мұндағы салыстырудың нәтижесінде теңдік орындалса, онда True шығарылады және if командасынан кейінгі код орындалады. Егер теңдік орындалмаса, онда print орындалады.
Мысал 3. Машиналардың белгілі бір тізімі берілсін делік. Осылардың ішінен біреуін таңдап, экранға шығару керек болсын. Оны келесі операторлардың көмегімен орындаға болады:
cars.py
cars=[“audi”, “bmw”, “subaru”, “toyota”]
for car in cars:
if car==”bmw”:
print(car.upper())
else:
print(car.title())
Мұнда for циклы алдымен “bmw” деген мағынаның бар екендігін тексереді. Егер тексеру оң нәтиже берсе, онда жоғарғы регистрде шығарылады. Егер car “bmw”-дан басқа мән қабылдаса, онда келесі мәндер шығарылады:
Audi
Bmw
Subaru
Toyota
Енді осында пайдаланылған негізгі конструкциялар қарастырылсын. Шарттарды тексеруде қолданылатын if командасының бірнеше түрлері қолданыста.
20. Қарапайым if командалары. Қарапайым команда if бір шарт пен бір амалдан тұрады:
if шарт
амал
Мысал 4. Берілген айнымалы шама бір заттың құны 2000 теңге болсын, ал студенттің қалтасындағы ақшаның мөлшері carman деп есептелінсін. Келесі код студенттің осы затты сатып алатын мүмкіншілігін көрсетеді:
sauda.py
carman = 3000
if carman >= 2000:
print (“student zatyp alady“)
30. if-else командасы if командасына ұқсас, бірақ else берілген шарт орындалмағанда бір немесе бірнеше амалдың орындалуын анықтайды. Мысал ретінде практикада жиі кездесетін есептердің бірі қарастырылсын.
Мысал 5. Квадрат теңдеуді шешу. Берілгені келесі квадрат теңдеу:
+
Бұл теңдеуді шешудің алгоритмін келесі түрде сипаттауға болады:
1. Теңдеудің коэффициенттерін жадқа енгізу.
2. Дискриминанттың мәнін есептеу .
3. Егер дискриминант нольден үлкен болса , онда теңдеудің екі нақты шешімі болады: және Керісінші жағдайда теңдеудің нақты шешімі болмайды. Егер болса, онда теңдеудің шешімдері бірдей болады немесе
4. Есептің шешімін шығару.
Есепті шешудің программасын келесі түрде жазуға болады:
import math
a=5
b=10
c=3
d=b*b-4*a*c
print("d=",d)
if d>=0:
u=math.sqrt(d)
print("u=",u)
x1=(-b+u)/(2*a)
x2=(-b-u)/(2*a)
print("x1=",x1,"x2=",x2)
else:
print("jauap joch")
=== RESTART: C:\Users\User\AppData\Local\Programs\Python\Python310\urav21.py ===
d= 40
u= 6.324555320336759
x1= -0.3675444679663241 x2= -1.632455532033676
40. if-elif-else тізбек командасы. Программада кейде екіден көп түрлі жағдайды тексеру қажет болады. Барлық шарттар тексеріліп, шындық нәтиже анықталғанша орындалады. Осыдан кейін орындалған шарттан кейінгі код орындалады. Ал қалғандары қарастырылмайды.
50. Бірнеше шартты тексеру керек болса, онде and және or кілттік сөздерді пайдалануға болады.
Мысал 6.
>>> age_0 = 22
>>> age_1 = 18
>>> age_0>=21 and age_1 >=21
False
>>> age_1 = 22
>>>age_0>=21 and age_1>= 21
True
Мысал 7.
>>> age_0 =22
>>> age_1 = 18
>>> age_0>=21 or age_1>=21
True
<<< age_0=18
>>> age_0>=21 or age_1>=21
False
Қорытынды. Программалауда тармақталған алгоритмдер жиі кездесетін әрі белгілі бір қиындықтар туғызатын болады. Тармақталған алгоритмдер бойынша программа құрастыруды жақсы деңгейде игеру есептерді шешуде үлкен көмекші болатыны белгілі. Дәрісте тармақталған алгоритмдер мен олардың программаларын құрастыруға қажетті инструменттер қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |