Ғумарбек даукеев атындағы алматы


ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕР МЕН ПРОГРАММАЛАР



бет9/20
Дата22.11.2023
өлшемі199.61 Kb.
#484021
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
ABNMethod2023

ТАРМАҚТАЛҒАН АЛГОРИТМДЕР МЕН ПРОГРАММАЛАР


Жұмыстың мақсаты: Алгоритмнің қарапайым түрлерінің бірі – тармақталған алгоритмдерді талдау мен оның негізінде программалар құрастыруға машықтану.
Әдістемелік нұсқаулар. Егер есепті шешу процесінде амалдардың орындалуының бірнеше тізбектерінің ішінен берілген шарт бойынша тізбек таңдалынатын болса, ондай алгоритм тармақталған деп аталады. Алгоритмнің әрбір есептеу бағыты оның тармағы немесе бұтағы деп аталынады.
If командасы. Алгоритмде берілген шартты тексеру үшін if командасы қолданылады. if командасы программаның ағымдағы жағдайын тексеріп, оның нәтижесіне байланысты орындалатын есептеу бағытын таңдайды. Әрбір if командасында белгілі бір өрнек түріндегі шарт болуы тиіс; оның нәтижесінде екі түрлі логикалық мәннің бірі орындалады: true (шындық) және false (жалған). Қарапайым тармақталған алгоритмнің блок-схемасын келесі түрде бейнелеуге болады:



Енгізу операциясы





Операциялар






шарт



иә иә жоқ

Операциялар



Операциялар




Шығару операциясы

Шартты тексеру үшін if командасы қолданылады. if командасы программаның ағымдағы жағдайын тексеріп, оның нәтижесіне байланысты осыдан кейін орындалатын амалдарды таңдайды.


10. If командасы. Әрбір if командасында белгілі бір өрнек болуы тиіс; оның орындалуының нәтижесінде екі түрлі логикалық мән болады: true (шындық) және false (жалған). Мұндай өрнекті берілген шарт деп атайды.
Егер шарт нәтижесі true болса, онда if командасынан кейін жазылған код орындалады, керісінше жағдайда немесе false болса, онда ол код орындалмайды.
Мысал 1. Берілген шарт теңдіктің орындалуын тексереді:
>>> car = ‘volga’
>>> car ==’volga’
True
Бірінші жолдағы амал car айнымалысы volga деген мәнді қабылдаса немесе теңдік (теңдік белгісі =) орындалса, ал екінші жолда оның мәнінің шын екендігі тексерілді. Мұндағы қос теңдеу (==) теңдікті тексеру амалы.
Ескеретін жағдай, Python тілінде кіші әріп пен бас әріп бірдей емес деп саналады. Егер екі мәннің бірдей еместігін тексеру үшін келесі таңбаны != қолдану керек.
Мысал 2. Екі түрлі мән салыстырылсын делік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет