Өзбетімен орындауға арналған тапсырмалар:
№1. Бірге оқитын студент достарыңыздың атттарын тізімге енгізіңіз. Оларға келесі амалдарды орындаңыз:
- тізімнен ұлдарды шығарып, олардың аттарынан жаңа тізім ұйымдастырыңыз;
- аттары «А» әрпінен басталатын студенттердің жеке тобын құрастырыңыз.
№2. Тізімдегі студенттердің әрқайсысын аттарын шақырып, емтихан билетін беріңіз. Емтихан билеті номерімен анықталады.
№3. Абайдың өзіңізге таныс нақыл сөзін келтіріп, экранға шығарыңыз. Ол мәтінде Абай айтқан деген сөздермен қатар тырнақша ішінде орналасқан оның айтқан нақыл сөздері келтірілсін.
№4. Өзіңіздің қысқы емтихандарда әрбір пәннен алған бағаларыңыздың тізімін шығарыңыз.
№5. Сан тізімдерін құрастыру. Бірден (1) он екіге (12) дейінгі бүтін сандардың кавдраттарының тізімін экранға шығарыңыз.
№6. Құрамы бос тізім берілсін. Ол тізімге бестен (5) он беске (15) дейінгі бүтін сандардың кубтары біртіндеп енгізілсін. Құрастырылған тізімді экранға шығарыңыз.
№7. Құрамы бос тізім берілсін. Ол тізімге үштен (3) елуге (50) дейінгі бүтін сандардың үшке (3) қалдықсыз бөлінетіндерін енгізіңіз. Құрастырылған тізімді экранға шығарыңыз.
№8. Келесі тізім құрастырылсын: мұнда өзіңіздің оқу тобыңыздағы достарыңыздың аты-жөні, математика мен ағылшын тілі пәндерінен емтиханда алған бағалары көрсетілсін. Әрбір студент туралы мәліметтер біртіндеп енгізілсін. Нәтижесін экранға шығарыңыз.
№9. Алдыңғы тапсырмада (№8) құрастырылған тізімнен төмен баға алған (<50) студеттерді тізімнен шығарыңыз.
Бақылау сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Тізімнің құрамы қандай элементтерден тұрады?
2. Программашы үшін тізімнің пайдасын қалай түсінесіз?
3. Тізімдегі элементтерді қандай белгі арқылы табуға болады?
4. Егер индекске теріс сан (-1) ретінде берілсе, онда ол тізімнің қандай элементін көрсетеді?
5. Тізімнен элементтерді шығарып тастау үшін қандай әдістер қолданылады?
6. Тізімнің соңына жаңа элемент енгізу үшін қандай амал қолданылады?
7. Тізімдегі екі элементтің орындарын қалай ауыстыруға болады?
8. remove() әдісі не үшін пайдаланылады?
9. whitespace термин неін білдіреді?
10. format() не үшін қолданылады?
Зертханалық жұмыс №3.
Достарыңызбен бөлісу: |