Ғумарбек даукеев атындағы алматы



бет4/20
Дата22.11.2023
өлшемі199.61 Kb.
#484021
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ABNMethod2023

Зертханалық жұмыс №2.
ТІЗІМДЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ


Жұмыстың мақсаты: Программа құрастыруда деректер құрылымының негізгі түрі – тізімді пайдалану; тізімді сипаттау және оған қолданылатын амалдарды пайдаланатын есептерді шешуге машықтану.


Әдістемелік нұсқаулар. Программа құрастыру процесінде қолдануға пайдалы тізімдер программашылар үшін аса маңызды болғандықтан олар туралы және оларға қолданылатын амалдарды студенттердің білуі қажет. Тізімдерге қолданылатын амалдар көптеген маңызды концепцияларды біріктіреді.
Тізім дегеніміз белгілі тәртіппен орналасқан элементтердің жиыны ретінде қарастырылады. Тізімге кез келген ақпаратты орналастыруға және ондағы элементтер бір бірімен байланыста болмаған жағдайда да қолдануға болады. Тізімдегі элементтердің көп болуы мүмкін, сондықтан көбінесе олардың аттары көпшілік түрде болады; мысалы, letters, digits, names және тағы басқалар.
Python тілінде тізім квадрат жақшамен [ ] бейнеленеді, ал жеке элементтері бір бірінен үтір арқылы бөлінеді.
Қарапайым мысал ретінде аптаның жұмыс күндерінің тізімі қарастырылсын:
apta.py
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
Бұл фрагменттің орындалу нәтижесі келесі:
[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
Тізімнің элементтерінің кез келгенін қарастыру үшін оның номерін (индексін) көрсету керек. Ескеретін жағдай - тізімдегі бірінші элементтің индексі ноль деп саналады.
Алғашқы жаттығулар. Тізімнің элементтер құрамын өзгерту үшін қолданылатын амалдар қарастырылсын. Әрбір фрагменттің орындалуының нәтижесін көрсетіңіз.
10. Тізімдегі элементті өзгерту үшін келесі амалдарды орындауға болады; мысалы жұманың орнына сенбі енгізілетін болсын. Онда келесі фрагментті пайдалануға болады:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
apta [4] =’senbi’
print(apta)
20. Тізімнің соңына жаңа элемент қосу үшін келесі фрагмент қолданылады:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
apta.append (‘senbi’)
print(apta)
30. Тізімге жаңа элементті кез келген орынға енгізу үшін insert() әдісін қолдануға болады. Мұнда элементтің индексі мен мәні көрсетілуі тиіс. Мысал ретінде келесі фрагмент қарастырылсын:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
apta.insert(0,’jeksenbi’)
print(apta)
40. Индексі белгілі элементті тізімнен шығарып тастау үшін del командасын пайдалануға болады:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
del apta[4]
print(apta)
50. Тізімдегі белгілі бір элементті мәні бойынша тізімнен шығару үшін remove() әдісін пайдалануға болады:
apta=[‘duysenbi’,’seisenbi’, ‘sarsenbi’, ‘beisenbi’, ‘juma’]
print(apta)
apta.remove(’seisenbi’)
print(apta)
60. Жолдарда ашық жер (пробел) қалдыру мен кесте құрастыру. Программалауда ашық жер қалдыруды, кесте құрастыруды және жолдың соңының таңбасын whitespace деп атайды. Олардың көмегімен мәтіннің құрылымы оқуға ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді.
6.1 Мәтінге кестенің шегерілу орнын белгілеу үшін келесі таңба \t қолданылады:
>>> print (“Almaty”)
Almaty
>>>print (“\tAlmaty”)
6.2 Жолдың ішіне ашық жер енгізу үшін \n таңбасы қолданылады:
>>> print (“sabaq:\ntarich\nmathematica\ninformatica”)
6.3 Жоғарыда келтірілген екі мүмкіндікті бірге қолдануға болады:
>>> print (“sabaq:\n\ttarich\n\tmathematica\n\tinformatica”)
70. Кортеждер. Кейбір жағдайда программада элементтердің өзгермейтін тізімін пайдалану керек болады. Ондай тізімді кортеж (tuples) деп атайды. Кортеж тізім түрінде бейнеленеді, бірақ квадрат жақшаның орнына дөңгелек жақша қолданылады:
alma = (100,200) Кортежді анықтау
print (alma [0])
print (alma [1])
Осы жаттығуларды орындағаннан кейін келесі тапсырмаларды орындап, жұмыс бойынша берілетін есепке енгізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет