Функционализм vs мінез-құлық



бет6/7
Дата28.01.2024
өлшемі84.5 Kb.
#490118
1   2   3   4   5   6   7
Функционализм vs мінез

Құрылымдық — жүйелік талдауды пайдалана отырып, психологиялық зерттеулердің басшылыққа алатын әдіснамалық қағидасы ретінде Пиаже генетикалык әдіс туралы ілімді ұсынады.
Баланың интелдектісін қалыптастыруға негізгі көңіл бөле отырып, Пиаже ғылыми психологияда кез-келген дамуды зерттеуден бастау керектігін атап көрсетті. Пиаженің пікірі бойынша, тек жекелеген ғылымдар емес, сонымен қатар таным теориясы да генетикалық негізде құрылуы қажет деп көрсетті. Бұл идея Ж.Пиаженің генетикалық эпистемология ғылымын жасаудың негізіне жатты, демек, адамда әртүрлі білімнің, ұғымның, таным операцияларының түрлері мен типтерін қалыптастыру тетіктері мен жағдайлары туралы ғылым.
Пиаженің негізгі міңдеті адам интелектісінің құрылымын зерттеу болып табылады. Пиаженің алғашқы кітаптары 20-жылдары жарық көрді: “Баланың сөйлеуі мен ойлауы” (1923), “Түсінуі және ой қорытындысы” (1924), “Баланың дүние туралы түсінігі”(1926).
30-жылдары Пиаженің психикалық даму проблемаларына көзқарасы түбірлі өзгерістерге ұшырады. Пиаже интеллектінің даму кезеңін, оның мазмүны мен мәнін басқаша анықтады. Оның айтуынша, басқа адамдармен қарым – қатынас емес, ал операция (логикалық-математикалық құрылым) баланың танымдық дамуын себепке байланыстырды.
Пиаже интеллектіні зерттеуде кескіндеу әдісін қолданды. Әртүрлі жастағы балаларға бірдей тапсырма беріп, оның нәтижелерін салыстырып көрді. Бірақ бұл әдіс балада жаңа интеллектуалдық тәсілдерді, ұғымдарды, білімдерді психологиялық қалыптастыруды қамтамасыз ете алмады. Жан Пиаженің концепциясының негізгі кемшілігі баланың жеке басын тұтас дамытуды жоққа шығарды, интеллекті дамуының ең басты қозғаушы күші сол интеллектінің өзі деп білді. Пиаженің зерттеулерінде интеллектіні дамытудың жағдайлары ішінде іс-әрекет жағдайының болмауы — негізгі кемшіліктерінің бірі.
Пиаже интеллектінің дамуының бір деңгейінен екінші деңгейіне өтуде негізгі жағдай ретінде оқытудың рөлін жеткіліксіз бағалады. Отандық психологтардың орындаған көптеген зерттеулері балалардың ойлауын дамыту дұрыс ұйымдасқан оқыту жүйесіне байланысты екендігін дәлелдеді.
50-жылдардың аяғы мен 60-жылдардың бас кезінде ашық тоқырау жылдарында қалыптасқан (бихевиоризм, фрейдизм, гештальтпсихология), кейіннен өзгерістерге ұшыраған бағыттар өзінің маңызын бірте-бірте жоя бастады. Эксперименталдық зерттеулер мен теория саласында жаңа бағыттар пайда бола бастады.
Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу саласында — когнитивтік психология, гуманистік психология, ми туралы ғылымдардың шеңберінде адам санасын зерттеу — нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология ғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы кеңінен тарай бастады.
Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт — когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г. Саймон жатады.
Қазіргі кезде бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты. Кеңінен тараған бағыттарының бірі – есептеу нұсқасы. Онда ішкі когнитивтік үлгі мен тану үрдісінің белсенділігінің рөлі ерекше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы ақпараттық қатынастардың ықпалымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет