Гештальтпсихология (немістің Се”іа1і деген сөзінен шыққан, қазақшалағанда бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді). Егер бихевиоризм психологияның тоқырау жағдайынан шығудың жолдарының бірі ретіңде АҚШ-та (пайда болды және өз дамуында бұл елден тысқары таралған жоқ. Ал гештальтпсихология – психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және XX ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады. Егер де бихевиоризм өз дамуында физиология және биология ғылымдарына жан-жақты негізделсе, ал гештальтпсихология физика мен математиканың ерекше ықпалында болды.
Бүл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М.Вертгеймердің, В.Келердің, К.Левиннің және т,б- есімдерін атауға болады. Гештальтпсихология өкілдерін интроспективтік психологияға тән психикалық құбылыстарды талдауға және зерттеуге жеңілдетілген атомистік тұрғыдан қарау негізінен қанағаттаңдырмады. Бұл интроспективтік психология барлық күрделі құбылыстарды қарапайым құбылыстарға бөлді, олардың тіркесінен күрделі тұтастық заңын қалыптастыруға ұмтылды.
Гештальтпсихологтер психикалық құбылыстардың қиын да тұтас жүйесін қалыптастырудың өзіндік заңының өмір сүруі және жұмыс істеуі туралы айтқан болатын. Гештальтпсихологтардың зерттеулерінде күрделі құбылыстардың элементтері және оның байланыстары бойынша зерттеу осы байланыстардың құрылымын анықтаумен ауыстырылды. Осы себептерден ғылымдағы бұл бағытты кейде “құрылымдық психология” деп атайды (гештальт деген сөздің қазақша мағыналарының бірі “құрылым” деген мағананы береді)
Гештальтпсихологияның көптеген өкілдері психологиялық білімнен, басқа жаратылыстану ғылымдарының салаларының бірінен базалық білім алды, бұл олардың психологиялық көзқарасына ерекше ықпал етті. В.Келер, мәселен, физиканы оқып, үйренді және қабылдау мен ойлау үрдістерін түсіндіруде қажетті білімді пайдаланды. Кез-келген құбылыс пайда болады және белгілі бір жүйенің бөлігі ретінде өзіндік ерекшелік сипаттамасын алады деп жазды В.Келер.
Гештальтпсихологияның ұстанымдары мен қағидалары жеке тұлға мен тұлға аралық мінез-құлыққа қолдануды өзінің теориялық және эксперименталдік зерттеулерінде К.Левин іске асырды. Орта, Левиннің айтуынша, физикалық бірлікте емес, психологиялық тұрғыдан анықталуы қажет, демек, адамдардың оған әсер ететін субъективтік қабылдауы арқылы беріледі. –
Гештальтпсихологияның идеялары психологиянын көптеген негізгі проблемаларын талдауда жағымды роль атқарды. Көп жағдайда гештальтпсихология бихевиоризмге және өмір сүріп отырған психологиялық бағыттарға қарсы. Жас эксперименталдық психологияның ұзақ уақыт бойы зерттеу нысаны түйсіктер болды. Психикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық зертханаларда қаншама күш салынса да тек ашылмай ғана қалған жоқ, керісінше, жоқ болып кетті. Бірақ бейне категориясын ұсынып отырған сол аспект әлеуметтік теориялық талдаудың және эмпирикалық зерттеудің пәні ретінде міндетті түрде карастырылуы қажет еді. Идеалистік философияның үстемдік ету жағдайында қалыптасқан оны іске асыруға гештальтпсихология талпынған еді, оның бағыттары мен нәтижелеріне әсері тиді.
Гештальтизмнің қалыптасу кезінде тұтастық және бөліктері проблемасына ерекше мән берілді. Барлық уақытта да психикалық өмірді оны тұтастықта, ішкі байланыста қарастыру негізгі мәселе болып көтерілді.
Болашақ гештальтистер екі зертханада тәрбиеленді: Ф.Брентанонның шәкірті – К.Штумпфа (Берлин) және Геттинген университетінде Г.Мюллерде тәрбиеленді. Олар өздерінің мақсаты — психологияны емес, логиканы реформалау мәселесін қойды. Олардың айтуынша, логика феноменологияға айналуы тиіс. Осы мақсатты орындау үшін бұрынғы интроспективтік әдіс жарамсыз деп табылды. Оны жетілдіру негізінде феноменологиялық әдіс қалыптасты, Бұл бағыттың түсіндіруінше, бейненің негізгі қасиеті константтылық немесе қабылдаудың өзгерген жағдайдағы тұрақтылығы, сонымен қатар егер қабылданатын зат тұтас түрінде қабылданбайтын болса, қабылдаудың тұрақтылығы бұзылады. Гештальт психология өкілдері фигура және фон, екі жақты бейнелеу, қабылдау туралы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі шетел психологиясына талдау жасағанда психиология ғылымында генетикалық бағыттың ең көрнекті өкілдерінің бірі, швейцария ғалымы, психологі Жан Пиаженің генетикалық психологиясына сипаттама беруден бастағанды жөн көрдік. Әлемдік психологияда баланың интеллектісін дамыту саласында өлшеусіз еңбек сіңірген ғалы мд ы кездестіру қиын.
Достарыңызбен бөлісу: |