Бихевиоризм – ХХ- ғасырдың бас кезінде жоғарыда келтірілген себептерге байланысты қалыптасқан психологиялық бағыттардың бірі. Бихевиоризм теориясының негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-құлқы болып табылады. Мінез-құлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан құбылыстарын жаңа мінез-құлық психологиясымен өзгерту қажеттігін ұсынды.
Бихевиоризм Ьеhаvіоuг- деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады. 1913 жылы америка психологі Джон Уотсон психологияны мінез-құлық туралы ғылым ретінде қарастырды. Жаңа бағыттың пайда болуы “Психология, оны бихевиорист қалай көреді” атты мақаланың шығуымен ерекшеленеді. Оның авторы Уотсон психология басқа жаратылыстану ғылымдарының арасында өзінің лайықты орнын алуға тиісті деп жазды. Оның айтуынша, қазіргі кезге дейін психологияның пәні және зерттеу әдісі теріс түсіндіріліп келді және психологияның зерттеу нышаны сана емес, мінез-құлық, ал интроспективтік әдістің орнына -субъективтік әдіс деп тұжырымдады. Бұл мақаланы батыс психологтары “бихевиористік төңкерістің” басталуы деп бағалады. Мақаладан кейінгі 10 жылдықта бихевиоризм толқыны барлық америка психологиясын қамтыды.
Бихевиоризм психологиядағы прагматистік бағыт, оның пайда болуы тез қарқынмен дамып отырған капиталистік экономиканың сұраныстарына байланысты. Бихевиористердің мақсаты – психологияны мінез-құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д.Уотсонның түсіндіруінше, бихевиоризмнің түпкі мақсаты — адам мінез-құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: мінез-құлықтың өзін суреттеу, организмге әсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретіп мінез-құлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-құлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми ұғымдар болып табылатын стимул – сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция — тітіркендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы — ассоциация. Сонымен, Уотсон санадан ғылыми категория ретінде бас тарта отырып, өзінің еңбегінде И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы әдістемесіне сүйенеді.
Бихевиоризмнің пайда болуына америка зерттеуші-ғалымы Э.Торндайктің (1874-1949) еңбектерінің үлкен әсері тиді. Э.Торндайктің негізгі зерттеулері жануарларға жүргізілді, олар “проблемалық жәшік” деп аталатынға орналастырылды. Э.Торндайк “проблемалық жәшіктегі” жануарларлардың мінез-құлқын бақылап, байқау және қателесу әдісімен әрекет ете отырып, жануарлар кездейсоқ нәтижеге жетеді деген қорытындыға келеді. Үйрету, бейімделу реакциясын қалыптастыру бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде іске асады (жаттығу заңы). Егер реакциядан кейін ағза үшін жағдай ойдағыдай іске асатын болса, реакция бекітіледі, стимул мен реакцияның арасында берік байланыс қалыптасады (тиімділік заңы).
Ашылған заңдылықтарды бихевиористер механикалық түрде адамға пайдаланды. Адамдардың жануарлардан айырмашьшығын олар реакдиясының өте күрделі сипатынан көреді.
Бихевиористер мінез-құлықтың ортаның әсеріне байланыстылығын дұрыс анықтап берді. Бірақ олардың тұжырымдамасы механикалық сипатта болды. Олар кері реакцияның тек стимулмен емес, сонымен қатар ішкі жағдайлармен байланыстылығын ескермеген.
Жануарлар психикасын зерттеуге адам мінез-құлқы моделі тұрғысынан қарау дұрыс, бірақ жануарлар мен адам психикасыньщ сапалық ерекшелігі бұрмаланды. Джон Уотсон адамның мінез-құлқы тітіркендіргіштерге бағыныштылығы туралы ғылымды байыта түсті. Бұл байланыстьыықты S->R (стимул – реакция) формуласы түрінде бейнеледі.
Бихевиоризмнің негізіне психологиялық зерттеулердің пәні ретінде психиканы, сананы жоққа шығару жатады. Зерттеу нышаны ретінде мінез-құлықты мойындайды. Психология ғылымына мінез-құлық пен ортаның арақатынасының заңдылықтарын зерттеу ұсынылды. Бихевиористер жануарлар сияқты адам да жай тетік, машина тәріздес сыртқы ортаның әсеріне жауап береді дегеңді айтады.
1925 ж. Джон Уотсонның кезекті еңбегі “Бихевиоризм” атты кітабы жарық көрді. Бұл еңбекте негізгі идея сыртқы тітіркеңдіргіштердің нәтижесіңде кез-келген келбеттегі, мінез-құлықтағы адамды «жасауға» болатындығы айтылды. Бұл еңбекте тек туа біткен қасиеттердің мәні жоққа шығарылған жок, сонымен қатар жеке тұлғаның өзінің сенімі, ұстанымы және қатынастары жоққа шығарылды.
30-жылдардың өзінде бихевиоризм идеясының өміршеңдігі, оның мәнділігі бірте-бірте шайқала бастады. Америкада кезекті экономикалық тоқырау басталды, жаппай жұмыссыздық, халықтың жағдайы одан әрі нашарлай түсті.
Көрнекті америка психологі Роберт Вудвортс функционалдық психологияның негізін салушылардың бірі (1869-1962) болды. Ол бихевиористердің ұсынған “стимул – реакция” үлгісін жоққа шығарып, оның құрамына аралық буын – ағза мен ұстанымды енгізді, түрткі туралы ілімді талдады. Сонымен, бихевиоризм қатты сынға алынып, мінез-құлық психологиясының реформасы басталды. Ол реформаны Эвард Толмен және Кларк Халл сияқты ғалымдар басқарды, ал жаңа бағыт “необихевиоризм” деп аталды. Олардың айтуынша, психологиядан дәстүрлі ұғымдарды: образ, түрткі және т.б. шығарып тастау мүмкін емес, олар реакция мен стимулдың арасында тұрады деді.
Сонымен бихевиоризм барлық өз тарихының барсында психологияны мінез-құлык ағзасы туралы жаратылыстану ғылымына айналдыру ұранымен шұғылданды. Бихевиоризмнің және необихевиоризмнің барлық нұсқаларының негізгі кемшілігі — олардың әдіснамалық негізі позитивизм және адам механикалық философиясы. Бірақ, нәтиже көрсеткендей, осы екі әдіснамалық ұстаным негізсіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |