Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев



бет10/48
Дата24.04.2016
өлшемі2.51 Mb.
#78661
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48

Томас Гарди

(1840 – 1928 )
Ағылшын жазушысы Томас Гарди кедейленген дворяндық отбасынан шыққан. Оның ата – бабаларының жер иеліктері әлде қашан сатылып кеткен болатын. Сондықтан дворяндар гарди іс жүзінде фермерге айналып қалды. Болашақ жазушының әкесі сәулетші болып оның табысы онша көп бола қоймады. Томас Гарди Дорчестер маңындағы жоғарғы Бонхемптон деревнясында туып балалық шағы мен жастық шағын сонда өткізді. Бастапқы да ата – анасы оны діни дәрежеге дайындады, алайда оның бұл мамандыққа деген ықыласының мүслдем жоқтығынан, оған сәулетшілікпен шұғылдануға рұқсат берді. 1862 жыл мен – 1871 жыл аралығында ол Лондонда тұрды, университетті бітіргеннен кейін өз білімін көне шіркеулер мен ғимараттарды жаңартумен айналыса отырып жетілдіре түсті.

Гарди монополистік капиталдың шапшаң өсуі кезеңіндежаза бастады. 1899 – 1902 жылдары ол ағылшын – бур соғысында, ал 1914 жылы бірінші дүниежүзілік соғысқа қарсы шықты.

Оның туындыларындағы оқиғаның болған жері «Бірнеше текті бикеш», «Өмірдің кішкентай ғана жырлары», «айныған адам» - Уэссенс. Гардидің бастапқы өлең жинақтары, «Уэсенс өлеңдері» (1898) деп аталады.

Гарди барлығы 14 роман жазды. Кейінірек ол хронологияны емес, идеялық – көркем мазмұнды ұстана отырып оларды үш топқа бөлді; Олар: «Романтикалық оқиғалар мен фантазиялар» («Көгілдір көздер», «Драгун полкінің аға кернейшісі», «Мұнарадағы екеу», «Сүйіктім» ) және Әзәзіл романдары бұған новеллалар да кіреді. («Өтір амалдар», «Этельбертаның қолы», «Селқос қыз»), бұлар «Мінез құлық және айнала орта» деген атаумен біріншісімен романдар циклынан («Жасыл ағаш түбінде», «Есі шыққан тобырдан алыста», «Отанға оралу», «Кэстенбуридж мэрінің өмірі мен өлімі», «Орманның шетінде», «Діәрбервильдер әулетінен шыққан Тэсе», «Елеңсіз Джуд» едәуір артта қалады).

Гардидің пайдаланатын «Әлемдік жігер» ұғымы оған идеалистік филосафияның біршама ықпалының болғандығын білдіреді. Оның «Жасыл ағаш астында» атты алғашқы романының бақытты идиллиясының жалпылама екпініне сыни суреттемелер шамалы ғана бекітілген. Деревняның оған тән қарама – қайшылықтарымен бірге әлеуметтік өмірі – «Есі шыққан тобырдан алыста» романындағы оқиғалардың өрбитін аясы. Адал ниетті, еңбекпен тату - тәтті өмір сүріп жатқан қарапайым шаруаларға Гарди ашкөздік пен өзімшілдіктен «Естері шыққан » ауыл байларын қарама-қарсы қояды.

«Кэстербридж мэрінің өмірі мен өлімі» романында (1886) тағы да эгдон даласының пейзажы пайда болады, оның аясында оқиға өрбіп, қайғылы оқиға нақтылы көрсетіледі. Майкл Хэнсард - алдымен кедей қалайышы. Содан соң бай ұн тартушы қала мэрі болады. Алайда өзінің бәсекелесі тарапынан тақырға отырғызылған, масқараланғандықтан қайтыс болды.

Гарди – прозаиктың шығармашылығының негізін «Мінез - құлық және айнала орта» романдары құрайды. Олардың ішінде ең маңыздылары - «д» Эрбервильдер әулетінен шыққан Тэсс» және «Елеусіз Джуд». Гарди шығармашылығының шыңы – оның «дЭрбервильдер әулетінен шыққан Тэсс: шынайы бейнеленген жаны таза әйел» (1891) романы.

Кедей шаруа қыз Тэсстың өмір тарихының қайғылы болғандығы оның әкесінің кедейленген дворяндық әулеттің ұрпағы болғандығынан емес, шегі жоқ жоқшылық, әке - шешесінің маскүнемдігі, олардың қайыршылануы оның жастық шағын күл талқан еткендігінен болды. Оның ауыр жағдайының, күресіменөлімінің себебі міне осында.

Гардидің келесі «Елеусіз Джуд» (1895) романының айналасында қызу күрес жүрді; шіркеу қолдаған ресми буржуазиялық сын оған шыдамсыздық танытты.

«Елеусіз Джудта» Гарди оқырмандарға «Тэсттен» танымал идияларды дамыта түседі де қаһарманның қайғы - қасіретінің әлеуметтік негізіне тереңірек мән береді.

Үшінші кезеңнің жетілген әрі маңызды туындысы «Әулеттер» эпикалық драмасы. Бұл философиялық эпикалық драма (3 бөлімнен, 19 акт пен 130 көріністен тұрады.) автордың жазғандай сахнада қойылуға емес, оқуға арналған.

Абай Құнанбаев

(1845 - 1904)
Қазақтың ағартушы ақыны, қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ірі шонжар, би болыс Құнанбай Өскенбайұлының отбасында дүниеге келді. Медреседе оқып жүріп, орыс мектебіне дебарып жүрді. Шығыс тілдерін (араб, парсы және т.б.) көп оқып, зерттеді. Шығыстың ұлы ақындары мен ғұламаларының (Фердаусидің, Низамидің, Навоидің, Ибн Синаның) гуманисті көзқарастары оның дүниетанымына өз ықпалын тигізді. Ол қазақ халқының ауызша «поэзиясын» жатқа білді және оны өзініңшығармашылығында кеңінен пайдаланады.

35 жасында сүйікті еңбегімен поэзиямен тыңғылықты айналыса бастады. Оның алғашқы өлеңдері жаттап алынып, ауыздан – ауызға өтіп жүрді. Кейінірек оның туындыларының тізімі жасалды. Абайдың есімі қазақ даласында әйгілі болды.

Абайдың қазақ ағартушыларының дәстүрлерін жалғастырған қайталанбас, өзіндік болмысы бар шығармашылығында, орыстың алдыңғы қатарлы қоғамдық ойының игі ықпалы айқын білінеді. Абай шығыс халықтары поэзиясының классиктері - Фирдаусиді, Низамиді, Иафузды, Навойны, Физулиды және сонымен бір мезгілде Пушкинді, Лермонтовты, Белинскиді, Чернышевскийді, Некрасовты, Тургеневті, Салтынов - Шадринді, Л.Н.Толстойды зерттеді. Қазақ ақыны әрі ойшылы Пушкиннің, Свермановтың, Крыловтың туындыларын жақсы біліп, оларды өзінің ана тіліне аударып қана қоймай, сонымен бірге орыс зиялыларының кейбіреулерімен кездескен.

Абайдың қлеңдерінің алғашқы жинағы 1909 жылы басылып шықты. Оған «Салт атты» (1886), «Күз» (1888), «Көктем» (1890), «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай», «Қолымды мезгілінен кеш сермедім», «Өсиет» өлеңдері, «Ескендір», «Масғұт» дастандары енді. Абайдың еңбекші халықтың қалың ортасында пайда болған өлеңдері езгі мен надандықты жоюға шақырды.

Бай шонжарлардың ырду - дырду өмірін, мақтаншақтығын келекелеп, әшкерелей отырып, ол қазақтарды қоғамдық парызды жете ұғынуға шақырды. Адамдардың өмірде биік өнегелігін қағидаларды басшылыққа алуын, адамдар арасындағы қарым - қатынас өзара сыйластыққа, адамды сүйуге, адамгершілікке негізделуін талап етті. «Егер де менің қасымда билік болса, адамның мінезін түзетіп болмайды дегеннің тілін кесіп олар едім» дейді Абай. Абай адам баласындағы имандылықты дер кезінде қолдау мен дамытуды қажет ететін талпыныстарды, «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп өкінбеу үшін алдын ала байқай білуге үйретті.

Абай бұл жөнінде тарихи, педагогикалық және құқықтық мәселелер, қозғалған прозалық «Өсиеттерінде» жазады. Адамға дұрыс тәрбие берудің маңызды амалы ретінде, ол адамдарға бақыт пен пайда алып келетін жасампаз еңбекті атады. Абай еңбек қылмай, арын жоғалтқан адам өз бостығындағы бар жақсылықтан жұрдай болып, қанатынан айрылған құстай болмақ деді.

Ақын осыны барлығы, әсіресе жастар ойланса екен дейді. Оларға ақын батыл әрі табанды болуды өсиет етті. Ақын жастарды феодалдық патриархалдық түсініктерге, ескі әдеттерге қарсы тұра алатын озық дәстүрлерді қорғауға шақырды. Абайдың шығармашылықтарындағы дастандардың орны ерекше («Ескендір», «Масғут», «Әзім туралы аңыз»). «Ескендір» Ескендір мен Зулхарнайын туралы аңызбен байланысты және де бұл дастан сонау Фирдаусиді, Низами мен Науаиды толғандырған тақырыпқа өзіндік үнін қосу болып табылады. Ақын жаулап алушы патшаның ашкөздігін айыптап, оған Аристотельді қаулы қояды. өзге екі дастанның сюжеттері шығыстың классикалық әдебиеттерінің сюжеттерін өзіндік қайта өңдеуге құрылған.

Қазақ әдебиетінің тарихында Абай өлеңнің хас шебері болып қала бермек. Ол бірқатар жаңа формаларды енгізіп (алты шумақтар, сегіз шумақтар) қазақ поэзиясын жаңа мазмұнымен байланысты. Оның жылдық төрт мезгіліне арналған өлеңдер циклы, поэзияның мақсаты туралы өлеңдері қазақ әдебиетіндегі жаңалық болды. Абай өзінен кейін лириканың тамаша үлгілерін қалдырды. Оның өлеңдері «уақыттан мезет жауады...», «қырық албыр-салбырға сағынамын....», «әлде керек шыгар, мылқау мен балшық тұрған....», «Суда челнокқа ұқсап, айға...», «қашанда ұзақ көлеңке болғанда........» ақындықтың асқан шеберлігінің мысалы болып табылды.

Абай сонымен бірге талантты сазгер де болды. өзінін көптеген лирикалық өлеңдерін көпшіліктің айтып жүруіне арнап әуенге қосты. Абай сазгер – әуенші ретінде көптеген жаңалықтар енгізді. Ал оның Татьянаның Онегинге хатының шығармашылық аудармасы қазақтардың сүйіп айтатын әндерінің біріне айналды. Осы әнді төңкеріске дейінгі қазақ даласында халық әншісі Абылай Қарабарытовтың орындағанына куә болған адам былай деп жазады: «Әнші домбыраның құлағын бұран лезде күйге келтіреді де құйқылжыта жаңа бір әнді шырқай жөнелді, мұның да әуені алғашқы әндікі секілді мұңды болғанымен, сөздерін айтсаңызшы!»

Татьянаның қазақ даласында қалайша ән шырқағандығы туралы әңгімені Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» роман – эпопеясында жазады. Әуезов Абай шығармаларын жинақтап, зерттеуде көп еңбек етті. Себебі автордың заманында оның поэзиясын жинақтап шығаратын баспалар болмады.

Қазақ халқының ұлы ақыны 1904 жылы қайтыс болады. Ол Шыңғыс тауының етегінде өзінің Жидебайдағы қыстауында жерленген. Абайдың шығармашылығы халық игілігіне қызмет етудің ұлы идеяларымен рухтанды, туған әдебиет пен өнердің ұлттық қадір -қасиетін асқақтата түсті, олардың реализм жолымен дамуына кең мүмкіндіктер ашып берді.
Элиза Ожешко

(1841 -1910ж)
Поляк әдебиетінің өкілі. Ауқатты отбасында дүниеге келіп, Варшавада білім алды. Ол 16 жасқа келгенінде Петр Ожешкоға тұрмысқа шығады. Көптеген әдебие шығармаларды оқиды. «Менің өмірімде менің отбасым нағыз университет болды» деп еске алады. Петр Ожешко Сібірге жер аударылғанына қарамастан, ол шығармашылықпен айналысқанын тоқтатқан жоқ, мұңаймады.... Әдебиет туралы жазбаларында ол әдебиеттің өмірмен байланысының үздіксіздігі туралы бағытты алып барады да осыдан философиялық қорытындылар жасайды. Оның шығармашылығында әйелдер образы ерекше орынды алып жатты. Бәлкім бұл оның өзі де әйел болғандықтан шығар, сондықтан да оған әйел жүрегін түсіну оңай болған шығар. «Марта», «14-бөлім» атты туындыларында әйел тағдыры ерекше орында тұр.

ХІХ ғ. 60-70 жылдарының туындыларында, «Пан Граба» (1869), «Вацлова күнделігі» (1870), «Марта» (1873) романдарында, «14-бөлім» повесінде буржуазиялық - мемлекеттік Польшадағы әйелдің құқықсыз жаағдайы шынайы етіп көрсетілген. Автор әйелдің азат болуын, оның отбасында, қоғамда дербес, тәуелсіз жағдайда болуын жақтады, алайда бұл жерде ол біртіндеп жаңаруға иек артты.

Әйел тағдыры тақырыбымен бірге Ожешконың шығармашылығында буржуазиялық құрылыс жағдайындағы балалар қасіреті тақырыбы өздігінен байланысып жатады. «Марта» повесіндегі кішкентай ғана Янидің өмірі қуаныштан ада. Осы аттас повестегі Юлианнаның өмірі оқырмандардың көз алдында тізбектелген қайғы - қасіреттермен өтіп жатады. Қайғы - қасіреті бұдан да кем түспейтін хикая «Көңілсіз идилияда» да (1878) айтылған. Бұл повестің қаһармандары әлеуметтік «қабаттың ең түбіндегі» балалар – Владек пен Марцыся болып табылады.

«Эли Маковерден» бастап, Ожешко еврей тұрғындарының жағдайына мән беріп, оларды қорғап сөз сөйледйді. Еуропаға «Меир Эзофович» романы әйгілі болады.

Э.Ожешконың идеялық – шығармашылық тұрғыдан кемелденуі оның кішкентай ғана адамдардың («А..В..С..»,1884), жұмысшылардың («Романова», 1884) өмірі туралы әңгімелерінде, оның Иллияктаның өмірі туралы зәрлі де, әшкерелеуші повестерінде («Сильфида» 1880, «Мейірімді пани», 1883) және де әсіресе белорус шаруалары туралы тамаша повестерінде («Төменгілер», 1883, «Дзюрдзи», 1885, «Арсыз», 1887), сондай - ақ Польшаның қоғамдық өмірін ауқымды етіп баяндайтын «Неман үстінде» (1887) атты романында байқалады.

Белорус шаруаларының өмірі - Ожешконың осы кезеңдегі шығармашылығының жетекші тақырыптарының бірі. «Неман үстінде» романы Ожешконың ең ірі реалистік туындысы. Мұнда ол өзі ұнатқан әлеуметтік алуан түрлілік тәсіліне жүгінеді.

«Неман үстінде» романы терең демократизммен, халқына деген шынайы махаббатпен және оған көмектесуге деген ұмтылыспен рухтанған. Позитивист әдебиетшілерге қарағанда Э. Ожешко 1863 жылғы көтерілістің қаһармандарын құрмет тұтады. Шығарманың бүкіл өн бойында осы көтерілістің жарығы сезіліп тұрады. Оған деген көзқарасы мен ол тіпті кітап қаһармандарының азаматтық толыққандығын да жоғары бағалайды.

Ожешко кейінгі шығармаларының ішіндегі ең таланттысы «Аргонавттар» (1899) атты романы болып табылады. Бұл романда оның реалистік дарынының ең озық тұстары дамытыла түскен.

Егерде өзінің ертедегі кейбір романдарында («Соңғы махаббат», «Торда») Э.Ожешко «жасампаз» буржуазияға әлі де болса үміт артқан болса, ал «Аргонавттарда» ол буржуазиялық жыртқыш миллионер Алаиз Дарвидтің терең типтік образын жасайды.

Бенедикт Коргинскийдің образы күрделірек ол бай шляхтаға жатпайды. Оған өз шаруашылығын күйзелуден құтқару үшін көп күш-жігер жұмсау қажет болады. Ол жастық шағының демократиялық идеяларын ұмытып, шаруалар мен кедей еңбекші шляктаны қатаң қыспаққа ала отырып, олармен ұқсастық жағдайда тұр. Алайда Бенедикт Карчинскийдің образында оның «өмірге қайта келуінің» негізі болатын күш - қуат, өмірге деген дұрыс көзқарас секілді жақсы қасиеттер де бар.

Роман қаһармандарының 1863 жылы опат болғандардың бауырластар зиратына деген көзқарасы әсерлі. Отансүйгіштік сезімнен жұрдай, халықты жек көретін ірі шляхта оны кемсіте отырып әңгіме қылады. Әкесі осы зиратта жерленген Зыгмунт Корчинский әке өсиетінен толықтай айнып, енді оны ақылынан адасқан адам деп тануда. Ал пан Дожецкий болса, 1863 жылғы күрескерлер туралы қандай да болса әңгімелер ешкімге керек емес «күйректік» деп есептейді.

Анатоль Франс

(1844-1924)
Француз жазушысы. Шын есімі – Анатоль Француа Тибо. Парижде туды. Француз академиясының мүшесі (1896 жылдан бастап). Букинистің балалық шағы мен жастық шағы кітаптар мен кітап сүйерлер арасында өтті. Француаның әкесі Тибо өте білімді адам болды, әдебиетті сүйді және де өзінің осы махабатын өз баласына берді. А.Франс өзінің әдеби қызметін журналдың жұмысынан бастады. Ескертпелер мен мақалалар, сын мақалалар жазды. Алайда ол өзінің новеллалары арқылы әйгілі болды.

60-шы жылдары Франс «Парнас» тобымен жақындасты. Бұл оның жарияланған алғашқы кітабында «А. де Виньи» очеркінде, «Алтын дастандар» жинағында және «Коринфтік үйлену тойы» атты драмалық дастанында көрініс тапқан. Мұнда Франстың музаның сыртқы көріністері парнастықшардың мәнерін еске түсіреді, сондықтан олар көп үміт күттіретін жас жігітті өз ортасына қуана қабылдады.

«Коринфтік үйлену тойында» оқиға христиандықтың алғашқы ғасырларында болады. Шалтер Гилли мен Дафна бірін бірі сүйеді, олар атастырылып қойылған. Гиппий, қайта оралып Дафнаның өзінің жұбайы етіп жариялау үшін алыс теңіз сапарына аттанады.

Содан кейін Франс поэзиядан кетеді.1879 жылы оның «Иокоста» және «Арық мысық» атты повестері шығады. Бұл шығармалар жас Франстың позитивизмге қызығушылығын бейнелейді.

Жазушының атағын «Сильвестр Бонардың қылмыстары» атты романын шығарды. Бұл роман ескілік пен кітаптарға жаны құмар, шынайы өмірде аңқау да дәрменсіз қарт филолог ғалымның күнделігінен тұрады. Романда Буржуазиялық заңдардың жалғандығы, үстем әлеуметтік тәртіптердің әділетсіздік реалистік тұрғыдан ашып көрсетіледі.

Романның қаһарманы, кітаптардың, көне жазушының қызығына батып кеткен Сильвестр Бонар шынайы өмірдің қажеттіліктеріне кезігіп қалады. Ол өзі тұрып жатқан үйдің шатырында, жылытылмаған бөлмеде бір отбасының тұрып жатқандығын біледі. Ол бұл отбасына бір арқа отыннан беріп тұрады, оның адамға жасаған міне осы жақсылық әрекеті, оның қаншама тер төккен, көп жылдық тарихи ізденістерінен анағұрлым маңыздырақ болып шығады.

Сильвестр Бонар кезінде өзінің ұяла ғашық болған Клементинасының немере қызын кездестірді. Енді ол жүрегінің бар жылуын адал ниетімен жетім қалған кішкентай ғана бейшара қызға береді. Клементинаның немере қызының тұрмыс құратын уақыты келгенде, қария оның жасауын беру үшін өз кітапханасын сатып жібереді.

«Сильвестр Бонардың қылмыстары» атты романы жарыққа шыққанда (1887) Франс 37 жаста болатын.

«Томс» атты философиялық прозаикалық дастаны ХVІІІғ. Философиялық повесіне тән схематизмнен ада. Оның қаһарманы идеяларды тасымалдауын ғана емес сонымен бірге шынайы адамдар. Бұлар куртизанка әйел Томс, монах дәруіш Пафнутий және Эпикуршыл философ Никий.

Кезінде жас шағында Парфнутий Александрияда сұлу куртизианка Томсты көреді. Оның еліктіріп алып кететін сұлулығы адамдарға шаттық алып келіп жататын. Анатоль Франс демократ. Асқан сұлулықтың бейнесін ол қарапайым халықтан шыққаныңыздан табады. Томс көше баласы. Ол жоқшылықты да соққыны да, өзіне азық тауып жеудің ауыр тәжірибесінде көрді. Оның жалғыз ғана игілігі сұлулығы ғана болды.

Томстың образы көптеген жазушылардың назарын аударды. И.Ефремов оған «Афиндық Томс» атты тамаша романын арнады.

Франс, өзінің буржуазяға деген наразылығын үйіп төгу үшін, барынша өткір мәнерде оны өзінң жек көрушілігін білдіру үшін Франс зұлым помфей жанрын таңдаған еді. Мұнда ол өзінің отандасы Рабле мен Джонатан Свифидің ізбасары.

Жером Куаньярға Франстың «Қазы аяқ патшайымының асханасы, «Жером Куаньяр мырзаның пайымдаулары» мен «Жак Турнеброштың әңгімелері» атты бірнеше шығармалары арналған.

Жером Куаньяр туралы кітап аяқталды, алайда соңғы беттерде жазушыдан да, оның қаһарман ында да күмән пайда болады. Олардың философиясы дұрыс па? «Турнебромм, балам менің, сен байқайсың ба менің қалай сасқалақтап адасып жатқанымды» дейді аббат өз шәкіртіне. «Бақытты күмәнді» уағыздаған, кез келген шабытпен романтикалық сенімді «жеңіл күлкімен қарсы алған, барлығына жақсы ниеттегі мысқылмен қарап келген философ екенін, философ эпикуршыл ол кенеттен өз жүрегіндегі мағынасыздықты сезді де өзінің бапрлығын қамтып тұратын мейірімділігі жағдайында ол шын мәнінде бәріне селқос адам екендігін түсінеді.

1904 жылдың 18 сәуірінде «Юманите» газеті өз беттерінде Анатоль Франстың «Ақ тастың бетінде» (1904), атты кітабының алғашқы жолдарын басып шығарады. Кітап кейінгі жиырма алты номерде толықтай жарияланды, ал бұдан соң қайта өңделіп 1905жылы ақпанда жеке баспамен шықты.

Біздің көз алдымызда автордың «әр бір халықтың өмірі апаттардың, қылмыстар мен ессіздіктердің ауысып отыруынан басқа ештеңе емес» деген көңілсіз қорытындысын образдар мен және суреттер мен негізделе түсетін адамзат қоғамынан оның тарихына айтылған өткір мысқыл тұрады.



Ги де Мопассан

(1850-1893)
Нормандияда қарапайым отбасында дүниеге келген 1869 жылы ол Руандағы лицейді тәмамдап Канн университетіне оқуға түседі. Франко прусс соғысы басталысымен Мопассанды әскерге шақырады.

70-жылдары оның жазушы ретінде қалыптасуына едәуір ықпал еткен талғампаз ұстазы Флобердің жетекшілігімен табанды түрде әдеби шеберлікке қол жеткізді.Мопассан Флоберге өзінің «Өлеңдер» (1880) атты алғашқы кітабын арнады. «Медан кештері» атты әңгімелер жинағына қатысады. Мұнда оның «Күлше» атты әйгілі новелласы басылып шықты. Мопассанның қолымен тағыда 300 новелла жазылған.

1883 жылы оның «Өмір» атты романы шықты. Оны лезде «Овар» баспасы жеке кітап етіп басып шығарды. Романның табысы орасан зор болды.

Мопассан Жюленьге таза пәк қыз Жаннаны оны гүлдей ашылған бойжеткен шағы мен махаббат пен бақытқа деген оның сенімін аяусыз жаншылған өмірін көрсете отырып өарсы қояды.

1885 жылы Мопассанның «Абзал досым» атты келесі романы шықты. Онда жазушы француздық өмірдің басқа тұстарына бет бұрады. Дюруан жарқырап тұрған ешбір қабілеті жоқ. Ол пысықтығымен арсыздығымен және әйелдерді өзіне тартатын сырт келбетімен ерекшеленіп тұрады. Осы қасиеттер оның ұсақ шенеуніктен депутаттық жұмсақ орындық пен министрдің портфелі туралы армандауға негіз беретін ірі журналистке бай адамға айналуына мүмкіндік береді. Өзінің жеке басының мақсаттары мансабы мен баю үшін Жорж Дюруа ең алдымен өзіне ғашық әйелдерді пайдаланады.

1887 жылы «Монт орьиол» романы жарық көрді. Онда сол кезеңдегі францияға тән жаңа курорттар салудан пайда табу көрініс тапқан. Типтік тұлға курорттарды салу бойынша бей берекет әрекеттерді жасаған банкир Андрематт болып табылады. Минералды сулардың кені табылған жер телімінің иесі кәрі құлан, сонымен бірге топас әрі өу Ориол жақсы көрсетілген. Мопассан «Пиер менЖан» , «Өлім секілді күшті» және біздің жүрегіміз атты тағыда үш романын шығарады. Бұл шығармалардың құндылығы едәуір болғанымен олар алдыңғыларынан әлсіздеу.

Мопассанның әлемдік әдебиетке қосқан ірі үлесі оның новелистикасы болды. Ол өзінің новелласы өмірді еркін және терең танудың құралы етті. Мопассанның новеллаларының маңызды ерекшелігі қаһармандардың характкрімен психологиясын қимыл іс әректтер сөздік мәнер арқылы мәнерлі бөлшектерді пайдалану арқылы қалыптастыру болып табылады. Франко прусс қатысты новеллалар топтамасында өмірден алынған көркем бейнелерде қыңырлыөтан, мақтаншақтықтан кісі өлтіруге үйреніп қалған адамдардың образдары берілген. Жас офицер Вильгельм Фон Эйнине («Модмозель Фифи») «Ақылынан алжасқан әйел», «Екі дос», «Жекпе жек» новеллаларындағы пруссиялық лейтенантар міне осындай Эиникенің әдемі сырт келбетінің ар жағында садистік қатыгездік күйретуге деген құмарлық жеңілген елді арсыздықпен жек көру жасырынып тұр. Сонымен бірге қарапайым адамдар кейде тіпті қоғамның алдын алалмаған және құқықтарынан айырылған мүшелері отан сүйгіштік сезімдерге және қаһармандық істерге қабілетті болып шығады. («Күлше», «Милан ағай», «Тұтқындар»), «Алқа» навелласы терең трагизмімен ерекшеленеді. Транемомедиялық түсініксіздік, мағынасыз оқиға бұл новеллада күрделі өмір мен драманы туғызады. Бұл новелланың қаһарманы кедей шенеуніктің әйелі өзінің өмірінде болған жалғыз баллда өз құрбысының алқасын жоғалтып алады, осыдан оның мойнына түскен ақшалай борыш, оның жас өлшеміне зиянын келтіреді. Оның әңгіме шеберлігінің фактісі өзіндік жеке мақсатқа айнала бастайды, новелла мінез құлықтарды болмашы ғана суреттейтін қызықты анекдотқа айналады. («Зығырданы қайнады», «Үркіліс», «Терезе»).

Бірқатар новеллаларда натурализм элементтері байқалады. Мопассан жиі түрде және айқын етіп сипаттаған махаббат бұл новеллаларда адамның санасына бағынбайтын соқыр сезімнің ауыздықталмайтын билігіне айналады. («Иосиф», т.б. ) Мопасанның тылсым күштерге сеніп кететіндей етіп көрсететін новеллалары да бар.

Бұлар көк шу шығарған «Орля» (екі нұсқада) «Жалғасқан әлем» және т.б. новеллалары. Олардың көпшілігі Мопасанның өмірінің соңында жазылған.

Редьярд Киплинг

(1856-1936)
Ағылшын жазушысы Джосеф Редьярд Киплинг Больбейде, суретші - өнер профессорының отбасында дүниеге келді. Алты жасында оны ата -анасы Англияға алып кетеді. Мұнда ал отарлар үшін офицерлер мен шенеуніктерді дайындайтын жабық колледжде білім алды. Мектепті тәмамдағаннан соң Киплинг 1887 жылы Үндістанға қайта оралып «Азаматтық және әскери газетінің» қызметкері болды. 1886 жылы оның «Департаменттық жырлар» атты өлеңдерінің алғашқы жинағы, ал 1888 жылы «Таудың қарапайым әңгімелері» атты шығармасы шықты. 1907 ал Новель сыйлығын алды.

Алғашқы кезеңде Киплинг Үндістандағы өмір жайлы жазды. Ол әдебиетке империяның «Алыстағы Қамалдарында» қалған адамдардың – отаршыл үкіметтің ұсақ шенеуніктерінің, солдаттармен офицерлердің образын енгізді. «Үш солдат», «Күйбең тіршіліктегі кедергілер», «Деодарлардың панасында», «Ақ пен қара» (1888-1890ж) атты солдаттар туралы әңгімелер жинағында Киплинг жоғары шенді офицерлерді келеке етіп, буржуазиялық - шенеуніктік басшылықты, олардың солдаттар жағдайына немқұрайлылығын айыптайды. Бірақ ол әскер мен үкіметтің абыройына нұқсан келтірмейді.

«Казақша жырлары» атты өлеңдер циклы халық арасында Том Аннинис деп аталып кеткен ағылшын солдатына қарай айтылған арнау мен кіріспеден бастау алады. «Томми»атты өлеңінде тминерге лайықты құрмет көрсетпейтін ауқаты мырзаларды айтпайды.

«Шығыс пен Батыс туралы Балалада» Батыс ол Бытыс шығыс ол Шығыс Бұл екеуі ешқашанда үйлеспеді деп қайталанып отырады.

Киплингің «Жарық сөнді»(1890) атты алғашқы романы соқыр болып қалған суретші баталистің қайғылы тағдырына айырылған. Бұл Кинменгтің буржуазиялық әлемде жалғыз қалған адамның қасіретін белгілі бір шамада бейнелеген психологиялық тұрғыдағы ең терең романы. Алаида роман қаһарманы көз жанарынан айырылған, сүиікті қызы мен достары тастап кеткен Дин Илдар өзіне шығар жолды немесе өмірді отарлау соғысының даласынан іздейді. Ол өзінің суретшілік мансабы басталған Суданға қайта оралды да сонда қаза табады.

Ерік - жігер мінез - құлықты тәрбиелеу мәселесі «Ержүрек теңішшілер» (1897) повесінде қойлады. Онда канаданың балықшылардың өмірі мен күнделікті еңбегінің қызықты реалист суреттемелер бар. Осының аясында ауқатты отбасынан шыққан ерке бала Гарви Чейннің мінезінің дамуы мен өзгеруі көрсетілген. Кейде балықшылар отбасына түсіп қалып ол жұмыс істеуді үйренді, табанды әрі батыл болып шығады.

Киплинг балалар өмірі туралы әйелдердің қайғылы жағдайы туралыда Үндістанды жаилаған ашаршылық жаилы да айтады (Мәселен «Кішкентай Торба» «Липсет және «Вильям жеңімпаз атты әңгімелерінде «Қорқынышты түн қаласында» және «Жас келіншектің саяхаттарында» жасанды эпизотиканы әшкерлейді.

Киплнгтің шығармашылығында едәуір көркемдік құндылықтарға ие анималистік туындылар ерекшеленеді. (1894-1895 жылдары Маугли туралы екі «Джунгли кітабы» мен оларды аяқтайтын «қорықта» атты әңгімелерден тұратын кітаптар пайда болды.

Клипинг діни - мистикалық тақырыпқа көне сюжеттерді қайталауға бет бұрады. Алуан түрлі тіршілік иелері» (1917) және Дебет және кридит (1926) әлемнің жабылмай қоймайтындығын христиандық көнбістік дәріптелді. Киплинг сюжеттерінде хритиандық аңыздарды да пайдаланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет