Ер жігітке жарасар,
Қолына алған найзасы.
Би жігітке жарасар,
Халқына тиген пайдасы
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Ой
Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.
Мұхтар Әуезов
Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.
Шоу Джордж Бернард
Тойған қарын ойға бөгет бола береді...
Ғабит Мүсірепов
Егер әркім өз пиғылын арамдық ойдан тазартатын болса, бүкіл ел ұры-қарыдан, зиянды әдеттен пәк болар еді.
Шыңғыс хан
Оқып шыққаннан кейін оны өзім де жаза аламын деген ойға салатын кітаптар ең жақсылары болып табылады.
Блез Паскаль
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов
Адамдардан немесе әртүрлі жағдаяттардан қашып құтылуың мүмкін. Бірақ өз ойларың мен сезімдеріңнен ешқашан қашып құтыла алмайсың
Ремарк Эрих Мария
Гипотезаны ойдан шығармайды.
Исаак Ньютон
Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы - өзінің ОЙЫ ғана
Оралхан Бөкей
Жазушы айтқысы келген ойын айтпауы қажет, жазуы тиіс.
Эрнест Миллер Хемингуэй
Ән — халық үні, оныі шындығы, оның ойы мен сезімі
Жамбыл Жабаев
Адам өз ойы арқылы өз мінезін қалыптастырады.
Йоганн Вольфганг фон Гёте
Өз ойларыңызға мұқият болыңыз. Кез келген іс ойдан басталады.
Лао-цзы
Сүйкімді асты қабылдаудың еш жағымды әсер болмайтыны тәрізді, ынтасыз, зердесіз білім қабылдауда ақыл ойды тоздырады, айтылған ақпараттар бойға сіңбейді, жақсы тәрбиелі ұрпақ қалыптаспайды
Леонардо да Винчи
Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.
Баубек Бұлқышев
Мемлекеттегі ресурстардың жетіспеушілігін өтеу үшін азаматтар: ой-өріс, тәртіп және тапқырлық қасиеттерінде басым болу керек.
Ли Куан Ю
Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек.
Николай Гаврилович Чернышевский
Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.
Мұхтар Әуезов
Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу, жоқты іздемеу — ой мешеулігі.
Ғабиден Мұстафин
Оқу — ой азығы,
Жаттығу — тән азығы.
Джозеф Аддисон
Балаға ой еңбегінің шаттығын, табыс қуанышын беріңіздер.
Василий Александрович Сухомлинский
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр.
Жүсіпбек Аймауытов
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбіңде жатады.
Ой түбіндее жатқан сөз,
Шер толқыса шығады
Асан қайғы
Жақсы дос бойға жарасады,
Жақсы жолдас ойға жарасады.
Әлішер Науаи
Көкейдегі ойды айқын түсіндіретін нәрсе — адамның еңбек әрекеті.
Джон Локк
Отан
Отаның үшін отқа түс – күймейсің.
Бауыржан Момышұлы
Опасызда Отан жоқ.
Бауыржан Момышұлы
Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремiн және соған жету үшiн тырысамын. Демек, атамекенiмдi құтқару үшiн күресемiн.
Мұстафа Шоқай
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
Туып-өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат, Қазыбек би Келдібекұлы Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат.
Йоганн Вольфганг фон Гёте
Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы.
Виссарион Григорьевич Белинский
Отбасы
Отбасы тірлігіндегі ең мәнді тетік – махаббат
Антон Чехов
Отбасылық өмірде ірі зілзаладан аман қалу ұсақ-түйек кикілжіңнен құтылаудан әлдеқайда оңай.
Габриэль Гарсиа Маркес
Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
Антон Семенович Макаренко
Достарыңызбен бөлісу: |