Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе



бет13/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102
онер тарихы книга

ПӘННІҢ ТAҚЫРЫПТЫҚ МAЗМҰНЫ


1-тaқырып.
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ЖAНРЛAРЫНЫҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ


Мaқсaты: бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жaнрлaрын қaрaстыру.


І. Дәріс.
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) – дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектурада, безендіруде және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ театр, кино мен теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адамды, табиғатты және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтиже- сінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттың даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Су- ретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қал- пымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына су- рет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры
қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биік- тік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің бар- лық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументал- ды-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлерді, галереяларды немесе үй ин- терьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументал- ды кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументалды мүсін архитектура- лық кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимарат- тарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және Батыс бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалып- тасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнерінің тарихы адамзат тарихымен қатар бастал- ған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде бол- ған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таң- баланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауым- дық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.
Бейнелеу өнерінің негізгі жанрлары ретінде пропорция, перспектива, портрет, натюрморт, иллюстрация, т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет