Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе



бет15/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102
онер тарихы книга

2-тaқырып.


AЛҒAШҚЫ ҚAУЫМДЫҚ ҚОҒAМ ӨНЕРІ
Мaқсaты: aлғaшқы қaуымдық қоғaм дәуіріндегі өнер қaлыптaсуының не- гізгі кезеңдері мен ерекшелігін қaрaстыру.


І. Дәріс.


Алғашқы қауым – адамзат тарихындағы алғашқы қоғамдық- экономикалық бірлестіктердің әлеуметтік ғылымдағы атауы. Алғашқы қауымды жер шарын мекендеген барлық халықтар өз дамуының бастау сатысында басынан кешкен. Алғашқы қауым-
да еңбек қатынастары құрал-жабдықтарға, қоғамдық меншікке негізделді. Шаруашылық ұжымды түрде және қарапайым еңбек құралдарының көмегімен жүргізілді. Ол адамның жануарлар дүниесінен бөлініп шыққан кезеңінен мемлекеттің пайда болу кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы қауым даму ке- зеңінің басты мақсаты – қауымның және оның мүшесі болып та- былатын әрбір адамның өмір сүруінің негізгі шарты болған қа- жетті өнімді өндіру және тұтыну. Өндіргіш күштердің нашар да- муы жағдайында бұл мақсатқа жетудің жолы ұжымдық (қауым шеңберіндегі) еңбек еді. Алғашқы қауымдық қоғам өндірістің материалдық жағдайларының теңдігімен, еңбектің жалпыға бір- дей міндеттілігімен, қоғам және қауым мүшелері мүдделерінің бірлігімен және негізгі құрал-жабдықтарға қауымдық меншіктің болуымен сипатталады. Қауым барлық ұжым мүддесіне сәйкес оның мүшелерінің өнімді тұтынуын реттеп отырды. Өнімді қа- уым мүшелері арасында тең бөлу, теңдестіру бұл қоғамда ал- ғашқы қауымдық адамның барынша қиын өмір сүруінің салдары болды. Олардың ешқайсысы жалғыз-жарым жүріп күн көре алмады.
Неолиттік дәуірде еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде ең қарапайым шаруашылықтан (аңшылық, терімшілік, балық ау- лау) өндіруші шаруашылыққа (жер өңдеу, мал өсіру) өту проце- сі іске асты. Өндіріс қуатының өсуі тұрақты артық өнім шығару- ға, қауым ішінде әлеуметтік қатынастардың өзгеріске ұшырауы- на, сыйлық алмасу жүйесінің дамуына негіз қалады. Әйел үстем- дігіне негізделген некеден патриархаттық некеге, кейіннен мо- ногаметалық некеге өтуге байланысты отбасының нығаюы және оның қауым шеңберінен дербестігі бірте-бірте арта түсті. Қа- уымдық меншік жеке меншікпен толықтырылды. Өндірістің же- кешеленуі және отбасының нығаюы алғашқы қауымдық ұжым- шылдық пен қауымның тұтастай әлсіреуінің белгісі еді. Өндір- гіш күштердің дамуына қарай (қола және темірден жасалған ең- бек құра-жабдықтарына көшу) және отбасы арасында террито- риялық (көршілік) байланыстардың орнауына байланысты бір- те-бірте алғашқы қауымның ыдырауына әкелген көршілік, кейіннен жер өңдеуші қауым дүниеге келді. Жерге жеке меншік пен қауымдық меншік арасында ішкі қайшылық пайда болды. Мұндай ішкі қарама-қайшылықтың дамуы қоғамдық әлеуметтік
жіктелу мен мемлекеттің пайда болуына жағдайлар жасап берді. Алайда адамзат тарихының бастауындағы қауымдаса өмір сүріп, шаруашылық жүргізу процесі әртүрлі үлгіде дамып, жалғасып келді. Әсіресе шығыс халықтары дәстүрінде, табиғаты қатал аймақтарда қоныстанған өзге де халықтар тұрмысында өндірісті жүргізудің қауымдық түрі ХХ ғасырдың соңына дейін сақталып отыр.


1-сурет. Ласко үңгірі, Францияда табылған жартас үстіндегі сурет, б.з.б. XIV мыңжылдық, жоғарғы палеолит. https://kk.wikipedia.org




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет