Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе



бет45/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102
онер тарихы книга

Біріншіден, адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауына байланысты ұлы әлеу- меттік революция жүзеге асты. Оған дәлел ретінде XX ғасырда
дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға тән «жеке еңбек етуден» жалданып еңбек етуге, ұжымда (коллективте) еңбек ету және бақылау арқылы еңбек етуге көшу жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың өмір сүру сал- ты адам айтқысыз өзгерістерге ұшырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар келтірейік. XX ғасырдың басында Батыстың ең алдыңғы қатарлы тоғыз еліндегі өнеркәсіп саласында еңбек етушілер халықтың 43%-ы болса, XX ғасырдың ортасында бұл көрсеткіш, яғни жалданып жұмыс істеушілердің саны 60%-ға жетті, өз кезегінде бұл көрсеткішпен қатар мұндай мемлекет- тердің саны да арта түсті. Мұндай құбылыс дамушы елдерде етек алды, тіпті жалданып жұмыс істеушілердің саны жағынан олар Батыс елдерін басып озды. XX ғасырдың басында дүние- жүзіндегі қала халқы адамзат баласының небәрі 3%-ын ғана құраса, XX ғасырдың ортасында олардың үлесі 28%-ға, ал ІX ғасырдың 90 жылдары 40%-дан асып кетті. Кең-байтақ мего- полистер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік-шығысын- да (көлемі 100 мың шаршы км, халқы 15 млн), Жапония Хоккай- дода (70- 50-700) және т.б. Қала мәдениеті жағдайында адамның мәдени жандүниесі күрделі өзгерістерге ұшырады [2]. Қала халқының алдында өзіндік өзгеше өмірдің есігі айқара ашылды. Адам теледидар және компьютерлік жүйелер арқылы толассыз хабарлар алу мүмкіндігіне ие болды, өмір салты, еңбек ету айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, білім берудің мазмұны мен түрлері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, ауыл халқының көпшілігі қалаға қоныс аударды, ал бұл жағдай түрлі ұлттардың өзара жақындасуына, мәдени байланыстарының кеңеюіне әсер ете отырып, оларды біртұтас жалпы адамзаттық мәдениет арнасын- да тоғыстырды.
Екіншіден, XX ғасырда адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қа- лыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал олар өз кезегін- де отбасыға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұжымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа отбасы мүлде жаңаша мазмұнға ие болды. Ұлттық мінез ерекшеліктеріне, отбасының өз ішіндегі қарым-қатынас-
тардың өзгешеліктеріне қарамастан, өз дамуында постиндус- триалдық кезеңге аяқ басқан көптеген елдерде түбегейлі өзгеріс- тер дәуірі басталды. Отбасылардың өз қажеттіліктерін қанағат- тандырып табысқа қол жеткізушілік, яғни отбасы мүшелерінің өмірлерінде алға басушылық байқалды. Патриархалдық отбасы- да балалар еңбекке ерте араласты, күнкөріс қамын ересектермен бөлісті. Ал XX ғасырда балалық шақтың созылуы, оларды жан- ұяның басты құндылығы деп санау, оларға айрықша қамқорлық- тың жасалуы жастардың дүниежүзілік мәдениетке деген құш- тарлығын арттырып, мүлде жаңаша адамгершілік, сезімдік және зияткерлік құндылықтарды өз бойларына тереңірек сіңіруіне се- бепкер болды. Бұл кезеңде жастар жалпы адамзаттық мәдениет- тің қайнар бұлағына сусындап, рухани азық алды, сөйтіп олар- дың бойында заман талабына сәйкес жаңа ізгі қасиеттер қалып- тасты. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер өмір сүрудің жаңа түрлерін, мәдени стереотиптерді өмірге келтірді. Мәдениеттің біртұтас дамуы қарама-қайшылықтарға толы процесс болды. XX ғасырда дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстарымен қабаттас келді. Қазіргі кезеңде мәдениетке «еуроцентристік көз- қарастың» шектеулі екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз.
«Техногендік Еуропа мәдениеті» ерекше дәріптеліп, оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге негіз етіп көрсетілді. Қазіргі за- ман тәжірибесі Шығыс елдерінің Батыс мәдениетінің құндылық- тарын, қол жеткен табыстарын өздерінің өндіріс және білім беру жүйесінде кеңінен қолданып отырғандығын көрсетіп отыр. Тынық мұхит елдері бүгінгі таңда ғылыми-техникалық про- грестің қозғаушы күштерінің біріне айналды. Адамзат санасын- да қалыптасқан «Шығысты Батысқа қарсы қою» идеясы (Батыс

  • ол Батыс, Шығыс – ол Шығыс, сондықтан да олар бір-біріне үйлеспейді) қалыптасқан жағдайды есепке алмайды. Мұндай көзқарас сөзсіз біртұтас «жалпы адамзаттық мәдениет» идеясын жоққа шығарған болар еді. Кезінде М. Вебер «протестанттық мәдениеттің» негізінде Батыс Еуропада нарықтық экономиканы қабылдау мен үйрену нәтижесінде қалыптасқан ұлттық мәдени дәстүрлердің орнына ерекше мән берген болатын. Оған дәлел нарықтық экономиканың әрекеті мен жер шарындағы мемлекет- тердің мәдени айырмашылықтары жайында жүргізілген белгілі

ғалым Хофстедтің классикалық зерттеулерінің қорытындылары болады. Бұл қорытындылар дүниежүзінің 100 еліндегі трансұлт- тық компанияларының қызметкерлерінің арасында жүргізілген сұрақ-жауаптарға негізделген. Дамыған елдердің алғашқы қата- рынан нарықтық экономикасы мен кәсіпкерлік қызметі шарық- тап дамыған елдер орын алған. Олардың өзі екі топқа бөлінген. Біріншісіне Ұлыбритания мен Канада жатқызылған. Бұл елдер мәдениетінде индивидуализм үстемдігі айқын байқалады. Инди- видуалистік мәдени дәстүрде адамдар ұжымнан тысқары, жеке әрекет еткенді қалайды. Мұндай жағдайда жеңіске бағдар алу, алға қойған мақсатқа жету және ол мақсат жолында кездесетін бәсекеге, қиындықтарға төтеп беру басты орынға қойылады. Екінші топқа Швеция мен Жапония сияқты мемлекеттер жатқы- зылған. Мұнда біршама ұжымдық (коллективтік) құндылықтар үстемдігі айқын аңғарылады. Шаруашылықты жүргізудегі көп- теген ұқсастықтарға қарамастан, бұл екі блок елдерінің арасын- да келіспеушілік пиғылдар да бар. Мысалы,америкалықтар швед кәсіпкерлерінің іс-қимыл стилін жақтырмай, олардың жұмысын көргенде бастары ауыратындығын жасырмайды. Ұжымдық мә- дениетке тән нәрсе – нақты шешім қабылдауда бұйрық беруден бас тартып, бір шешімге ақыл-кеңес арқылы келу. Кәсіпкерлік- тің мұндай жолын америкалықтар босаңдық таныту, олай болса мұндай жағдайда басшы адамның беделі жойылады деп есеп- тейді. Демек, АҚШ-та мәдени идеал – өз күшіне сенген, қандай мәселе болса да жеке-дара шешетін, заң алдында жауап бере алатын, алдына қойған кәсіпкерлік мақсатына жете алатын жеке адам. Керісінше, жоғарыда байқағанымыздай, Скандинавия кәсіпкерлері ұжымдық іс-қимылды табыстың басты көзі деп санайды. Осы орайда техногендік жағынан үлгілі елдердің қата- рына жататын Жапония мемлекетінің жетістіктері мәдени даму- дың ұлттық түрлеріне негізділген. Мұнда «техногендік өрке- ниет» ерекше мәдени орта жағдайына қарамастан өзіндік үйле- сімділік тапқан. Жапон мәдениетіндегі ғасырлар бойы қалыптас- қан табиғат, адам мен қоғам арасындағы ерекше қарым-қатынас- тар елдің нарықтық экономика саласындағы қомақты табыста- рына тікелей әсер етіп отырғандығын мойындамасқа болмайды. Міне, сондықтан да Жапонияда мәдениеттің ерекше ұйымдасты- рушылық түрлері пайда болды. Жапондардың ұлттық-мәдени
бет-бейнесінің ерекшелігі еңбекті ұжымдық тәсілмен ұйымдас- тырудан-ақ айқын байқалады. Мысалы, кәсіпорын басшысы ше- шім қабылдамас бұрын, оны қарамағындағылармен келісіп- ақылдасып алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет