Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе



бет44/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102
онер тарихы книга

15-тaқырып.


ХХ ҒAСЫР ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МAҢЫЗЫ


Мaқсaты: ХХ ғaсырдaғы Бaтыс Еуропaның көркемөнер мәдениетіндегі негі- зігі ерекшеліктері мен сол кезең шеберлерінің шығaрмaшылығын қaрaстыру.


І. Дәріс.


ХХ ғасырдағы өнерінің ерекшеліктері
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыс- тарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа
деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адам- заттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қой- ған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгілік- тің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым- қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, XX ғасыр мәдениетінің мазмұ- нын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі – XX ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (XX ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқы- рауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселе- лері), екіншісі – XX ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.). Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жа- ғынан 6 млрд-қа жеткен адамзат баласы 2 млн-ға жуық өсімдік- тер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңғаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да (отба- сылық, жыныстық, жасына, мамандығына, ұлтына және т.б. қа- рай) тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол – ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген «жалпы адамзат- тық мәдениет». «Дүниенің тұтастығы» дегеніміз – дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы» қазіргі замандағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын бі- ріктіретін «жаңа заман мәдениетінің» тағдыры адамзаттық құн- дылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамы- туға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамы-
туға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. XX ға- сыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығарған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениет- тің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі – «дүниежүзілік пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық құн- дылықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель бір ғана ұлттық мәдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағ- дайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мә- дениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айна- луы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды, көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы бол- майды. Жалпы адамзаттық мәдениет жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз – Олар» жолы – өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек, тағылық заманға қайтып оралған болар едік. Жалпы адамзаттық мәдениет – көркемдік-поэтикалық, ғы- лыми, өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әртүрлі халық- тар мен ұрпақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір мен шындықты және дүниені танып білуінің бірыңғай тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және нәсіл- шілдік өшпенділігіне жол бермейтін, адам мен халықтар құқы бұзылмайтын, қайыршылық пен сауатсыздық, экономикалық және мәдени отаршылдықтан ада біртұтас өркениет құруға ба- ғытталуда. Мәдениеттің бұл үлгілері мәдениетті қалыптасты- руда басты бағдар болып отыр. Адамзаттық мәдениеттің қалып- тасуын халықаралық қауымдастық мүшелері құндылықтарының белгілі бір жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда, түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды. Ал адамзаттың «біртұтас ғаламдық мәдениеті» мәсе- лесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет