14-тaқырып.
ХХ ҒAСЫР ӨНЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МӘНІ
Мaқсaты: ХХ ғaсырдaғы Бaтыс Еуропaның көркемөнер мәдениетіндегі негі- згі ерекшеліктері мен сол кезең шеберлерінің шығaрмaшылығын қaрaстыру.
І. Дәріс.
XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүние- нің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды.
Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пай- да болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.
Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғасырда етек алған «сауық- тық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бастаған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жаппай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға бол- мас, бірақ бұл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіп, оның құпиялық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шы- ғармаған жөн. Сондықтан да болар, осы бір сындарлы тарихи кезеңде халық көңілінен шығар нағыз өнердің қажеті біліне бас- тады. Өнер қоғамдық көңіл күйдің жаршысы болды. Философия тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік пен ізгіліктің қайнар бұлағы, адамның жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер мәдениет саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп, дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бұл ой-тұжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең бастысы «өнердің қоғамның соты» рөлін қалай атқарғандығын толық түсіну үшін тағы да XIX ғасыр өнерінің тарихына қыс- қаша тоқталып өтелік. Бұл ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты. Бірінші кезең – декаданс («құлдырау» деген мағынаны береді). XIX ға- сырдың 50-жылдарынан бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір қоғам- дық оқиғасы халықтың шығармашылық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік мазмұнға ие болды. Ұлы француз революция- сынан қанаттанып, шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте түсті. Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Олардың прогрессивтік идеялары утопия- лық социализм идеяларымен де ұштасып жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл осындай идеялық бауырластығын қалай түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған жағдайлар: қо- ғамдық құрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күңгірттігі және т.б. болды. Тама- ша болашақты тіпті болмағанда қиялында жүзеге асыру роман-
тиктерге тән қасиет екендігін естен шығармаған жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақтарының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамдысынай отырып, бұл ортадан безіне қашады. Мұн- дай көңілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылық- тың» үш бағыты болды. Біріншісі – табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көңіл күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі. Сондықтан да болар роман- тиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерекше дәріптеп, олардың рухани байлығын паш ететін халық- тық фольклорды жоғары бағалады. Бұрыннан белгілі экзотика- лық елдермен қатар, ұлы географиялық ашылымдар барысында ғана белгілі болған елдердің әсем табиғаты олардың өнер туын- дыларының басты тақырыптарының біріне айналды (Байронның поэзиясындағы, Делакруаның суреттеріндегі шығыс тақырып- тары және т.б.). Ал нақты өмір көріністері болмаған жағдайда романтиктер өздерінің таңғажайып қиялдарына еркіндік берді, оған Гофманның, Гейненің, Вагнердің фантастикалық шығарма- лары жатады.
Екінші бағыт өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дү- ниені қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерде романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасырлар кезеңін, оның өмір-салты мен салт-дәстүрлерін (В. Скоттың рыцарьлық романдары, Ваг- нердің опералары және т.б.), шаруалардың патриархалдық тұр- мыс-тіршілігін (Ж. Санд, Колридж) және т.б. өмірлік жағдайлар- ды өз шығармаларының арқауы етті.
Үшінші бағыт адамның болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жандүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бұл дүниенің қарама-қайшылықтарын шын- дық тұрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері, Т. Жерико мен Э. Делакруаның портреттері және т.б.). Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сүйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағынасы бар деген қо- рытынды жасауға болады.
Олар: «романтикалық тарихилық», «индивидуалистік субъектизм».
Ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағына зер салу, мәдени құ- былыстарды тарихи тұрғыдан алып қарастыру, басқа халықтар-
дың өмірімен танысу кездерінде романтиктер бұл тарихи про- цестердің қайталанбайтындығына, өте сирек кездесетініне, олар- дың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» – буырқанған револю- циялық дәуірдің жемісі. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі – жүректің үні, интуи- ция (сезіну). Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты туындайды. Оның мән-мағынасы – жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В. Вейдле «Роман- тизм дегеніміздің өзі – жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері тол- маса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер – энту- зиастар болды. Ең бастысы, олар халықтың ғасырлар бойғы жи- нақтаған мол мәдени мұраларына сүйенді. Жоғарыда атап көр- сеткеніміздей, романтизмнің дамуы әр елдегі қалыптасқан қо- ғамдық-саяси жағдайларға тығыз байланысты болды. Мысалы, Францияда романтизм буырқанған қоғамдық-саяси өмірдің ай- насына айналды. Әсіресе еркіндікті сүю мен патриотизм фран- цуз романтизміне тән басты қасиеттер болды. Ағылшын роман- тиктері Байрон мен Шеллидің шығармаларында қоғамдағы жа- ғымсыз қылықтар қатал сынға алынды.
Саяси бытыраңқылық жағдайында қалыптасқан неміс ро- мантизмінің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Бұл дәуірде неміс романтиктері музыка, әдебиет және т.б. өнер салаларындағы ас- қан үздік шығармаларында қоғамдық өмірге сын көзбен қарай отырып, философиялық, эстетикалық тұжырымдар, теориялар жасады. Романтизммен қатар XIX ғасыр ортасына қарай реа- лизм ағымы да өзіндік бет-бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым-қатынастардың белең алуымен тығыз байланысты болды. Мұндай өзара тәуелділікті кездейсоқ жағдай деп қарастыруға болмайды, өйткені капитализм жағда- йында әлеуметтік қайшылықтар асқынып, қоғамның бет-бей- несі, әдет, саяси-ғұрыптары айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Қоғамда орын алған мұндай жағдайлар адамның рухани дамуы- на ерекше ықпал жасады. Өз кезегінде бұл процестер реалистік
өнердің туындауына түрткі болды. Ал дәл осы кезеңде қалып- тасқан әлеуметтік-тарихи немесе сыншыл реализм Қайта жаң- ғыру дәуірі мәдениетінің реализмі, Ағартушылық дәуірінің реа- лизмі сияқты өзіне дейінгі тарихи кезеңдердегі реалистік өнер- дің игі дәстүрлерін өз бойына сіңіре білді. Осы орайда сыншыл реализмнің тамыры тереңде екендігін, оның революцияшыл ро- мантизммен де тығыз байланыста болғандығын атап өтуіміз қажет, өйткені бұл ағымдардың өзара тоғысуының басты себебі буржуазиялық қоғамның келеңсіз көріністерінде жатыр. Реалис- тер де, романтиктер де адамның рухани дүниесіне ерекше назар аударды, оларға тарихи сана-сезім, халық мүдделері өте жақын болды. Бірақ «болмыстан» қашқан романтиктерге қарағанда
«сыншыл реалистер» болмыс сырын ашып-көрсетуге, қоғамдық өзгерістердің себептерін түсіндіруге тырысты. Әлеуметтік тақы- рыптарды қамтитын романдар жазуға деген әуестенушіліктің сыры осы жағдайға байланысты болса керек. Ұлы қаламгер О. Бальзактың пікірінше, француз әдебиеті дүниежүзілік әде- биетте соны бағыт танытып, алғаш рет «қоғамдық адамның» бет-бейнесін жан-жақты сомдай білді. Көркемөнер саласында да Франция елі реалистік бағыттағы тамаша туындылар берді. Олардың қатарына: Т. Руссоның пейзаждары, О. Домьенің гра- фикасы, Ж.Ф. Милленің шаруалар өміріне арналған суреттері және т.б. жатқызуға болады. Англияда реалистік ағымның қа- лыптасуы өнеркәсіп төңкерісіне тікелей байланысты болды, ал өз кезегінде өнеркәсіп төңкерісі халықтың және ірі өнеркәсіп орындарының ірі қалаларға шоғырлануына және жаратылыста- ну ғылымдарының дамуына жол ашып берді. Өкінішке орай, ағылшын буржуазиясының консервативтілігі салдарынан Англияда реалистік ағым жан-жақты дами алмады. Оған дәлел ретінде тарихи және тұрмыс-салт жанрларының кенже қалуын айтсақ та жеткілікті сияқты. Қала мен ауыл арасындағы айыр- машылықтардың күшеюі мен ауылдық өмірді аңсаушылыққа байланысты пейзаждық кескіндеме өнері саласында талай сәтті туындылар өмірге келді (Дж. Констебль және т.б.). Аталған процестерді тереңірек бейнелеумен «викториандық дәуірдің» тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерін нақты шындық тұрғысы- нан көрсетуде ағылшынның әлеуметтік тақырыптарға жазылған романдары айрықша үлес қосты (Ч. Диккенс, Д. Голсуорси,
У. Теккерей, Т. Гарди және т.б.). Германияда реалистік бағыт, кейіннен, яғни XIX ғасыр аяғында қалыптаса бастады (Менцель- дің кескіндемесі және т.б.). Оның басты себебі елдің экономи- калық даму жағынан артта қалуына байланысты буржуазиялық даму жолына өте кеш түсуі еді. Сонымен қатар Германияның саяси бытыраңқылығы мен романтикалық дәстүрлердің орнық- тылығы да өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Еуропа реализмі (Э. Золя, Ч. Диккенс, У. Теккерей және т.б.) өнер сахнасына іскер адамдарды шығара бастады, сөйтіп кәсіпкерлік пен бизнес дүниесінде жаңа кейіпкер – буржуаның рөлі арта түсті. Бірақ реалистік өнер өкілдері қарапайым адамдардың тағдырын, олар- дың өміріндегі қилы-қилы кезеңдерді, олардың жан-дүниесін, сезім толқындарын жан-жақты көрсетуді де естен шығармады. Мысалы, Менцель кескіндеме өнері саласында өндіріс тақыры- бын қозғай отырып, өнер арқылы жұмысшы мәселесін шешуге әрекет жасады. Капитализмнің өзіне тән сипаты – заттық тәуел- ділікке негізделген жеке адамның тәуелсіздігі мәселесі де реа- листік ағым назарынан тыс қалмады. Реализм бұл тәуелділік жүйесін әлеуметтік тұрғыдан қарастырды. Мысалы, реалистік тұрғыдан жазылған романдардың мазмұнын алып қарастыратын болсақ, онда буржуазиялық қоғамның жеке адам тағдырына үстемдігі мен оның қыспағынан құтылудың оңай еместігі дәлел- денеді. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, реалистік туындылар көне заман трагедияларымен, одан қалды романтизм ағымымен үндес болып келеді. XIX ғасырдың 80-жылдарында реализм негізінде жаңа бағыт – натурализм (ағайынды Гонкур, А. Доде, Э. Золя және т.б.) пайда болды. Натурализм позитивизммен (Г. Спенсер) және Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясымен ты- ғыз байланыста қалыптасты. Бірақ бұл ағымдардың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Реализмде аңсаған арман-мұратқа жету сарыны басым болса, натурализм әлеуметтік рухқа толы болды. Натурализм адамдық мәнімен өмір сүрудің мағынасын биоло- гиялық себептермен байланыстыра қарастырып, адам тағдыры мен мінез-құлқының қалыптасу сырларын ашып көрсетуге әре- кет жасайды. Натуралистік ағымның өкілдері капиталистік қо- ғамда дөрекі шындықтың болмай қоймайтындығын, буржуазия- лық тұрмыс жағдайында адамның көңіл күйінің басыңқы күйде болатындығын атап көрсетті. Мұндай жағдайлар пессимизм мен
фатализмге апарып, «бейтараптық» принципі әлеуметтік енжар- лықты ақтау құралына айналды.
ғасырдың 50-жылдарында Еуропа өнері декаданс дәуі- рін басынан кешірді. Декаданс өзінің қалыптасу кезеңінде реа- лизмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да болар бұл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында пессимистік, селсоқтық көңіл күйлерге байланысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы дағдарысты көрсету мақсатында қолданыла бастады. Мұндай көңіл күй алғаш рет француз «символизмінде», ағылшын «эстетизмінде», «өнер – өнер үшін» концепциясы теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта
«декаданс» сарыны «модернистерде» де пайда болып, «импрес- сионизм» ағымында өз жалғасын тапты. «Капитализмнің қар- қынды дамуы мен ғылым және техника саласындағы орасан зор жетістіктер жағдайында рухани мәдениет саласында декаданс құбылысының туындауын қалай түсіндіруге болады және XIX- XX ғасырлар аралығында мәдениет дағдарысы болды деп толық сеніммен айта аламыз ба?» деген орынды сұрақтар туындайды. Бұл сүрақтарға нақты жауап беру үшін сол кезеңдегі қалыптас- қан тарихи жағдайларға қысқаша көз салайық. XIX ғасыр аяғы буржуазиялық революциялардың аяқталып, капитализм тари- хында алғаш рет бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған заман болды. Бұл уақытта өнеркәсіп төңкерісі де аяқталған болатын. Ғылыми-техникалық прогресс буржуазиялық қоғамның даму қарқынын жеделдете түсті. Бұл дәуірде қоғамдық сананың
«позитивизм» рухында сапалық өзгерістері аңғарылды. Екінші жағынан, белгілі бір орталарда «иррационалдық» философия- ның идеяларына сұраныс күшейді. «Импрессионизм» (француз- дың «әсер» деген сөзі) ағымы өзінің философиялық негізі ре- тінде «позитивизмді» шебер пайдалана білді. Осы орайда «им- прессионизм» ағымының француздың реалистік өнерінің қойна- уында пайда болғандығын да атап өткен жөн. Сондықтан да болар 1874 жылы импрессионистердің алғашқы ұйымдастырған өнер көрмесінде қойылған К. Моненің пейзаждық туындылары
«Әсер», «Күннің шығуы» деп аталды. Импрессионистер (К. Моне, Э. Мане, Э. Дега, О. Ренуар және т.б.) өз алдарына
қоршаған ортаның сан алуан құбылыстарын, мәнді өзгерістерін бақылап, зерттеп және оның нәтижелерін өнер саласына аудару мақсатын қойды. Басқаша айтқанда, нені көргенін емес, қалай көргендігін барынша толық беруге тырысты. Әрбір көріністен алған «әсерлер» белгілі бір заттың «көркемдік мәнін» ашуға бағытталды. Осылайша «импрессионистер» әртүрлі түстер бай- лығына үлкен мән бере отырып, қоршаған ортаның тынысын, ондағы болып жатқан өмір құбылыстарын жан-жақты суреттеу- ге тырысты. Осы жағдайларды ескерсек, өмірдің сан-саласын жан-жақты қамтуға тырысқан бұл ашық та, жарқын өнер түрінің дағдарысқа ұшырауы туралы сөз болмауға тиісті. Бірақ импрес- сионизмнің реализм негізінде туындағанын еске ала отырып, бұл өнер саласында дағдарыстың орын алғандығын анық бай- қауға болады. Өйткені импрессионистік тәсілдің қауіптілігі қо- ғамдық құбылыстардың сыртқы көрінісін ғана қамтып, ал олар- дың ішкі мән-мағынасын ашып көрсетуге мән бермеді, сөйтіп қоғамдық өмірге сын көзбен қарайтын реалистік дәстүр бұзыла бастады. Ерекше атап өтетін тағы бір жайт, импрессионистер әлеуметтік мәселелерді көрсету мақсатында өнер саласында түр- лі әлеуметтік типтерді (маскүнемдерді, қайыршыларды, жезөк- шелерді және т.б.) енгізді, бірақ қоғамда орын алған мұндай жағдайлардың әлеуметтік себептері ашылмады, мұндай келеңсіз құбылыстар қатал сынға алынбады. Тіпті кезінде реалистердің басты назарында болған кейбір мәселелер ұмытылып қалды, дәлірек айтқанда, гуманистік және демократиялық идеялардың салтанат құруы үшін қоғам өміріндегі жат қылықтарды сынау- мен қатар, оларға қарсы бітіспес күрес ашу қажеттігі назардан тыс қалды. Импрессионизм ағымындағы орын алған дәл осын- дай дағдарыс құбылыстарының нәтижесінде «берекесіздік эти- касына» жол берілді, ал ол өз кезегінде «символизмде» теория- лық жағынан негізделіп, өзіндік бағдар алды. Реалистік дәстүр- лердің терең дағдарысы «постимпрессионизмде» (П. Сезанн, В. Ван Гог, П. Гоген және т.б.) де көрініс тапты. Бұл ағымдағы- лар адамның тіршілік жағдайларының өзгеруі, үлкен қалаларда- ғы үйлесімділіктің бұзылуы сияқты келелі мәселелерді шындық тұрғысынан көрсете алатын реализмнің жаңа шығармашылық әдістерін де қарастырды. Әрине, мұндай ізденістердің нәтиже- сінде өнердің сан саласының парасаттылық сипаты артып, белгі-
лі бір жүйеге келуі шарт еді, бірақ әлеуметтік шиеленістерді өнер арқылы, оның ішінде кескіндеме өнері арқылы танып- білуге және өнер арқылы келеңсіз көріністерге қарсы тұрып, оларды жеңуге деген ынтаның болмауы мен дәрменсіздіктің салдарынан көптеген суретшілер шындықтан алшақтап, өз орта- сынан қашқақтап, тұйықтала түсті. Өз-өзімен болушылық сияқ- ты қасиеттер импрессионизмді романтизм ағымымен жақындас- тырды. Оларға символизм, субъективизм, мистицизм сипаттары да ортақ болды.
Достарыңызбен бөлісу: |