ДКШ-64 "Волжанка" бір-біріне байланысы жоқ екі құбырдан тұрады (ұзындығы 395,6 м (400м), әр қанатында 32 дөңгелегі болады. Олардың диаметрі 1,9 м. Құбыр сол дөңгелектің өсі болып өтеді. Сол құбырда орта қашықтыққа су шашатын 32 саптама орнатылған. Әрқайсысының су өтімі-0,9 - 1,0 л/с. Құбыр суды гидранттан алады. Онда қысым 30-40м болуы керек (сурет). "Волжанка" бір орнында тұрып 1,46 гектар жерді суғарады да, келесі орынға (18м) өзі жылжып барады. Ол үшін ортада орналасқан «Дружба» моторын қосса болғаны. Жалпы су өтімі – 62,7 л/с. Жаңбырлатқыш қысқа бойлы дақылдарды суғаруға арналған.
Бір орында жұмыс істеу мерзімі төмендегі теңдеумен анықталады:
t = m/iB, мин
мұндағы:
m - суару нормасы, мм;
і - жаңбырдың үнемділігі мм/мин;
В - жаңбырлатқан кездегі су өтімі 85...90л/с.
"Фрегат" суды гидранттан алады да оны айнала жылжиды. Қанатының ұзындығына байланысты оның 29 түрі жасалған. Қанатының ең ұзыны 450 метрге барады. Жаңбырлатқыш дюраллюминийден құйылған құбырдан құралған. Бір айналымға 50-250 сағат уақыт кетеді. Бір ауысымда 4,5-5 гектар, ал маусымда 84-144 гектар жер суғарады. "Фрегат" бойы биік дакылдарды да суаруға арналған (сурет).
Сурет. «Фрегат» жаңбырлатқыш машинасы.
1-су көзі; 2-сорап станциясы; 3-магистральді құбыр; 4-жеткізу құбырлары; 5-гидранттар; б-шекара; 7-суғарылған алкап; 8-сугарылмаган алқап.
Гидранттардың ара қашықтығы -670-900м. Су өтімі 58-103 л/с. арасында. Су қуаты арқылы "Фрегат" жаңбырлатқышы сағат тілі бағытында гидрантты айнала суғарады. Оның әр дөңгелегінде гидравликалық қоңдырғы орналасқан. Бір оператор 3-4 "Фрегатты" қатарынан бақылап отыра алады. "Фрегаттың" гидрантты бір рет айналуына қажетті уақытты төмендегі тендеумен табады:
Т = m*Tмин
Ммин
Бұл жерде:
m - қажетгі суару нормасы, м3/га;
Тмин - гидрантты бір рет айналуға кететін ең кіші мерзім, 37-51 сағ.;
Ммин – ең кіші суару нормасы, 190-240 м3/га.
ДФ-120 «Днепр» орта қашықтықты, көп дөңгелекті жаңбырлатқыш машина. Дақылдың барлық түрін суаруға арналған.
Сурет. ДФ-120-«Днепр» жаңбырлатқыш машинасы.
Бұл машина да жеңілдетілген металл құбырлардан тұрады. Ұзындығы-400 м. (бір қанаты). Оның биіктігі жерден 2 метр, жаңбырлату ені - 27 метр. Суды қысымды гидранттан алады. Құбырдың ара қашықтығы 800м. Ал гидранттардың ара қашықтығы-54м. Гидранттағы су қысымы-45м. Су өтімі 120л/с. Бұл машинада 34-«Роса-3» саптамасы бар. Бір орында тұрып 1,1 га (400х27м) жерді суғарады. Суару технологиясы «Волжанка» агрегатының технологиясымен бірдей. Бірақ бір орыннан екінші орынға электр қуаты арқылы жылжиды.
Достарыңызбен бөлісу: |