ДДН-70, ДДН-100 жаңбырлаткышмашиналары(сурет). Бұлар суды алысқа шашатын агрегаттар. Топыраққа өте қолайсыздау болып келеді. Бұл агрегатта-тракторлардың артында арнайы саптама орналасқан. Суды уакытша арықтан алады. Олардың ара қашықтығы-100-120м. Жаңбырдың үдемділігі 0,3-0,45 мм/мин. Бір маусымда олар 60-150 гектар жер сугарады. Кейде суды жабық құбырдан да алады.
Сурет. Т-150К тракторына ілінген алыс қашықтықты ДДН-100 жаңбырлаткыш машинасы.
Сурет. Алыска шашатын ДДН-100 жанбырлатқыштың жұмыс істеу технологиясы:
а - айналып; б - секторлап; 1 - уакытша канал; 2 - жол.
ЭДМФ-«Кубань-М» жаңбырлатқыш машинасы. Ол суды ашық каналдан алады. Канал бойындағы 3 метрлік жолмен жылжып отырады. Оның ұзындығы 400метрден екі қанаты бар. Жерден өте биік тұрады. Қанатының әр бөлігі бірі мен бірі дөңгелек арқылы жалғасқан. Жаңбыр тамшысы өте майда болып, тұманданып тұрады. Су өтімі 160-170 л/с арасында. Оның басқару бөлімінде дизельді мотор және генератор орналастырылған. Әр дөңгелекте электромотор мен редуктор орналасқан. Электр қуаты арқылы жылжытып отырады.
Жаңбыр тамшыларының диаметрі 2мм-ден кем болғандықтан машинаны топырақтың барлық түріне және барлық дакылдарға пайдалануга болады. Орталық басқару пульті арқылы машинаның екі қанатының автоматты түрде бір қалыпты жүруін бақылауга болады.
Жаңбырлатқыштармен суғарғанда жаңбырдың жерге түсу жылдамдығын, суару мерзімін, жұмыс өнімділігін және олардың кажетті санын анықтау өте қажет. Оның ең маңызды көрсеткіші жаңбыр тамшысының диаметрі мен оның үдемділігі болып табылады.
Жаңбырдың үдемділігі деп, жанбырлатқыштың бір минутта жер бетіне түсетін су деңгейін айтады, мм/мин.
Жаңбырлатқыштардың технологиясына байланысты, жаңбыр тамшысының үдемділігінің екі түрі болады. Олар: нақты және орташа деп аталады.
Нақты үдемділік (р)деп, жер бетіндегі бір нүктеге түскен тамшының жылдамдығын айтады.