2. Суғармалы жерлерді кәріздеу - Суғармалы жерлерде кәріздеу дәрежесі жоғары ыза суы жер бетіне жақын жатса, ол табиғи түрде ешқайда ағып кете алмаса және пайдалану шаралары арқылы оның деңгейін төмендету мүмкіндігі болмаса кәріздеуден басқа амал қалмайды.
Суғармалы макта шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтарда ыза суы деңгейі жер бетінен кемінде 2,5-3 метрде жатуы керек. Сонымен бірге суғарғаннан кейін ыза суы әрі кеткенде 7-8 күнде 1,2-1,3 метр көтерілсе, одан көп зиян келе қоймайды. Ыза суы деңгейін төмендету және оны суғармалы танаптан бұрып жіберу үшін, сол жерлердің гидрогеологиялық топырақ және шаруашылық жағдайларына қарай ашық каналдар қазып, жабық көлбеу немесе тік кәріздеу әдісін қолдануға болады.
Ашық кәрізді каналдар мен жабық кәріз жүйелері ыза суы жақын суғармалы жерлерде жүйелі және іріктеу секілді сипат алады. Ашық кәрізді каналдар егістіктерде ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға және уақытша суландыру жүйесін салуға кедергі етпеуге тиіс. Ашық кәріз еңісі аз және топырағының су өткізгіштігі шамалы учаскелерде колданылады. Ашық каналдар ыза суы мен жер беті суын бұрып әкетеді. Тереңдігі 1,5-2,5 м каналдар бір-бірімен 200-500 м қашықтықта ғана қазылады. Олар тереңдігі 2,5-3;5 м канал-коллекторларға барып құяды. Ашық каналдар лайланбас үшін, олардағы судың ағу жылдамдығы секундына 0,25 м, ал еңістігі кем дегенде 0,001-0,003 болу керек.
Коллекторлы кәрізді ашық жүйенің біршама кемшілігі бар.
Біріншіден, жиі қазылған каналдар ауылшаруашылығы машиналарының жүруін қиындатады.
Екіншіден, ол каналдардың бойын қуалай арам шөп өсіп кетеді де, зиянкестер мен арам шөптердің ордасына айналады.
Үшіншіден, қазылған канал суғармалы танаптардың едәуір жерін алады да, суғармалы жерлерді пайдалану коэффициенті де төмендейді.
Төртіншіден, канал қазуға бүкіл жүйені салуға жұмсалатын шығынның 2,5-8% шығады. Сондықтан да қазіргі кезде біздің еліміздің, сондай-ак шет елдердің суғармалы жерлерін сортаң тартқызбау үшін жабық кәріз қолдану кең етек жайған. Көлбеу жабық кәріз ашық кәрізге қарағанда - тиімдірек. Ол ыза суын төмендетіп, оны суғармалы жерлерден бұрын әкетеді.
Жабык кәріздерді қыштан жасаған асбест-цементті, бетонды немесе пластмассалы құбырлардан салады. Кәріздердің алғашқы тобы үшін диаметрі 50 сантиметрге дейінгі құбырлар жарамды. Қыш құбырлар саңылауларының аралығы 0,5-1 мм етіп салынады. Сол саңылаудан ыза суы кәрізге іріктеледі. Кәріздер лайланбас, ягни батпақтанбас үшін, құбырлардың тоғысқан тұстарын айналдыра майда тастармен көміп тастайды.
Жабық кәріз каналдардан кемінде 20-30 м қашыктыкқа салынады. Оны каналдардың астынан тартуга болмайды. Өйткені, каналдардан су кәрізге барып сүзіледі.
Суғармалы аймақта ыза суы аздаған қысыммен кәрізге іркіледі де, сонымен ағып отырып коллекторға, одан су қабылдағышқа құйылады. Ыза суының деңгейі кәріздің әсерінен төмендейді. Ал кәріздер арасында депрессиялық қабат пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |