Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Үдеткіш және есірткі өсімдіктер
Мақсаты: Үдеткіш және есірткі өсімдіктердің морфологиялық
ерекшеліктерімен танысу
Жоспар:
1 Шай бұта, көкнәр, кенепшөп.
2 Темекі өсіру
3 Кофе ағашы
Жалпы түсінік
Шай (Thea) - өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Оның біреуінің қытай және жапон шайы деген екі түр тармағы бар; қытай шайы (T.sinesis) – Оңтүстік Шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биіктігі 3 м мәңгі жасыл бұта. Ассам шайы (T.assamia) бірнеше түр тармағына (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань т.б) бөлінеді. Шайдың бұл түріне цейлон шайы да (қытай шайы мен ассам шайының табиғи гибриді) жатады. Ассам шайы – биіктігі 10-15 м, мәңгі жасыл ағаш, жабайы түрі Үндістанда Ассам ормандарында өседі. Шайдың екі түрі де Жер шарының тропик аймақтарында (330 Оңтүстік ендік пен 470 Солтүстік ендік аралығында) өсіріледі. Ассам шайы (манипурий түр тармағы) – онша биік емес ағаш. Шайдың негізгі тамыры 2-3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ не қызғылт, 5-7 (кейде 5-9) желекті, аталығы 200 астам, жемісі – қорапша, 1-5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады, 1000 дәнінің салмағы 1 кг-дай.
Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік (27-сурет).
27-сурет. Табак (сол жақта) және махорка.
Оның 60-тан астам жабайы түрлері көбіне Америка мен Австралияда таралған. Темекінің 2 түрі – мәдени (N. tabacum) және махорка (N.rustica) өсіріледі. Бұл екі түрі бір жылдық, ал жабайы түрлері көп жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі өте жақсы жетілген, білеу тамыры 1,5-2 м тереңдікке қалған тамырлары топырақтың жоғарғы қабатына жайылып таралған. Сабағы тік, бас жағы аздап бұтақталған, биіктігі 2,5 м. Жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасқан, сопақша дөңгелек пішінді. Гүлдері қос жынысты, көбіне қызыл, қызғылт, ақ түсті, гүл шоғына топтасқан. Тұқымы қоңыр, дөңгелектеу. Темекінің тамыр сабағында, әсіресе жапырағында никотин, анабазин, никотимин т.б. алколоидтар болады. Кептірілген және ферменттациядан өткен кәдімгі темекі жапырағында (% есебімен) 1-4 никотин, 2-20 көмірсулар, 1-13 белок, 5-17 органикалық қышқылдар, оның ішінде 1-5 лимон қышқылы, 4-12 шайыр, 0,1 -1,7 эфир майлары болады. Темекі жапырағынан ұсақталған, мүштікке салатын, шайнайтын және папирос, сигарет, сигаралар жасайтын темекі жасалады. Темекі тұқымында түрлі техникалық мақсаттар үшін қолданылатын 30-35% май қышқылдары бар. Темекінің гүлдері хош иісті, декоративтік түрлері де бар. Бұлар бір жылдық, биіктігі 70-80 см, гүлдері ақ сары, қызыл, көк, қоңыр келеді. Ірі гүлді алатау, сандера түр тармақтары және орманда өсетін түрлері кең таралған. Темекінің вегетациялық дәуірі – оның сортына және өсірілетін жерінің ауа райы жағдайына байланысты 135-170 күн. Тұқымы ауаның температурасы 27-280 С және ауаның ылғалдығы 70-80% болғанда өнеді, ал сабақтарымен жапырақтары өсімдікті тұрақты жерге отырғызғаннан кейін 24-280С жылылықта өседі.
Кофе ағашы (coffea,араб. кахва) – ойран шөп тұқымдасының бір туысы. Аласа мәңгі жасыл ағаш не биік ірі бұта. Қолдан өсірілетін түрлерінің биіктігі 3-6 м. Жапырағының түсі қою жасыл, гүлі ақ, хош иісті. Жемісі қызыл немесе қара көк, үлкендігі шиедей, 2 дәнді. Осы дәндері не оның ұнтағы кофе деп аталады. Кофе ағашының Африканың тропик аймағында, Мадагаскар мен Маскарен аралдарында өсетін 50-ге жуық түрі бар. Африка және Азияда көбіне араб кофе ағашы деген түрі өсіріледі. Кофе ағашы топырағы борпылдақ, жылына 2200-3300 мм жауын-шашынды жерлерде жақсы өседі. Кофе ағашы көбінесе кокос, май алынатын пальма, банан, цитрус ағаштарымен аралас өсіріледі. Кофе ағашы төртінші жылы жеміс бере бастайды, жыл бойы гүлдейді және жеміс береді. Кофе ағашының дәні ішетін кофе және кофеин дәрісін алуға пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |