Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Жеміс –жидек дақылдарының морфологиясы
Мақсаты: Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық-морфологиялық
сипаттамаларымен танысу
Жоспар:.
1 Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық және өндірістік сипаттамалары.
2 Жеміс-жидек дақылдарының морфологиялық сипаттамалары.
3 Жеміс-жидек дақылдарының даму, өсу және жеміс салу заңдылықтары.
Жалпы түсінік
Барлық жеміс дақылдары морфологиялық өсу ерекшеліктеріне, көлеміне және өмір сүру ұзақтығына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. Ағаштар тобы. Бұл топқа биіктігі үлкен, әрі діңі айрықша дамыған ағаштар (грек жаңғағы, пекан, талшын, қызыл шие) мен көлемі кішірек, діңі бәсең байқалатын ағаштар (алма, алмұрт, өрік, шетен, құрма) кіреді. Ең ұзақ өмір сүретін, бірақ жемісін кеш беретін өсімдіктер.
2. Бұталар тобы. әдетте бірнеше діңгекті болады, кейде біреу, бірақ нашар білімделген (ағаш тәрізді шие, анар, орман жаңғағы, пісте). Жеміс салу кезеңі ертерек басталады.
3. Бұта тектестер тобы. Жер беті мүшелері аласа, бұта түрінде қалыптасып, бірнеше теңдес бастама (нөлінші қатарындағы) бұтақтардан тұрады. Негізгі білектік сабақтарын жер асты атпа бұтақтары арқылы жаңарып отыруға бейімделген.
4. Шырмауық тектестер тобы. Бұл топтағы жеміс өсімдіктері көпжылдық, шырмалатын ағаш сабақтары (лимонник, актинидия) немесе өрмелейтін (жүзім) бұта түрінде кездеседі.
5. Көпжылдық тектестер тобы. Бұл топтағы өсімдіктердің көпжылдық тамыр жүйесі мен жер бетіне жайыла өсетін, ықшамдалған сабағы болады. Жеміс салу мерзімі мәдени түрлерінде ертерек және өмір сүру ұзақтығы қысқа (бүлдірген, құлпынай, мүкжидек т.б.).
Гүл бүршіктерінен бірнеше гүлдері (гүлшоғыры) бар түрі өзгерген өркендер қалыптасады. Мұндай өркендерді – генеративті (жеміс) өркендер деп атайды.
Гүл- өсуі шектелген, жынысты көбеюге бейімделген, қысқаша өркен. Ол гүлсерігінен, андроцей (аталық) және гиноцейден (аналық), гүл кіндігі мен гүл сағағынан тұрады. Гүлді өскінмен байланыстырып тұрған сабақ бөлігін- гүл сағағы деп атайды. Гүлсағағының үш жағындағы гүл бөлімдері орналасқан кеңейген бөлігі – гүл кіндігі деп аталады. Кейбір гүлдерде гүл кіндігі қуыс болып өсіп кетеді, оларды – гипантий деп атайды. (мысалы шырғанақта).
Гүлсерігі тостағанша және күлте жапырақшалардан тұрады (мұндай жағдайда ол-қосқабатты деп аталады). Жеміс-жидек өсімдіктерінде келесідей гүлшоғырларының түрлері кездеседі: шашақгүл, сырға, собық, масақ, қарапайым қалқанша, қарапайым шатырша, шоқпаргүл, дихазий.
Жеміс өсімдіктері жемісінің құрылысы бойынша жабықтұқымдастарға жатады.
Алма тәріздестер негізінен – шекілдеуікті дақылдарда (алма, алмұрт, беке) кездеседі. Мұндай жемістердің жемісқабы жақсы дамыған, жұқа, тығыз экзокарпты және етті, екі қабатты мезокарпты (өте пісіп кеткенде ұнтақты болып кетеді) болады.
Сүйекті жеміс – жұмсағы (мезокарпты) шырынды жемісқабының ішкі қабаты (эндокарпты) қатты сүйекшелі, қабығы жұқа шырынды жеміс, сүйекшенің ішінде бір тұқымы болады. Мұндай жемістер сүйекті жемістілерде унаби, зәйтүн өсімдіктерінде болады.
Жидек – жұмсағы (мезокарпты) шырынды болып келетін жеміс, оның сыртын жұқа өң, (экзокарпты) қаптап жатады. Жемістің ішінде ұсақ тұқымдары көп болады. Мұндай жемістердің эндокарпы болмайды (жүзім, тошала).
Жаңғақ - жемісқабы жеуге жарамайтын, сыртқы қабаты (экзокарпты) – қатты, сүйектес, мезокарпты – құрғақ, ал эндокарпы болмайтын жеміс (орман жаңғағы, талшын).
Померанец (гесперидум) – мәңгі жасыл өсімдіктердің ащы жемісі. Оның жеміс қабының сыртқы қабаты (экзокарпты) – қалың, жеуге жарамайтын, ерекше хош иісті болады. Мезокарпы – кеуекті жұқа пленка тәріздес, ол жемісті жеке бөліктерге бөледі, оның ішінде жеуге жарамды дәнімен және дәнсіз шырынды -экзокарпы болады.
Шырынды құрма сүйекжеміс – жемісқабының сыртқы қабаты бір-бірімен жалғасқан жеке жемісшелерден – сүйекшелерден тұрады.
Күрделі дәнекті жемістер – гүл түйінінің гүлтабанымен тұтаса өсуінен пайда болатын, жеуге жарамды жалған жеміс. Оның бетінде көптеген ұсақ дәндері орналасады. Бүлдірген мен құлпынай жемістері осындай.
Өсімдіктің дербес дамуы. Онтогенез дегеніміз - өсімдік организіміндегі, оның пайда болғаннан табиғи қурап өлгенге дейінгі аралықта генетикаға (тұқымқуалаушыққа) байланысты жүретін өзгерістер жиынтығы.
И.В.Мичурин жаңа сорттар шығару үстінде себінділердің жасына қарай болатын өзгерістеріне көбірек көңіл аударып, олардың өмірінде келесідей кезеңдерді көрсетті:
I – эмбриональді кезең – аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып, ұрық пайда болғаннан, тұқым пісіп, одан тұқым жарнақтары және бір нағыз жапырақ пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде тұқымқуалаушылық факторлар өте активті және де осыған байланысты организм иілімді, яғни сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне төзімді болып келеді.
II – жастық кезең – алғашқы нағыз жапырақшалар пайда болғаннан тұрақты жеміс сала бастағанға дейінгі кезең. Оның ұзақтығы тұқымға, сортқа, агротехникаға байланысты – 1-жылдан (бүлдіргенде) 8-16 жылға (алма, алмұрт) дейін. Жас өсімдіктер иімділігімен және де сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделгіштігімен сипатталады.
Бұл кезеңдегі себінділердің тікенектілігі, аздап түктілігі, жапырақ жиектерінің майда тістілігі, олардың жабайы ата-тектерімен ұқсастығын білдіреді. Себіндінің ары қарай өсіп-дамуы процестерінде бұл белгілер көбіне жойылып кетеді және де олардың орнына мәдени, ірі, қалың, доғалдау тістері бар жапырақтар пайда болады. Өсімдік қасиеттері мен белгілері жайлап пайда бола бастайды.
Алғашқы жылдары жемістің түсі, дәмі және де басқа белгілері құбылып тұрады, олар жеміс сала бастағаннан кейін 3-5 жылда ғана тұрақтанады.
III - өнімді кезең – мол жеміс салумен ағашбөркінің және тамыр жүйесі көлемінің барынша ұлғаюымен, организм иімділігінің төмендеуімен, қасиеттері мен белгілерінің салыстырмалы түрде тұрақталуымен сипатталады.
IV – қартаю және қурау кезеңі. Өсімдік белгілері мен қасиеттерінің тұрақталумен сипатталады. Өнімі азаяды, өсімдіктің барлық мүшелері қартаяды, содан кейін жартылай қаңқалық және қаңқалық бұтақтар қурайды. Бұл кезең өсімдіктің барлық бөліктерінің қурап бітумен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |