Субтропикалық дақылдар тобы.Бұл топқа әр түрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын өсімдіктер кіреді. Олар суыққа төзімсіз, жылусүйгіш және дау кезеңі ұзақ (6-7 ай). Кең тарағаны цитрусты (лимон, апельсин, мандарин, цитрон), субтропиктік (інжір, анар, құрма, зәйтүн, банан, ананас). Олар цитрус тегіне, аңызды тұқымдасына жатады. Бұлар мәңгі жасыл болып өсетін ағаш немесе бұта.
Қазақстанның Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында алманың, алхорының, шиенің, жидек дақылдарының сорттары аудандастырылған. Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысының теңіз деңгейінен 850-1200м биік бөктерінде алма, алмұрт, шие, өрік, алхоры және жидек дақылдары; биіктігі 1200-1500 м аймақта алма, алмұрттың күздік сорттары, алхоры, өрік, шие және жидек дақылдары; биіктігі 1100-1800 м таулы аймақта алманың жаздық және күздік сорттары, шие мен алхоры, жидек дақылдары өсіріледі. Жидек дақылдарының жемісі тамаққа жас және кептірілген күйінде, сондай-ақ парфюмерия өнеркәсібінде де қолданылады. Жидек дақылдарының жемісінде қант, крахмал, май, белок, витаминдер және минералды заттар болады. Химиялық құрамы сортына, ауа-райына, топыраққа және қолданылған агротехникаға байланысты өзгеріп отырады.
Жеміс-жидек отырғызу - өсімдіктің бас алып өсіп кетуі үшін қажет агротехникалық шаралар. Жеміс-жидек отырғызуға арналған жер арам шөптен тазартылып алдын-ала жақсылап тегістеледі. Шілденің аяғында, тамыздың басында жерді 40-60 см тереңдікте жыртып, әр гектарға 30-40 т көң, 3-5 ц суперфосфат шашады. Жеміс ағашын көктемде бүршік жарғанға дейін, күзде қырқүйектен – қазанға дейін отырғызады. Бұл кезде тамыр жүйесінің сақталуына ерекше көңіл бөлінеді, тамырды құрғату керек. Жеміс ағашын отырғызатын шұңқырға құнарлы топырақ салады. Тамырды топырақпен жапқанда көшетті аздап сілкиді, сонда топырақ тамырға жақсы жабысады. Көшетті тамыр мойыны деңгейіне келтіріп 1-2 см төмен көмеді. Тым терең отырғызылған ағаш тамырына ауа бармай нашар өседі, ал тайыз отырғызса тамыр түбі ашылып, құрғап қалады. Желі күшті аудандарда ағаш қисайып, тамыры бүлінбес үшін, ағашты қазыққа байлап отырғызады. Отырғызғаннан кейін суарады. Суармалы жерлерде су топырақ толық қанғанша жіберіледі, ал суармайтын жерге отырғызған әр ағаштың түбіне 3-4 шелек су құяды. Суарғаннан кейін 1-2 күн өткен соң көшеттер түзетіліп, топырағы қопсытылады. Жидек бұталарын күзде шұңқырға отырғызған жөн. Отырғызар алдында жер бетіндегі бөлігін 3-4 бүршік қалдырып кесіп, тамырын сұйық малшыққа малады. Қарақат пен қарлығанды питомниктерден гөрі плантацияда терең отырғызады, бүлдіргеннің тамыр жүйесін топыраққа түгел батырады. Шиені питомниктегі тереңдікте отырғызады.
Жеміс өсіру - өсімдік шаруашылығының тағамдық жеміс және жидек өсіретін саласы. Жеміс-жидек дақылдарының көптеген сорттары топыраққа, ауа-райы, жер бедеріне түрліше көндігеді, сондықтан да олар әр түрлі мерзімде жеміс салады, түсімі де түрліше, оның өнімі де әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Кейбір жеміс түрінің көптеген мысалы, алманың 6 мың, алмұрттың 5 мың, алхорының 2 мың, шие мен шабдалының 1,5 мың, бүлдірген мен құлпынайдың 2 мың, таңқурай мен қара бүлдіргеннің 0,6 мың, қарақаттың 0,4 мың сорты бар. Жеміс-жидек өте құнды тағам, оның құрамында көмірсу, белок, май және фосфор, темір, кальций қосылыстары, органикалық қышқылдар мен витаминдер, әсіресе С витамині мол. Жеміс пен жидектің шипалық маңызы зор, олардың бактерицидтік қасиеті бар. Жеміс өнімдері бірнеше салаға – нағыз жеміс өсіру (шекілдеуікті, сүйекті, жаңғақты дақылдар), жидек өсіру, субтропиктік жеміс өсіру, цитрустық өсімдіктер өсіру, питомникте жеміс өсіру болып бөлінеді.
Жеміс-жидектен мол түсім жинау үшін жүргізілетін негізгі агротехникалық тәсілдер – отырғызылатын тұқым өсіру, оны белгіленген мерзімде отырғызу; жеміс ағашының, бұталы өсімдіктердің жеке бөліктерінің өсіп-жетілуін шырпу және қалыптастыру арқылы реттеу; жеміс-жидек дақылдарының жүзімдіктері белгіленген агротехникаға сай күту; олардың кеселдері мен зиянкестеріне қарсы биологиялық, механикалық, химиялық күрес шараларын қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |