Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


Дизъюнктивтiк дислокациялар



бет10/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Дизъюнктивтiк дислокациялар. Бұл дислокациялар таужыныс қабаттары тұтастығының бұзылуына айырылуына әкеледi. Олар жарықшақтар мен айырылымды жарылымдар (уатылу белдемдерi) түрiнде бiлiнедi. Жарықшақтар қабаттарды ұсақ блоктарға бөлгенiмен, олар бойынша қозғалыстар болмайды. Жарылымдар айырылым жазықтығы арқылы бөлiнген қабаттарды әртүрлi бағытта және қашықтыққа жылжытады. Қабаттар айырылып, қозғалысқа келетiн жазықтықты жылжытушы деп атайды. Жылжытушыға келiп түйiскен қабаттар бөлікшелерiн қанаттары (немесе қапталдары) дейдi. Жылжытушы еңiс орналасқан кезде аспалы және жатқан қанаттар бөлiнедi
Қабаттардың жылжытушысы бойынша ығысуын жарылымның амплитудасы дейдi. Мынадай амплитудалар бөлiнедi: нақты (еңiс) – жылжытушының жазықтығы бойынша бiр қабаттың аспалы және жатқан қанаттарының жабындары немесе табандары аралығындағы қашықтық; тiк – нақты амплитуданың тiк жазықтағы проекциясы; көлбеу – нақты амплитуданың көлбеу жазықтағы проекциясы; стратиграфиялық – аспалы және жатқан қанаттардағы бiр қабаттың жабыны немесе табаны аралығының нормал бойынша қашықтығы.
Жарылымдар өздерiнiң сипаты, амплитудасының шамасы, қанаттарының бiрбiрiмен салыстырғанда жылжу бағыты мен бұрышы бойынша жiктеледi (9-сурет).
Лықсыма - жылжытушысы түсiңкi қанаты бағытында еңiс орналасқан, ал аспалы қанаты жатқан қанатымен салыстырғанда төмен жылжыған жарылым. Лықсыма жылжытушысының көлбеу жазықтыққа қатысты бұрышы 40-60° болады. Жылжытушысы тiк бағытта орналасқан лықсыманы тiк лықсыма дейдi.
Қаусырма – жылжытушысы көтерiңкi қанаты бағытында еңiс орналасқан, ал аспалы (көтерiңкi) қанаты жатқан (түсiңкi) қанатымен салыстырғанда құлди еңiс (60°-тан аса) жылжытушы бойынша жоғары қарай жылжыған жарылым.
Бастырма – аспалы қанаты жатқан қанатын жайпақ еңiстiктi (600-тан аз) жылжытушы бойынша жылжып барып басып қалатын, қаусырма типтi жарылымды дислокация. Көлбеу амплитудасы үлкен әрi жылжытушысының еңiстiгi шамалы жайпақ бастырмаларды шарьяж немесе тектоникалық жамылғылар деп атайды. Олардың көлбеу амплитудасы 30-40 км-ге дейiн жетедi
Ығыспа – қанаттары негiзiнен көлбеу бағытта, жылжытушының созылымына параллель жылжыған жарылым.
Жарылымдар көбiнесе топтанып кездесiп, күрделi дизъюнктивтер: сатыланған ығыспалар, грабендер мен горсттар жасайды.
Айырылымды тектоникалық бұзылыстардың айрықша типiне тереңдiк жарылымдар (линеаменттер) жатады. Олардың ұзындығы мыңдаған километрге жетедi.
Жер қыртысының даму процесi айрықша күрделiлiгiмен сипатталады және әртүрлi формада өтуi мүмкiн. Қазiр геотектоникада негiзгi екi бағыт бар, олар тiк және көлбеу тектоникалық қозғалыстардың рөлiн әртүрлi бағалауға негiзделген.
Бiрiншi бағыт негiзгi рөлдi тiк тектоникалық қозғалыстар атқарады деген жорамалдан бастау алады. Бұл бағыт фиксизм деп аталады.
Геотектоникадағы екiншi бағыт литосфераның эволюциясын блоктардың iрi масштабты көлбеу жылжуымен байланыстырады, бұл блоктарға тұтас континенттер кiредi. Геологиялық ғылым дамуының бұл бағыты көлбеу қозғалыстарды негiзгi деп санайтындықтан, мобилизм деп аталады.
Екi бағыттың жақтаушылары да, геотектоникалық процестердiң қозғаушы күштерi мен механизмiн түсiндiрудегi принциптiк әртүрлi көзқараста болғанымен, жер қыртысының даму процесiнде үш: геосинклиндiк (ойысу, шөгiндiлер жиналу, магматизм), орогендiк (қатпар жаралу, тау жаралу) және платформалық (орнықты, аз амплитудалы тербелiстер) кезеңдердi бөледi. Әр кезең өз кезегiнде жекелеген сатылардан тұрады. Жер қыртысы дамуының осы басты үш кезеңi тектоникалық циклдi құрайды.
1960-шы жылдары жаңа жаһандық тектоника немесе тақталар тектоникасы концепциясы ұсынылған. Осы концепцияға сай литосфера iрi қатаң монолит тақталарға жiктеледi. Олардың ірілері: Еуразия, Тынық мұхит, ИндоАвстралия, Африка, Америка, Антарктида және ұсақ Арабия, Кариб, Наска, Кокос. Литосфералық тақталар үш типтi жылжуларға ұшырайды: ажырау (спрединг), сығылу (коллизия) және ығысу (трансформдық жарылымдар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет