Лекция сабаќ конспектiлерi
1 – ші дәріс таќырыбы: Кіріспе лекция. Жер, оның заттық құрамы және құрылысы. Жер туралы жалпы мәліметтер.
Геология және геоморфология – бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ өзіндік объектілері және зерттеу әдістері бар Жер туралы ғылым болып табылады.
Геология (гр. ге-Жер, логос-ілім) бүтіндей Жердің даму тарихын және заттық құрамын, құрылысын, процестерін зерттейді.
Геоморфология (ге- Жер, морфэ – пішін, логос-ілім) Жердің жоғарғы бетінің бедерін, оның жаралуын, эволюциясын және Жердің басқада қабаттарымен байланысын зерттейді.
Геология өте ертеде пайдалы қазба туралы ғылым ретінде пайда болып, кейінннен ірі инженерлік құрылыстар (бөгет, каналдар) салынуымен байланысты дамыды. Қазіргі заманғы геология негізі XVIII ғасырдың екінші жартысы және XIX ғасыр басында қаланды. Геология және геоморфология үшін XIX ғасыр соңы XX ғасыр басы геологиялық-географиялық зерттеулер, әртүрлі фактілі материалдар, олардың өңдеулері және теориялық зерттеулер уақыты болып есептеледі. Бұл кезеңде геологиялық-географиялық ғылымның жіктелуі басталды.
Қазіргі заманғы геоморфология өзіндік міндеттері мен мәселелері бар пәндерге бөлінеді: морфография, морфометрия, құрылымдық геоморфология, динамикалық геоморфология, климатология және т.б. Геоморфологиялық зерттеулер пайдалы қазба кенорындарын іздестіруде қолданылады, олардың көмегімен инженерлік мәселелер (беткейдің беріктілігі, жағалық ағындар тасындыларының қозғалысын реттеу, жағалардың шайылуымен күрес және басқа) шешіледі, практикалық маңызы бар жерді пайдалануды және басқа мәселелердің рациональды тәсілдері анықталады.
Жер туралы жалпы мәліметтер.
Біздің Күн жүйеміз Галактикада Құс жолында орналасқан. Жер – Күн жүйесіндегі күннен кейінгі үшінші планета. Жердің пішіні геоид деп аталады. Экваторлық радиус 6378км-ге тең, полярлы радиус -6356 км.
Жер үш ішкі және үш сыртқы геосфералардан тұрады. Сыртқы геосфераға:
атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Ішкі геосфералар – литосфера, мантия, ядро.
Литосфера – Жердің силикатты қабығы. Оның дамуы мантия қабығымен байланысты. Литосфералық қабық 20 ірі және ұсақ плиталардан тұрады. Плиталар тереңде астеносфералы қабатпен жылжып қозғалғыш шекараларға бөлінген. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын қатты, қатаң қабаты жер қыртысы деп аталады. Бұл біздің планетаның жақсы зерттелген және өте жетілген бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |