Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»



бет16/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

Эффузиялық магматизм
Жер қыртысы уатылып, магма ошағының үстiнде жарылымдар пайда болған кезде, олардың бойымен магма жылдам көтерiлiп келiп жер бетiне төгiледi. Жербеттiк магматизмнiң ең жарқын бiлiнiмi – вулканизм (Вулкан – римдiктерде от құдайы). Жанартаулар атқылаған кезде магма көбiнесе өзiнiң құрамындағы ерiген ұшпа компоненттердiң негiзгi массасынан арылады, оны лава деп атайды (итал. лава – тасимын, қаптаймын).
Магма жер бетiне төгiлген кезде конус тәрiздi немесе күмбез тәрiздi төбелер – вулкандар (жанартаулар) жаралады. Атқылау процесi бiршама тыныш өтуi мүмкiн, бiрақ көбiнесе күштi қопарылыстарға ұласады. Жанартаулар көп дүркiн мезгiл-мезгiл атқылаулар нәтижесiнде, кейде бiр рет қана тыныш немесе қопарылысты атқылаудан кейiн жаралады.
Жанартаулар жербеттiк және суастылық, көне және қазiргi, сөнген және әрекеттегi түрлерге бөлiнедi. Қазiргi кезде құрлықта 700-ге жуық әрекеттегi жанартаулар және мыңдаған сөнген, бiрақ бұрынғы геологиялық замандарда қуатты әрекет еткен жанартаулар бар. Суасты жанартауларын толық есепке алу мүмкiн емес – тек қана Тынық мұхитта 10 мыңдай жанартау болуы ықтимал.
Жанартау аппаратының типтерi. Төгiлген магма алып жатқан кеңiстiктiң сипаты бойынша жанартаулар аудандық, жарықшақтық және орталық типтерге бөлiнедi. Аудандық жанартаулар Жер тарихының өте ерте замандарында болған. Ол кезде жер қыртысы жұқа болып, жекелеген бөлiкшелерде толық балқып кеткен немесе атқыламалар үлкен алаңдарға төгiлiп, жайылған. Аудандық жанартауларды балқыған лава теңiзi десе де болғандай.
Жарықшақтық жанартаулар лаваның ұзын жарықшақтар бойымен төгiлуiнен пайда болады. Мысалы, девон дәуірінде Орталық Қазақстанның барлық аумағында дерлiк жарықшақтардан төгiлген лава тасыған. Орталық типтi жанартаулар – конус тәрiздi таулар түрiндегi геологиялық құрылыстар. Олардың магма шығаратын орталық тесiктерiнен атқыламалар шығады. Әр жанартаудың таскөмейi, яғни магма ошағынан атқылама өнiмдерi көтерiлетiн шығарушы каналы мен кратерi – конус пішінді таудың төбесiнде орналасып, таскөмейдiң жоғарғы жағын аяқтайтын табақ тәрiздi ойығы болады. Көптеген iрi жанартаулардың негiзгi таскөмейiнен қосымша шығарушы тесiктер тарамдалады. Оларды масыл жанартаулар деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет