Г. Т. Сөз құрамы, сөздердің негізі туралы ұғым. Қосымшалардың орын тәртібі



бет2/4
Дата01.11.2023
өлшемі42.26 Kb.
#482168
түріСабақ
1   2   3   4
4 сабақ

- Жаңа сабақты қорыту
В) Студенттердің білімін бағалау
6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс істеу, оқылым, грамматикалық тапсырмалар, сұхбат құрғызу, пікірталас, аударма жұмысын жасату.
7. Көрнекі құралдар: Тақта, ноутбук, оқу құралдарын, үлестірмелі карточкаларды пайдалану. Слайд көрсету.
8. Тапсырмалар:
1-тапсырма. Университет тарихы туралы мәтінмен танысу және аудару, мәтін бойынша көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар қойыңыз.
Каспий қоғамдық университеті – көпсалалы жоғарғы оқу орны бола отырып, ол Заңтану; Экономика және Қаржы; Ақпараттық технологиялар: есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматтандыру және басқару; Геология және Мұнай-газ ісі бағыттары бойынша ортадан кейінгі жоғарғы оқу орнына дейін білім беру (колледж), бакалавриат және магистратура (университет) бағдарламаларына сәйкес білім беру нарығында сапалы, үздіксіз білімді қамтамасыз ететін университет ретінде танымал.
Университет Алматы қаласының орталығында орналасқан, жалпы көлемі 11500 шаршы метр аумақтағы үш оқу корпусында жеке өзінің дамыған материалдық-техникалық базасымен, жаңа екі ядерлі процессоры және интерактивті электронды тақталарымен қоса қазіргі заманға сай компьютерлік паркі бар. Университет корпустары жоғары жылдамдықтағы лимитсіз Интернетпен жалғанған және ішкі желідегі «Студент», «Оқытушы» электронды базаларына кіруге мүмкіндігі бар компьютер сыныптарымен жабдықталған, арнайы зертханалары, 320 мыңнан аса кітап қоры бар виртуальды кітапхана желісі, қазіргі талапқа сай жабдықталған үш спорт залы, 80 орындық асханасы бар. Дәрісханалық қор қазіргі техникалық және мультимедиалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген.
Оқу үрдісін жүзеге асыруда 200-ден аса, оның 50% (пайызынан көбін) ғылым докторлары және кандидаттары құрайтын, жоғары кәсіби деңгейдегі оқытушы-профессорлар құрамы қызмет етеді.
Оқу үрдісін ұйымдастыру негізіне Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес қорытынды тестілеу компьютерлік тәртіпте жүргізілетін оқытудың кредиттік технология жүйесі қойылған, және мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Сырттай оқу бөліміндегі оқу қашықтықтан оқыту технологиясымен жүргізіледі.
Университет Колорадо және Оңтүстік Каролина университеті (АҚШ), Серж-Понтуаз университеті (Париж, Франция), Түрік мемлекеттік университеті, Халықаралық Прага университеті (Чехия), Урал мемлекеттік заң академиясы, Томск политехникалық университетімен (Ресей) тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқара отырып, бухгалтерлік есепті (USAID) және бухгалтерлік сертификаттаудың халықаралық бағдарламасын дамыту (A\CIPA) жобасына қатысады.[1]
Университет барлық заманауи талаптарға сай келетін материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Ең бастысы - екі
жекеменшік 6-қабатты ғимарат, мәжіліс залы, ғаламтор желісіне қосылған бес компьютер классы, мұнай саласына қатысты арнаулы зертханалар, фото- және криминалистикалық зертханалар, лингафон кабинеттері, екі оқу залымен қамтылған кітапхана, дәрігерлік пункт, асхана. КҚУ белгілі академиктермен қатар жоғары білікті оқытушылар дәріс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет