«Галактика сақшылары» 2014 жылы қазақ тіліне аударылған үшінші голливуд фильмі



Дата13.06.2016
өлшемі286 Kb.
#133539



















БАСПАСӨЗ баяны
«Галактика сақшылары» - 2014 жылы қазақ тіліне аударылған үшінші голливуд фильмі

31 шілдеде Алматыда «Болашақ» Қауымдастығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, қазақ тілін үйрену және дамыту шараларын іске асыру шеңберінде Marvel студиясының «Галактика сақшылары» блокбастерінің алғашқы көрсетілімін ұйымдастырды. Фильм дубляжының бас демеушісі – «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ.

Фильмнің алғашқы көрсетіліміне «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, мәдени және шығармашылық зиялы қауым, Қазақстанның іскерлік және саяси саласының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, балалар үйінің тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, блогерлер, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, республикалық жастар ұйымдарының, «Болашақ» қауымдастығының мүшелері, жоба ұйымдастырушылары мен серіктестері, БАҚ өкілдері және т.б. шақырылды.

Ағымдағы жылы голливуд кинотуындыларына қазақ тілінде дубляж жасау бойынша жобаға жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған «Жастар-Отанға» жобасының шеңберінде «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсетті. Партия Доктринасында белгіленген мәдени және рухани құндылықтарды сақтау және арттыру мақсатында «Нұр Отан» – «Бүркітшілер фестивалі», «Көкпар», «Қазақстан барысы», «Айтыс», «Жайдарман» секілді жобаларға қолдау көрсетіп келеді.

Қазақ тілі, «Галактика сақшылары» фильмінің кейіпкерлері сөйлеген әлемдегі ағылшын, француз, неміс, испан, португал, орыс және басқаларының қатарындағы 18 – ші тілге айналды.

«Галактика сақшылары» блокбастерінің басты қаһарманын - Жұлдызды Лордты, осыған дейін де фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жұмысына қатысқан – Тимур Пиязов дыбыстады. «Малефисента» фильмі бойынша танымал болған Гүлназ Әуесбаева «Галактика сақшылары/Стражи Галактики» фильмінің бас қаһарманы — Гамораны дыбыстады. Толық анимацияланған ағаш тектес гуманоид Груттың кейіпкерлерін Бауыржан Қаптағай, Ракета есімді жанатты - Ержан Жарылқасынов дыбыстады, фильмнің түпнұсқасында Грут пен Ракета есімді жанатты актерлар Вин Дизель және Брэдли Купер дыбыстаған еді. Басқа басты кейіпкерлерді мына актерлар дыбыстады: Руслан Сенкебаев (Дракс), Бейбіт Қамаранов (Ронан) және т.б. Бұл актерлар тобы жыл сайын голливуд кинокартиналарына дубляж жасаумен айналасып келеді. Жалпы алғанда, қазақстандық дубляж жұмысына 20-ға жуық актер атсалысты.

Тұңғыш рет кинематография саласындағы жас маман Тимур Балымбетов дубляж режиссері болды, ол үшін «Сақшылар» дубляж саласындағы алғашқы режиссерлік тәжірибеге айналды. Осыған дейін ол «Малефисента», «Жаңа Өрмекші-адам: Кернегенқуат»/«Новый Человек-паук: Высокое напряжение», «Жалғыз рейнджер/Одинокий рейнджер» фильмдерін дубляждауға қатысқан еді. Тимур Балымбетов былай дейді: «Кейбір эпизодтарда қазақ тіліндегі дубляж түпнұсқадағы мәтіннен де жақсы шықты. Біздің жоба жастар назарына ілікті және қазақ тілін дәріптеуге септігін тигізді. Қазірдің өзінде қазақ тіліндегі трейлерді көрген Интернет-пайдаланушылар біздің фильмнен алған сөйлемдерді өз сөздерінде қолданып жүр». Одан басқа, жас режиссер «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы бастамашы болған және іске асырып отырған жобаның әлеуметтік маңызын ерекше атап өтті. Дубляж әдеттегідей «Синема Тон Продакшн» қазақстандық студиясында өтті, бұл Marvel, WaltDisney мен SonyPictures студияларының туындыларына дубляж жасауға ресми тіркелген студия.

«Болашақ» Қауымдастығы және «MARWIN» компаниясы, серіктестер мен демеушілердің қолдауымен, төртінші жыл қатарынан рейтингілік және күтілетін фильмдерге дубляж жасау бойынша жобаны іске асыруда. «Галактика сақшылары/Стражи Галактики» - 2011 жылдан бері қазақ тілінде дубляж жасалған 9 –шы фильм және де Marvel-ден Дүниежүзі 2014 жылы көптен күткен блокбастері болып саналады. Бұрын дубляж жасалған фильмдер:

Тачки 2/Көліктер-2, 2011г.

Люди в черном III/Қара киімділер-3, 2012г.

Храбрая сердцем/Батылжүрек, 2012г.

Новый Человек паук/ЖаңаӨрмекшіадам, 2012г.

Университет Монстров/МонстрларУниверситеті, 2013г.

Одинокий рейнджер/Жалғыз рейнджер, 2013г.

Жаңа Өрмекші-адам: Кернегенқуат, 2014г.

Малефисента, 2014г.

Фильм туралы деректер:

ГАЛАКТИКА САҚШЫЛАРЫ алғаш рет оқырман назарына 1969 жылы Арнольд Дрейк және Джин Коланмен ұсынылған болатын. Комикстердің оқиғасы XXXI ғасырда өрбиді. 2013 жылы фильмнің түсірілімін Marvel студиясы қолға алды. Түсірілім Ұлыбританияда өтті. Фильм режиссері Джеймс Ганн өздерінің кейіпкерлер бейнесін «жаңадан» жасатқандай болдық деп мойындайды, сол себепті әр кейіпкер – бірегей. Мысалы, актриса Каррен Гиллан көк терідегі безбүйрек киллер Небула рөлін сомдау үшін шашын тақырлап алып тастады. Суреткер-қоюшы командасы үшін бұл фильм тұтас бір сынаққа айналды, себебі, олардың алдында фильм оқиғасы өрбитін құпия және беймәлім әлемді іс жүзінде жаңадан жасау міндеті тұрды. Кинокартина режиссері үшін барлық түсірілім локациялары шынайы көрінгені өте маңызды болды. Мысалы, басты кейіпкердің кемесі нәтижесінде екі қабатты күрделі құрылым болып шықты, оны жасау үшін 14 апта уақыт кетті. Фильмнің эпикалық шайқастарына 2000 адам қатысты. Фильмді түсірудің барлық кезеңі ішінде пластикалық грим бойынша мамандар бетке арналған 1250 жуық силикон қаптамаларды жасады. Алаңда 50 гример жұмыс жасады, олар әр кейіпкердің бейнесін бөлек жасау үшін топтарға бөлінді. Фильмнің бюджеті – 250 млн. жуық АҚШ доллары.



Қосымша ақпарат:

«Болашақ» Қауымдастығының өкілі - Айнұр Иманғали,



8 7172 707 669, 8 701 238 22 62,a_imangali@bolashak.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет