Газдардың электрөткізгіштігі. Газдағы разрядтар, плазма туралы түсінік. Вакуумдағы электр тогы. Термоэлектрлік эмиссия. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі. Газдардың электр өткізгіштігі


Иондалған газдағы зарядты тасымалдаушылар



бет3/4
Дата05.04.2024
өлшемі19.42 Kb.
#497792
1   2   3   4
Газдардың электрөткізгіштігі. Газдағы разрядтар, плазма туралы т-dereksiz.org

Иондалған газдағы зарядты тасымалдаушылар еркін электрондар мен оң иондар, теріс иондар болып табылады.
Сыртқы электр өрісінің әсерінен иондар мен электрондар белгілі бір бағытпен қозғала бастайды. Оң иондар катодқа қарай, ал теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Нәтижесінде түтікте электр тогы пайда болады, яғни газ разряды жүреді.
Газ арқылы электр тогының өту процесі – газ разряды деп аталады.
Вакуумдегі электр тогы дегеніміз не? Қасиеттері қандай?
Ыдыстың бір қабырғасынан екінші қабырғасына дейін газ молекулалары бір бірімен ешбір соқығыспайтындай етіп, ыдыстағы газды сору арқылы сиретуга болады. Түтіктегі газдың мұндай күйін вакуум деп атайды.
Вакуум дегеніміз ауасы жоқ кеңістік. Вакуумдегі электрон аралық өткізгішті түтікке зарядты бөлшектер көзін енгізу арқылы қамтамассыз етуге болады.
Термоэлектрондық эмиссия. Вакуумде ток жүру үшін еркін электрондар енгізу керек. Ол термоэлекторндық эмиссия көмегімен жүзеге асырылады. Термоэлекторндық эмиссия температураның әсерінен электрондардың ыршып шығуын айтады.
Екі электродты (катод, анод) шам диод, үш электродты (катод, анод, тор) шам триод деп аталады. Осциллографтардың, теледидарлардың, радиолокациялық қондырғылардың экрандарында электрондардың шоғының көмегімен кескіндерді алу үшін электрондық сәулелік түтікті қолданады.
Жеткілікті жоғарғы температураларда шапшаң қозғалған атомдар немесе молекулаларының соқтығысуларының есебінен газдрдың иондалуы басталады. Газ плазма деп аталатын жаңа күйге ауысады.
Плазма оң және теріс зарядтардың тығыздығы бірдей яғни оң және теріс иондар саны тең болатын толық немесе жартылай иондалған газ. Егер плазмада бейтарап атомдар не молекулалар кездессе, оларды жартылай ионданған плазма деп атайды. Егер заттың барлық атомдары немесе молекулалары түгелдей ионданған болса, онда плазманы толық ионданған деп атайды.
Рекомбинация – иондану процесіне кері процесс: оң және теріс иондар, оң иондар мен электрондар қайта қосылып бейтарап молекулалар мен атомдар түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет