Газдардың электрөткізгіштігі. Газдағы разрядтар, плазма туралы түсінік. Вакуумдағы электр тогы. Термоэлектрлік эмиссия. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі. Газдардың электр өткізгіштігі


Тәуелсіз газ разряды немесе өздік



бет2/4
Дата14.12.2023
өлшемі102.31 Kb.
#486556
1   2   3   4
f63172304a4eb8

Тәуелсіз газ разряды немесе өздік ‒ сыртқы ионизатор әсері тоқтағаннан кейін де газда разрядтың сақталуы

Разрядты сақтап тұру үшін ионизатордың қажеті жоқ. Электрондардың соққылауынан иондалу жүреді

Тәуелсіз разрядтың түрлері
а) Солғын ‒ төменгі қысымды пайда болады (газ түтікшелері және газды лазерлерде).
б)Ұшқынды ‒ үлкен электр өрісінде, Р = Ратм атмосфералық қысымда (найзағай, диэлектриктің тесілуі).
в) Электр доғасы ‒ жақындатылған электродтар арасында (доғалық шамдар, дәнекерлеу).
г) Тәж ‒ қисықтығы үлкен беттері (үшкір) бар біртекті емес ортада пайда болады (Эльма әулиенің жарығы).
Белігілі бір шектелген көлемде газдарда оның ішінде ауаны өткізгішке айналдыруға болады. Ол үшін оларда жасанды түрде заряд тасымалдаушыларды тудыру қажет, яғни газ молекулаларын иондайды. Газды иондау сыртқы әсерлер арқылы жүзеге асады: күшті қыздыру, ультракүлгін, рентген және радиоактивтік сәулелер, газ атомдарын жылдам электрондармен немесе иондармен соққылау т.б. Қыздырудың салдарынан немесе сәулелердің әсерінен атомдардың бір бөлігі иондалады. Оң зарядталған иондарға және электрондарға ыдырайды. Газда теріс иондар да пайда болады. Сонымен газдарда иондар не қыздырудан немесе сыртқы ионизатордың мысалы сәулелердің әсер ету себебінен пайда болады. Бөлме температурасында газдар диэлектриктер болады. Газдарды қыздырғанда немесе ультракүлгін, рентген және басқа сәулелер түсіргенде газдардың атомдары немесе молекулалары иондалады. Сөйтіп газ өткізгішке айналады.
Иондалған газдағы зарядты тасымалдаушылар еркін электрондар мен оң иондар, теріс иондар болып табылады.
Сыртқы электр өрісінің әсерінен иондар мен электрондар белгілі бір бағытпен қозғала бастайды. Оң иондар катодқа қарай, ал теріс иондар анодқа қарай қозғалады. Нәтижесінде түтікте электр тогы пайда болады, яғни газ разряды жүреді.
Газ арқылы электр тогының өту процесі – газ разряды деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет