5-бөлім. Жалпы зауыттық шаруашылық нысандарын пайдалану
1-тарау. Технологиялық құбыр желілері
347. Технологиялық құбыр желілерін жобалау, дайындау, құрастыру және жөндеу жұмыстары, технологиялық құбыр желілерінің құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану Талаптарына сәйкес жүргізіледі.
348. Технологиялық құбыр желілерінің пісіріп жалғанған, фланецтік және тегірлік қосылыстарын қабырғаға, төбеге және іргетастарға келтіріп, жабуға болмайды.
349. Құбыр желілерінің ішкі қабырғалармен өткен жерлерін гильзамен және нығыздағыштармен қамтамасыз етеді.
350. Технологиялық құбыр желілерін ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес тексеріп, ауысым сайын жұмыскерлермен бақыланып, нәтижесі вахталық кітапшаға жазылады.
351. Технологиялық құбыр желілерін бөлектемей, еңкішсіз және майысусыз жүргізеді.
352. Су мен конденсаттың жиналуы мүмкін жерлерге оларды төгіп алу құрылғысын қарастырады.
353. Ылғал және басқа да өнімдер араласқан газдарға арналған құбыр желілері қатып қалмас үшін жылу орамдармен оралады, қажет жағдайда жылытылады.
354. Жылу орамдардың жанғыш заттар тиген, сіңген жерлерін байқаған кезде, олардың тұтануына қарсы мынадай шаралар қарастырылады:
1) бүлінген жылу орамды алып тастайды;
2) жанғыш затты су буымен жуып тастайды.
355. Жұмыс істемейтін (технологиялық сызбадан өшірілген) құбыр желілерін ажыратып, бекіткіш тығын орнатады.
356. Құбыр желілеріндегі бекіткіш тетіктерді, гидравликалық соққыдан сақтану үшін, ақырын ашып, жабады.
357. Редукторы немесе білігі көрінбей айналатын құбыр желілеріндегі бекіткіш тетіктерге, олардың айналу бағытын көрсететін «Ашық», «Жабық» деген жазуларды жазады.
358. Бекіткіш тетіктерді технологиялық сызбаға сәйкес нөмірлеп қояды.
359. Жарылыс-өрт қауіпті және улы газдар мен өнімдерді тасымалдауға арналған құбыр желілеріне «хомуттар» қоюға болмайды.
360. Жер бетімен жүргізілген құбыр желілері, олардың ілгіштері мен тіреуіштері техникалық бақылауға жатады.
361. Құбыр желілерінің, олардың ілгіштері мен тіреуіштерінің ақаулары тез арада жойылуы тиіс.
362. Жол бойына жер асты жүргізілген сұйытылған газға арналған құбыр желілерінің тік бөліктеріне және әрбір бұрылыстарына белгі орнатады.
Цех аралық жер асты құбыр желілеріне 200-300 м және бұрылыстардың әрқайсысына белгі орнатылады.
363. Құбыр желілерін үрлеу үшін оларға зиянсыз газды немесе буды құбыр желілерінің ағытылатын бөліктері арқылы немесе жұмсақ шлангалар арқылы, ағытылатын бөліктің екі жағына бекіткіштер қою арқылы жүргізеді. Үрлеуді аяқтаған соң, жалғанған құбыр желілері немесе жұмсақ шлангалар ағытылып, бекіткішке тығын-бекіткіш орнатады.
2-тарау. Ыдыстар мен резервуарларды пайдалану
364. Резервуар паркінің және алаңқайларының қоршау іштері:
1) қоқыстан;
2) өнім сіңген топырақтан;
3) құрғақ шөптен тазартылады.
365. Резервуар паркінің аумағында түн мегілінде тек қана, жарылыстан қорғалған алып жүруге ыңғайлы (аккумуляторлы және батареялы) қол шамдарды пайдаланған жөн.
366. Шамдарды жағу және өшіруді резервуар паркінің қоршауының сыртында жүргізу керек.
367. Резервуар паркінде бір мезгілде бірнеше бекіткішті автоматты түрде іске қосу, егер құбыр желілері қысымның артуынан қорғалған болса ғана жүргізіледі.
368. Электрлі қосқышы бар бекіткіштерді өздігінен және ара қашықтықтан басқарылатын болса, онда бекіткіштің бекіту құрылғысының қай жағдайда тұрғанын көрсететін белгі беру аспабы қарастырылады.
369. Ыдыстарға (резервуарларға) буларының серпімділігі өте жоғары (ыдыстардың есептелген қысымынан) өнімдерді құюға болмайды.
370. Сақтандырғыш, артық ауа шығарғыш және гидравликалық қақпақшалардың қалыпты жағдайлары ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес тексеріледі.
371. Жерге қысқа тұйықтау құрылғыларын тексеру, ыдыстарды (резервуарларды) сыртқы тексеру кезінде жүргізіледі.
372. Басқыштары мен алаңқайларының ақауы бар резервуар-ыдыстарды пайдалануға жол берілмейді.
373. Рәсімдеу, тексеру және жөндеу жұмыстарынан соң резервуар-ыдыстарды іске қосу бақылаушы тұлғаның жазбаша рұқсатынан кейін жүргізіледі.
3-тарау. Сұйытылған газдарды және қалыпсыз конденсатты сақтауға арналған резервуар ыдыстар
374. Резервуар ыдыстарды пайдалану мына тәртіпте жүргізіледі:
1) қысымда жұмыс істейтін резервуар ыдыстардың құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану Талаптарына сай;
2) сұйытылған көмірсутекті газдарға және қысымдағы тез тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған қоймаларға қойылатын Талаптарға сәйкес.
375. Сұйытылған газдар мен қалыпсыз конденсаттарды сақтау және тасымалдау, резервуар ыдыстарға құю және құйып алу операцияларын технологиялық регламент талаптарына сай жүргізеді.
376. Резервуар ыдыстарды өніммен толтыру, өнімнің температурасы 15°С және одан да жоғары болған кезде, оның геометриялық көлемінің 85 %-нан аспауы керек.
377. Газдың температурасы 15°С төмен болса, резервуар-ыдысты барынша толтыру мына есептер бойынша жүргізіледі:
1) пропан үшін-резервуар-ыдыстың әрбір 1 м көлеміне 425 кг;
2) бутан үшін-резервуар-ыдыстың әрбір 1 м көлеміне 488 кг.
378. Өнімді резервуар ыдысқа еркін сарылдатып құюға болмайды.
379. Сұйықтық деңгейін, өнімнің температурасы мен қысымын-өлшеуіш ыдыстарда әрбір 2 сағат сайын, ал тауарлы (қоймалық) резервуар ыдыстарда-әр ауысымда бір рет бақылайды.
Бақылау нәтижелерін вахталық кітапшада тіркейді.
380. Резервуар ыдыстардан үлгі алуды, рұқсатнамасы бар оператор, химиялық лобаранттың бақылауында жүргізеді.
4-тарау. Тік цилиндрлі резервуар ыдыстар
381. Резервуар ыдыстарды толтыру және босату, оның төлқұжатында көрсетілген ауа шығарғыш қақпақшаларының ауа шығару мүмкіншілігінен аспайтын жылдамдықта жүргізіледі.
382. Резервуар ыдыстың ішінде бу ирек құбыры болса, онда онан конденсат төгетін құрылғы қарастырылады.
383. Резервуар ыдыстың ішіндегі бу ирек құбырын тіреуіштерге бекітеді.
384. Ирек құбырларды бір-бірімен тек қана пісіріп жалғайды.
385. Резервуар ыдыстарды техникалық ресімдеуді, белгілі тәртіпте бекітілген, мұнай және мұнай өнімдеріне арналған пісіріп жалғанған тік цилиндрлік резервуар ыдыстарды техникалық рәсімдеу талаптарына сай жүргізеді.
5-тарау. Теміржолдық құю-құйып алу эстакадалары
386. Теміржол цистерналарын жанғыш өнімдерді құю-құйып алу эстакадасына қою (әкелу) жұмыстары технологиялық регламент талаптарына сай жүргізіледі.
387. Цистерналар дөңгелектері құю-құйып алу жұмыстары кезінде, рельске тіреуіштер арқылы тіреледі.
388. Эстакададан 100 м жерде ашық от жұмыстарын жүргізуге, мына жағдайларда болмайды:
1) теміржол цистерналарын қою кезінде;
2) жанғыш өнімдерді құю-құйып алу кезінде.
389. Теміржол цистерналарына құю-құйып алу операцияларын, локомотив эстакада аумағынан ең кемі 100 м алыстағаннан соң жүргізіледі.
390. Цистерналарға құю-құйып алу бөлігіне баратын теміржолдарға және автокөлік жолдарына «Тоқта», «Өтуге болмайды», «Цистерналарға құю-құйып алу жүріп жатыр» деген ескерту тақтайшаларын іліп қою керек.
391. Құю-құйып алу эстакадалары теміржолдары басқа пойыз құрамының құю-құйып алу операциялары жүріп жатқан жолға түсіп кетуіне жол бермейтін құрылғымен жабдықталады.
392. Сұйытылған газдарды және жанғыш сұйықтықтарды цистерналарға құю және цистерналардан құйып алу операцияларын қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ету үшін, құбыр желілерінде булардың, кавитация, гидравликалық соққы және басқа да құбылыстардың салдарынан цистерналарға құю-құйып алу құрылғыларының механикалық қирауына әкеліп соқтыратын апаттарға жол бермеу үшін шаралар қарастырады.
393. Теміржол цистерналарына сұйытылған газдарды, тез тұтанатын және жанғыш заттарды құю-құйып алу операцияларын жүргізу үшін, жұмсақ шлангаларды (жең тәрізді), техникалық түрде негізделген және олардың сапасы пайдалану шарттарын қанағаттандырса, қолдануға рұқсат етіледі.
394. Жұмсақ шлангаларды (жең тәрізді), олардағы жырықтанған, кесілген, егелген және басқа ақауы бар жерлерін табу үшін күн сайын қарап шығады.
395. Жұмсақ (жең тәрізді) шлангаларды үш айда бір рет жұмыс қысымынан 1,25 есе артық қысымда, беріктікке гидравликалық сынақта сынайды.
396. Жұмсақ шлангаларды стационарлық құбыр желілерінде пайдалануға болмайды.
397. Цистерналардың люктерін ашып-жабуды, жұмыскер оның жел жағында тұрып орындау керек.
398. Цистерналардың люктерінің қақпақтарын, шлангаларды қосуды, телескопиялық құбырларды және басқа да аспаптарды ашып-жабуды соққы бермей орындау керек.
399. Цистерналарға құюды сұйықтық деңгейімен жүргізу керек, ол үшін шланганың ұшын цистернаның түбіне дейін жеткізу керек.
400. Құю-құйып алу операцияларын күн күркіреп тұрған кезде жүргізуге болмайды.
401. Сұйытылған газды немесе қалыпсыз өнімді құйған кезде пайда болған буларды атмосфераға немесе факелге шығаруға болмайды.
402. Бірінші рет құйылып жатқан немесе жөндеуден шыққан цистерналардан басқа цистерналарға буларының қалдық қысымы 0,05 МПа мөлшерінен кем болса құюға болмайды.
403. Түн мезгілінде цистерналарға құю-құйып алу жұмыстары бригададағы аға жұмыскердің қатысуымен жүргізіледі.
404. Құю-құйып алу жұмыстары ең кемі екі жұмыскердің қатысуымен жүргізіледі.
405. Цистерналарға құю-құйып алу және оларды шаюды орындайтын жұмыскерлерге қолғаптар және осы жұмыс орнында (эстакадада) қажетті тиісті ТОҚЖҚ беріледі.
6-тарау. Факельдік жабдықтар
406. ГӨӨ факельдік жүйесінің құрылғылары, жабдықталуы, техникалық құрылғыларының конструкциялары және оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары, мұнай және газ өндірістеріндегі қауіпсіздік Талаптарына сәйкес жүргізіледі.
407. Құрамында күкіртсутегі және басқа да зиянды заттар бар газдар мен буларға арналған, арнайы факель жүйелері жалпы факель жүйесінен бөлек түрде қарастырылмайды.
408. Арнайы факель жүйелерінің құрылымы және оларды пайдалану шарттары жобалық құжаттарда негізделеді.
409. Факель жүйелері мыналарды қамтамасыз ететін бақылау және автоматтандыру құралдарымен жабдықталады:
1) факельді автоматты түрде қашықтықтан тұтандыру;
2) кезекші тұтандырғыштарға берілетін отын газының қысымын реттеу;
3) факель жүйесін технологиялық қондырғының (нысанның) оператор бөлмесінен қашықтықтан бақылау және басқару.
410. Факель жүйелерінің техникалық құрылғылары, басқару, бақылау және автоматизациясы электрмен қамтамасыз етілетін бірінші дәрежелі тұтынушылар болып табылады.
411. Факельдік құбырдың биіктігі, оның орналасуы және айналасындағы ғимараттар мен имараттарға дейінгі ара қашықтық атмосфералық ауаның ластануының шекті нормаларын, жылу ағынының шекті тығыздығын және өртке қарсы нормаларды ескере отырып есептеулермен негізделіп, жобада келтіріледі.
412. Факель құбырының санын, конструкциясын және тартпаларын бекіту тәсілдерін, оны мүмкін болатын зақымданулардан, соның ішінде транспорт құралдарынан зақымданудан қорғауды қамтамасыз ете алуын жобалайды.
413. Факель құбырының аумағын жобада негізделген радиуста тегістеп, қоршап және өсімдіктерден тазалайды.
414. Факель құбырының қоршауында қызметкерлер кіретін есік пен көлік кіретін қақпа қарастырады, оған «Бөгде кісілерге кіруге болмайды» деген ескерту тақтайшасын іліп қояды.
415. Қоршалған аумақтың шеңберінде құдықтар, ойпаңдар және басқа да қазба жұмыстарын жүргізуге болмайды.
416. Баспалдақтар мен алаңқайлар қызметкерлердің факель құбырының жабдықтарына қызмет көрсетуін ыңғайлы және қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз етуі тиіс.
417. Факель жүйелерін пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
418. ГӨӨ бойынша жасалған өкіммен факель жүйелерін қалыпта ұстау және оларды қауіпсіз пайдалануды бақылау үшін, факель жүйелерінің құрылысы мен оларды қауіпсіз пайдалану туралы сынақтан өткен мамандардың арасынан бақылаушы тұлға тағайындалады.
419. Жөндеу жұмыстарын жүргізер алдында, факель жүйесін бекіткіштермен ажыратып, зиянсыз газдармен үрлеп, сапасын тексереді.
420. Факель жүйелерін іске қосар алдында, ішндегі ауаның құрамындағы оттегі төменгі жарылыс шегінің 25 % құрағанша, оны бумен, зиянсыз немесе көмірсутекті газбен атмосфераға үрлейді.
421. Факельдік құбыр жүйелерін пайдалану кезінде:
1) ауаның сырттан сорылуына және жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуына жол бермейді;
2) оларда мұз тығындардың тұрып қалуына жол бермейді;
3) факельдік жүйеге үрлейтін газдың тұрақты берілуін қамтамасыз етеді (егер технологиялық процесте жеткілікті көлемде тұрақты сыртқа шығару қарастырылмаса);
4) конденсаттарды ұстап қалып және жинайтын техникалық құрылғылардың дер кезінде босатылып тұруын қамтамасыз етеді.
422. Мыналарға жол берілмеу керек:
1) жұмыскерлердің факель құбыры қоршауының аумағына факель жүйелерін пайдалануды қамтамасыз ететін бақылаушы тұлғаның рұқсатынсыз кіруге болмайды;
2) факель құбыры қоршауының аумағында факель жүйелеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдың болуына жол берілмеу керек.
423. Факель қондырғылары өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жабдықталады.
7-тарау. Компрессорлық жабдықтар
424. Компрессорларды мыналармен қамтамасыз етеді:
1) қалыпты тетіктермен;
2) БӨАжА аспаптарымен;
3) қорғаныс және ажыратқыш жүйелерімен.
425. Компрессорларды пайдалануды, дайындаушы-зауыт нұсқаулығына және жарылыс қауіпті және зиянды газдарда жұмыс істейтін стационарлық компрессор қондырғыларының құрылымы мен оларды қауіпсіз пайдалану кезіндегі Талаптарға сай жүргізеді.
426. Компрессорларды оның төлқұжатында көтсетілмеген газдарды сығымдауға пайдалануға болмайды.
427. Тұтқалары алынатын бекіткіш шүмектерді пайдаланған кезде оның квадрат ұшына ішіндегі тығынының бағытын сызып көрсетеді.
428. Компрессордың айдау және сору құбыр желілерінің бекіткіш тетіктерін, оған жақынырақ, қызмет көрсетуге ыңғайлы орынға орнатады.
429. Компрессорлар мен олардың газ құбыры желілерін дайындаушы-зауыт нұсқаулығына және технологиялық регламент талаптарына сай жүргізеді.
430. Компрессорға келетін ауаны жанғыш газдар мен шаңдары жоқ жерден тартады.
431. Сорылатын ауа механикалық қоспалардан сүзгілер арқылы тазаланады.
432. Компрессорға берілетін газды, ішіндегі сұйықтықтық шекті мүмкін деңгейге жеткенде жарықпен және дыбыспен белгі бергіші бар, сұйықтық бөлгіш (сепараторлар) арқылы өткізеді.
433. Компрессор бекетінің (бұдан әрі-КБ) бөлмелерін тұрақты жұмыс істейтін ауаны соратын және сыртқа шығаратын желдеткішпен жабдықтайды.
434. Көмірсутекті газдарды айдап-соратын компрессорларды, бөлмедегі көмір сутекті газдардың мөлшері жарылыстың төменгі деңгеінің 50 %-н құраса, компрессорларды автоматты түрде өшіретін жүйемен қамтамасыз етеді.
435. Компрессорларды мына жағдайларда тоқтатады:
1) майлау жүйесінің жұмысы бұзылса;
2) жұмыс көрсеткіштерінің мүмкін шекті мәндері асып кетсе;
3) діріл мен соққылар пайда болса.
436. Әрдайым компрессорларды тоқтатқан кезде оның жұмыс істеп тұрғанда бақылау мүмкіндігі жоқ бөлшектерін мұқият қарап, оның қалыпты температурадан аса қызып кетпегеніне көз жеткізеді.
Байқалған ақауларды тез арада жояды.
437. Компрессорды тексеруден, жөндеуден және ұзақ уақыт өшіруден (қосалқыдан басқасы) кейін іске қосуды, тек қана бақылаушы тұлғаның жазбаша рұқсатынан соң жүргізеді.
438. Қосалқы компрессорлардың қабылдау және айдау жүйелерінің тетіктерін бекіткіш тетіктермен жауып қояды.
439. КБ сыртқы кіретін есігінің сыртқы жағына «Бөгде кісілерге кіруге болмайды» деген ескерту тақтайшасын орнатады.
8-тарау. Сорғылық жабдықтар
440. Жанғыш заттарды айдайтын сорғылар (сорғылар тобы), оларды қашықтықтан өшірілуін қарастырады және кіру және айдау жүйелеріне қашықтықтан басқарылатын бекіткіш немесе бөліп тастағыш құрылғы орнатылуын қарастырады.
441. Сұйытылған жанғыш газдарды және тез тұтанатын әрі жанғыш сұйықтықтарды айдауға арналған сорғыларды мыналармен қамтамасыз етеді:
1) егер сорғыда сұйықтық болмаса немесе шығындық ыдыстардағы оның деңгейі мүмкін болатын шекті мөлшерден ауытқыған жағдайда, сорғыны іске қосуға немесе өшіруге арналған құрылғылармен;
2) қауіпсіз пайдалануға әсер ететін жұмыс көрсеткіштерінің ауытқуы туралы белгі беретін құрылғылармен.
442. Тез тұтанатын сұйықтықтарды айдауға сальниксіз, қос қабат бүйірлі нығыздағышы, ал негізделген жағдайда-біржақты бүйірлі қосымша нығыздағышты ортадан тепкіш сорғылар пайдаланылады.
443. Сұйытылған көмір сутек газдарға тұмшаланған (сальниксіз) ортадан тепкіш сорғылар пайдаланылады.
444. Торстық нығыздағышқа май айдайтын сорғыда, оның қысымы төмендеген жағдайда қосалқы сорғыны іске қосатын, бөліп тастағыш құрылғы қарастырылады.
445. Ортадан тепкіш сорғының аудау құбыр желісінде кері қақпақша қарастырылады.
446. Тез тұтанатын сыйықтықтарды айдайтын сорғылардың қаңқасы, олардың бір тұғырда орнатылған электр қозғалытқышының жерге қысқа тұйықталғанына қарамастан-ақ, жерге қысқа тұйықталады.
447. Барлық сорғылар бойындағы өнімді жабық орынға төгетін, төгу құрылғысымен жабдықталған.
448. Сорғыларды босатып және оны үрлеу кезінде ондағы өнімдер бөлме сыртына шығарылады:
1) сұйықтықтар-құбыр желілері бойынша белгіленген ыдысқа;
2) булар мен газдар-факел немесе сыртқа шығарылады.
449. Сорғылық бекеттің (бұдан әрі-СБ) құбыр желілерін қызмет көрсетуге ыңғайлы жерге орналастырады.
450. Едендегі арықшалар, тұтқалары ішіне түсіп кететін, бұдыры бар металл жабындармен жабылады.
451. Сорғы бекетінде орналасқан жабдықтар мен құбыр желілері келесі сілтемелер мен белгілеулермен қамтамасыз етіледі:
1) құбыр желілері-олардың мақсаты және өнімдердің тасымалдану бағыты;
2) сорғылар-технологиялық сызбаға байланысты белгіненумен;
3) қозғалытқыштар-роторының айналу бағыты.
452. Сорғыларды пайдалану кезінде олардың айдау қысымын бақылауды қамтамасыз ету керек.
453. Ақауы бар немесе мезгілімен тексеруден өтпеген манометрі бар сорғыларды қолдануға рұқсат етілмейді.
454. Жұмыс істеп тұрған сорғының сальниктеріндегі, торстық нығыздауыштарындағы және құбыр желілерімен қосылған жерлерінің ағуларын жою жұмыстарын жүргізуге болмайды.
455. Қандайда бір сорғының қалыпты жұмыс істеуіне әсер ететін ақаулар білінсе:
1) сорғыны тоқтатады;
2) ақауды анықтайды;
3) ақауды жояды.
456. Жөндеу жұмыстарын сорғы жұмыс істеп тұрған кезде жүргізуге болмайды.
457. Қосалқы сорғы қосуға әрдайым дайын тұру керек.
458. Қосалқы сорғыны сору және айдау коллекторларынан өшіру үшін бекіткіштер қолданылады.
459. Сорғыны тоқтатқан кезде сальниктерді салқындату үшін құйылып тұрған суды да жабады.
460. Бу сорғыларын қосар кезде конденсаттарын төгіп және бу цилиндрларын қыздырып алу керек.
461. Конденсаттарын төгіп және бу цилиндрларын қыздырып жатқан кезде сорғының шығатын құбыр желісінің бекіткіші ашық тұру керек.
462. Сорғының немесе құбыр желілерінің ыстық бөліктеріне шүберектер мен басқа да нәрселерді ілуге болмайды.
463. Сүртетін және басқа да нәрселерді, сорғы мен құбыр желілерінің ыстық бөліктеріне қоюға болмайды.
464. Бу сорғысының цилиндрі қалыпты нүктесінен ауытқыған кезде мынадай қол жұмыстары орындалады:
1) өнім тасымалдау жүйесінің сору және айдау бағыттарының бекіткіштері жабылады;
2) бу құбыры желісінің келетін және шығатын бағыттарындағы бу бекіткіштері жабылады;
3) қысым төмендетіледі.
6-бөлім. Жабдықтарды тазалау және тексеру
1-тарау. Жалпы талаптар
465. Тексеруге және тазалауға жататын аппараттарды, резервуар-ыдыстарды және жабдықтарды:
1) тоқтатылады;
2) өнімнен босатылады;
3) жұмыс істеп тұрған аппаратуралардан өшіріліп және бекіткіш тығындармен жабылады;
4) бумен немесе зиянсыз газбен үрленеді;
6) желдетіледі.
466. Аппараттарды, резервуар ыдыстарды және жабдықтарды булау, зиянсыз газбен үрлеу, сумен жуу, желдету ұзақтығы технологиялық регламентте белгіленеді.
467. Ашылуға жататын аппараттармен, резервуар ыдыстармен және жабдықтармен байланысқан құбыр желілерін бекіткіш тығындармен бөліп тастайды. Бұл кезде кітапшаға қай кезде тығын орнатылғанын және оның қай кезде алынғаны туралы жазып қояды.
468. Аппараттарды, резервуар ыдыстарды және жабдықтарды тексеруге және тазалауға дайындаған кезде, мұнай өнімдерін өндірістік ағын су жүйесіне төгуге болмайды.
469. Аппараттарды, резервуар ыдыстарды және жабдықтарды тексеру және тазалау жұмыстарын, газ қауіпті жұмыстарды қауіпсіз жүргізу талаптарына сай жүргізеді.
470. Ашық люктердің қақпақтары люктерге екі тегірмен (шпилькалармен) бекітіледі.
471. Дайындық шаралары аяқталғаннан кейін (булау, жуу және желдету) резервуар ыдыстан немесе аппараттан оның ішіндегі көмірсутек және оттегінің құрамы туралы сараптама жасалып, ол наряд-рұқсатнама жазылады.
472. Жылжымалы қақпаға бар резервуар ыдыстан сараптамалық үлгі алған кезде, төменгісін-резервуар ыдыстың төменгі жағынан, жоғарғысын-қақпақтың жоғарғы жағынан алады.
473. Аппарат арқылы ауа ағыны өтпес үшін, оның люктерін жоғарыдан төмен қарай ашады.
474. Дайындық кезінде қыздырылған резервуар ыдыстар мен аппараттар, олардың ішіне адамдар түсер кезде 30°С температураға салқындатылады.
475. Резервуар ыдыстар мен аппараттардың ішінде 30-50°С (артық емес) температурада жұмыс жүргізуге тура келсе, қосымша шаралар қарастырылады: тұрақты таза ауа айдалып тұрады, асбест костюмдер қолданылады, ыстық өткізбейтін аяқ киім, тез арада үзіліс және тағы басқалар.
476. Резервуар ыдыстар мен аппараттардан төмен қарай олардан шыққан қоқыстарды, қатты заттарды тастауға болмайды.
Бұл мақсатқа кіші-гірім механизация құрылғыларын пайдалану керек.
477. Компрессорлық және сорғылық жабдықтарды тоқтату, тексеру және қарап шығу жұмыстары дайындаушы-зауыттың нұсқаулығына сәйкес жүргізіледі.
2-тарау. Тығын бекіткіштерді орнату және шешіп алу
478. Аппараттарға, жабдықтарға және құбыр желілеріне тығын-бекіткіштерді орнату жұмыстары газ қауіпті жұмыстарды жүргізу наряд-рұқсатнамасы және тығын-бекіткіштерді орнату сызбасын қоса беру арқылы жүргізіледі.
479. Аппарат немесе құбыр желілері тығын-бекіткіштерді орнату алдында:
1) газ бен өнімнен босатылады;
2) бумен немесе зиянсыз газбен үрленеді;
3) жылжымалы бекіткіштермен ажыратылады;
4) 30°С жоғары емес (немесе қоршаған ортаның темпераратурасына дейін) температураға салқындатылады.
480. Тығын-бекіткіштің желбіршегінде мына мәліметтер ұрылып жазылады:
1) партия номері;
2) болат маркасы;
3) шартты қысым Рш;
4) шартты диаметр Дш.
Жобаға сәйкес келмейтін тығын-бекіткіштерді қолдануға болмайды.
481. Желбіршегі жоқ, фланецтік «шип-паз» типті қосылыстың іш жағына орнатылатын тығын-бекіткіш мәліметтері тығынның бет жағына ұрылып жазылады.
482. Тығын-бекіткіштің қалыңдығы ең жоғарғы мүмкін болатын қысымды есепке ала отырып анықталады, ең кемі 3 мм болмауы керек.
483. Тығын-бекіткіштер газ немесе өнім келетін жағынан нығыздағыштар арқылы орнатылады.
484. Жөндеу жұмыстары біткен соң барлық уақытша орнатылған тығын-бекіткіштер шешіп алынады.
7-бөлім. Жабдықтарды жөндеу
485. Жабдықтарды жөндеу жұмыстары осы Талаптарға және технологиялық регламентке сәйкес жөндеу жұмыстарының кестесі бойынша жүргізіледі.
486. Жөндеу жұмыстарының кестесі ГӨӨ техникалық басшысымен бекітіледі.
487. Жөндеу жұмыстары алдында аппараттарды, резервуар-ыдыстарды және жабдықтарды осы Талаптардың 6-бөлімінде көрсетілген талаптарға сәйкес дайындайды және тазаланады.
488. Аппараттар ішіндегі жұмыстар ТЖҚЖҚ пайдаланбай жүргізіледі егер:
1) жөндеуге дайындалған аппараттың ішіндегі ауадан алынған үлгі сараптамасының көрсеткіштері:
булар мен газдардың концентрациясы санитарлық нормалардан аспаса (оттегінің мөлшері-20 % кем емес);
2) аппаратқа сырттан зиянды булар мен газдар келу мүмкіншілігі жоқ.
489. Жарылыс қауіпті жұмыс орындарындағы жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындау және оларды жүргізу жұмыс істеп тұрған желдеткіштер кезінде жүргізіледі.
490. Жөнделетін жабдықтардың бөлшектері керосинмен жуылады. Басқа да (жеңілірек) сұйықтықтар мен еріткіштер төлқұжат немесе дайындаушы-зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қосымша шараларын (тұрақты желдеткіш, ашық оттың болмауы, тиісті қорғаныс құралдарын пайдалану және тағы басқалар) сақтай отырып қолданылады.
491. Жөндеу жұмыстары қорғаныс каскаларында жүргізіледі.
492. Бағаналарды жөндеу жұмыстары кезінде тәрелкелерді шешіп алу жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі. Тәрелке бөлшектері бағана сыртына жиналады.
493. Бағананың бірнеше жерінде (биіктікте) жұмыс жүргізіп жатқан жұмыскерлер топтарының арасында, төмендегі жұмыскерлерге жоғарыдан бөлшектер немесе құралдар түсіп кетуден сақтау үшін, шешілмеген бір тәрелке қалдырады. Бұл кезде бағананың люктері ашылады.
494. Жылу алмастырғышты немесе конденсаторды механикалық тәсілмен тазалау кезінде қоршау жасалып және «Қауіпті аумақ» деген ескерту тақтайшасын іліп қояды.
495. Жылу алмастырғышты, мұздатқышты гидравликалық немесе химиялық тәсілмен тазалаған кезде, қорғаныс құралдарын пайдалану керек.
496. Сорғыны ашып жөндеу жұмыстары мыналардан кейін жүргізіледі:
1) сорғыны тоқтату;
2) электр энергиясын өшіру;
3) қысымды төмендету;
4) бекіткіш тетіктерді жабу;
5) тығын-бекіткішті орнату.
497. Сорғының электрлі қозғалтқышын өшіргеннен кейін, оны екі жерден (рубильниктен өшіру және сақтандырғыштан ерігіш салғышты алып тастау) өшіреді.
498. Электрлі қозғалтқыштың қосқышына және ток тартқыш қалқанына «Қоспаңдар-адамдар жұмыс жүргізіп жатыр» деген ескерту тақтайшасы ілініп қойылады.
499. Ескерту тақтайшасы жөндеу біткен соң бақылаушы тұлғаның жазбаша рұқсаты арқылы алынып тасталады.
500. Компрессорлық және сорғылық жабдықтарды дайындаушы-зауыттың нұсқаулықтарына сәйкес жөндейді.
501. Компрессорды жөндеу кезінде, оны оның барлық тетіктері ағытылып, компрессор барлық технологиялық құбыр желілерінен және отын газы желісінен тығын-бекіткіш арқылы ажыратылып және факельге үрленеді.
502. Жөнделетін жабдықтар 30°С температураға дейін салқындатылады.
Егер жабдық төменгі температурада жұмыс істеген болса, онда ол қыздырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |