Газдарды өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-бөлім. Жалпы талаптар


-бөлім. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары



бет2/5
Дата26.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#159739
1   2   3   4   5

3-бөлім. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары

1-тарау. Жұмыскерлердің жеке қорғаныс құралдары
89. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және сақтану құралдары белгіленген нормаларға сәйкес беріледі.

90. Ұйымның қызметкерлері арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, қорғаныс каскалармен (қыста-жылы шлем асты бас киімі бар) және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Жарылыс қауіпті нысандарда қолданылатын арнайы киімдер ыстыққа төзімді материалдан жасалады.

91. Көзге әртүрлі заттар, зиянды сұйықтықтар, булар және газдар түсетін болса, сонымен қатар, көзге өте күшті жарықтар кері әсерін тигізетін болса, көзге қорғаныс көзілдірігін киеді.

92. Улы тұздар және қышқылдармен жұмыс істейтін жұмыскерлер қорғаныс көзілдірігімен, қолғаптармен және тиісті арнайы киіммен, резеңке етікпен және резеңке алжапқышпен қамтамасыз етіледі.

93. Улы тұздар және қышқылдармен байланысты жұмыс орындары, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, тиісінше бор қышқылымен немесе содамен қамтамасыз етіледі.

94. Радиоактивті заттармен жұмыс істейтіндер иондық сәулелерден қорғану құралдарымен радиоактивтік заттармен және иондық сәулелер шашатын көздермен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық талаптарға сәйкес жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

95. Зиянды газдардың, булардың және шаңдардың мөлшері санитарлық нормадан асып кететін жұмыс орындарында жұмыскерлер тиісті тыныс жолдарын қорғаудың жеке құралдарымен (бұдан әрі-ТЖҚЖҚ) қамтамасыз етіледі.

96. ТЖҚЖҚ түрлері әрбір қауіпті өндірістік нысан үшін негізделіп және жобалық құжаттарда белгіленеді.

ТЖҚЖҚ таңдау және пайдалану кезінде өндірістік газдарға қарсы құралдарды пайдалану туралы қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттарды басшылыққа алады.

97. Жұмыскерлерге берілетін ТЖҚЖҚ олардың өлшемдеріне сәйкес таңдалынып, жұмыс орнында, арнайы орында, әркімнің өз ұяшығында сақталуы тиіс. Әрбір ұяшықта және газға қарсы киетін құралда, оның иесінің аты-жөні, маскасының түрі мен өлшемі жазылады. ТЖҚЖҚ олардың техникалық төлқұжаттарында және зауыттық пайдалануға арналған нұсқаулыққа сәйкес тексеріп және уақытында ауыстырып тұрады.

98. Технологиялық регламентте тиісті ТЖҚЖҚ пайдалануға, оның бөлшектерінің дұрыстығын анықтайтын, сонымен қатар, оны күтіп ұстау, сақтау және дезинфекциялау талаптары келтірілген.

99. ТЖҚЖҚ мезгілімен тексеру, жөндеу және істен шығару жұмыстарын пайдалану нұсқаулығына сәйкес газдан құтқару зертханасында жүргізіледі.

100. Шаң пайда болуы мүмкін жағдайларда жұмыскерлер шаңға қарсы респираторларда, қорғаныс көзілдірікте және комбинезондарда жұмыс істейді.

101. Жұмыскерлер ТЖЖҚҚ қолдану, тексеру және сақтау ережелеріне оқытылады.

102. Әрбір қауіпті өндірістік нысанда тиісті түрі сақталған ТЖҚЖҚ апаттық қоры қарастырылған. Әрбір нысандарға арналған сүзгілік апаттық противогаздардың әр түрінен 3-5 данасы сақталған.

Әрбір жинақ барлық өлшемдегі шлем-маскалармен жабдықталған.

Сонымен қатар, ең кемі 2 жинақ резеңке құбырлы апаттық противогаз қарастырылған.

103. Сүзгілік противогаздардың апаттық қоры мөр басылған жәшікте, ал резеңке құбырлы противогаздар мөр басылған қобдишада сақталады.

Противогаздардың апаттық қорын құлыптауға болмайды.

Апаттық қордың мөр басылған белгісінің бүтіндігі қызмет көрсетуші қызметкермен ауысымды қабылдау және тапсыру кезінде тексеріледі. Апаттық қордың бары және оның жағдайы газ құтқару қызметінің бақылаушы қызметкерімен ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кесте бойынша айына бір рет тексеріледі.

104. Нысанның барлық жұмыскерлерін пайдаланудағы және апаттық ТЖЖҚҚ сақталған орынмен таныстырылады.

105. Жеке қорғаныс құралдарын, арнайы киімді және арнайы аяқ киімді дұрыс пайдалануды бақылаушы тұлған «Өндірістік бақылау туралы талап» бойынша анықтайды.



2-тарау. Өндіріс аумақ және өндірістік орындардың құрылымы
106. ГӨӨ нысандарының аумағы мен өндіріс орындары өнеркәсіптік мекемелерді қалыпта ұстау туралы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қалыпта ұсталады.

107. Су ағатын арықшалар, арықтар, ұралар және тереңдіктер, соның ішінде уақытшалары түн мезгілдерінде жарықтандырылып, плита тақтайшалармен жабылып немесе биіктігі 1 м кем емес биіктікте қоршалады.

108. ГӨӨ аумағында жұмыскерлердің кедергісіз жүріп-тұруын, сонымен қатар мүмкін болатын апаттық көшу кезінде жүретін, қатты төсеніш төселген жаяу жүргінші жолдармен қамтамасыз етіледі.

109. Жолдарды, көпірлерді, айналма және өткінші жолдарды таза және қалыпта ұстап, жол белгілерімен, құбыр желілерінің эстакадаларын астынан өтетін жолдардың биіктігінің белгісімен қамтамасыз етеді және түн мезгілінде жарықтандырылады.

110. ГӨӨ аумағында ұшқын өшіргіші жоқ трактор көліктерінің қозғалысына рұқсат етілмейді.

111. Рельс жолдарының жаяу жүргінші жолдармен қиылысқан жерлерінде, рельстің бетімен бірдей қылып төсеніш төселеді, ескерту және тыйым салу белгілері орнатылады.

112. Жолдардың өтетін бөліктерін жабумен байланысты жөндеу жұмыстары өрт күзетімен келісілуі тиіс.

113. ГӨӨ аумағының құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген бөлігі тегістеліп, құрылыстан қалған қалдықтардан тазартылады. Аталған бөліктегі қондырғыларды аумақты толық тегістеп және құрылыстық қалдықтардан тазалап болғанша іске қосуға рұқсат етілмейді.

114. ГӨӨ аумағында еңбек қауіпсіздігінің тақтайшалары, қауіпсіздік белгілері және «Жарылыс қауіпті», «Өрт қауіпті», «Шылым шегуге болмайды» және басқа да ескерту белгілері ілініп қойылады.

115. ГӨӨ аумағында, ғимараттар мен имараттарда шылым шегу, өрт қызметімен келісілген, «Шылым шегу орны» деген жазуы бар тақтайша ілінген арнайы орында рұқсат етіледі.

116. ГӨӨ аумағында тұрақты және уақытша от жұмыстары жүргізілетін жерлерден басқа орындарда ашық отты пайдалануға рұқсат етілмейді. ГӨӨ аумағындағы от жұмыстарын жүргізу тәртібі технологиялық регламентпен бекітілген.

117. ГӨӨ аумағында мұнай өнімдері мен басқа да ТТС төгілген кезде оны жоюға және жиналған зиянды затты қауіпсіз залалсыздандыру шараларын қолданады.

118. Жолдардың, өткелдердің, кірер жолдардың, баспалдақ алаңқайларының ғимарат арқылы өткелдер мен шығатын жолдарды, өртке қарсы жабдықтарға, өрт сөндіру, байланыс және белгі беру құралдарына барар жолдарды ластауға және оларды керексіз заттармен бекітуге болмайды.

119. ГӨӨ аумағында құбыр желілері, су ағатын арықшалар және арықтар арқылы жаяу жүргінші өткелдерге ені ең кемі 1 м, биіктігі ең кемі 1 м болатын қоршауы бар көпіршелер орнатылады.

120. Құдықтарда, арықшаларда және тереңдіктерде орналасқан бекіткіштер мен басқа да тетіктерді, оларды жоғарыдан, сырттан басқаратын құрылғылармен (ұзартылған біліктер немесе басқару дөңгелектері, электрлі пневмо құрылғылар және басқалары) жабдықталып және жөндеу мен алдын-алу жұмыстарын жүргізу үшін қауіпсіз барар жолмен қамтамасыз етеді.

121. Өндіріс орындарының, бөлмелердің едендерін тазалау жұмыстары қажет жағдайда, бірақ ауысымда бір реттен кем емес, ылғалды немесе басқа да шаң бөлінбейтін тәсілмен жүргізеді. Едендерді жуу үшін ТТС пайдалануға рұқсат етілмейді.

122. Пайдаланылған сұрткіш материалдарды қақпағы мықтап жабылатын, арнайы темір жәшікке жинап және ауысым аяқталған соң өндіріс орнынан арнайы белгіленген орынға шығарып тастайды.

123. Материалдар иен жабдықтарды уақытша сақтауды, өрт сөндіру қызметімен келісілген және барлық талаптарды сақтай отырып, арнайы бөлмелерде немесе орындарда жүргізеді.

124. Майларды және майлауға арналған сұйықтықтарды өндіріс орындарында, беті жабылатын темір жәшікте сақтайды.

125. Жарылыс қауіпті бөлмелердің барлық есіктерінің сыртқы жағына, өндірістің жарылыс қауіптілігінің сипаттамасын жазып қояды.

126. Тез тұтанатын және газ түріндегі зиянды заттардың үлгісін алу арнайы бөлінген орында жүргізеді.

127. Ыстық аппараттардың, жабдықтардың және құбыр желілерінің сыртқы қаптамасын қалыпты жағдайда ұстау керек. Олардың беттерінің температурасын бөлме ішінде 45°С-тан, сыртқы алаңқайларда 60°С-тан аспайтындай қылып ұстау керек.

128. Қауіпті өндірістік орындардағы электр жабдықтарын, автоматика және бақылау аспаптарын, электр аспаптарын электрлі пісіріп жалғау аппараттарын және жарық беру құралдарын электр қондырғыларының құрылғысының Ережелері (бұдан әрі-ЭҚЕ) талаптарына сай орындайды, ал оларды пайдалану, электр қондырғыларын техникалық пайдалану Талаптарына және электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі Талаптарына сай жүргізіледі.

129. Қолға алып жүретін жарық беру шамдары жарылыстан қорғалған болуы керек. Байланыстың техникалық құралдары жарылыс қауіпті бөлмелердің қауіптілік дәрежесіне сай болуы керек.

130. Газ және будың ауамен қосылғанда жарылыс қауіпті қоспа пайда болуы мүмкін жерлерде, соққан кезде ұшқын бермейтін құралдарды пайдалану керек.

131. ГӨӨ өндірістік нысандары жобада көрсетілген өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

132. Өртке қарсы құралдарды жеткілікті шамада және оны сақтау талаптарын сақтай отырып, жобада көрсетілген орында сақтайды.

133. ГӨӨ өндірістік нысандарының аумақтарында және өндірістік бөлмелерді мынадай шараларды жүргізеді:

1) өртке қарсы құралдарды және өрт сөндіру жүйесін, олардағы су мен будың қысымын жұмыскерлер ауысымда бір рет тексеріп тұрады;

2) желдеткіш қондырғыларының сыртын және жұмыс істеуін жұмыскерлер ауысымды қабылдар алдында тексеріп алады;

3) бақылау-өлшеу құралдарын, автоматиканы және сақтандырғыш құрылғыларды жұмыскерлер ауысым сайын тексеріп тұрады.

Тексеру нәтижелері кітапшаға жазылады.

134. Жұмыс орындарында, байланыс құралдарының қасына белгі беру тәртібі және өрт күзетшісінің, дәрігерлік бекеттің, газдан құтқару қызметінің және ГӨӨ диспетчерінің сымтетік нөмірлері жазылған тақтайша ілініп қойылады.

3-тарау. Өндірістік орындарды жылыту және желдету
135. Жылыту жүйелерін және желдеткіш қондырғыларды қалыпты жағдайда ұстап, технологиялық регламентке және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарының (бұдан ары-ЖАЖ) кестесіне сәйкес қарап және жөндеп тұрады.

136. Жылыту жүйелерінің және құралдарының конструкциясы, жылытқыштардың сапасы, оларға қызмет көсету түрі мен мезгілі жобалық құжаттарға сай қабылданады. Жанғыш және зиянды заттарды бөлмелерді жылытқыш ретінде қолдануға болмайды.

137. Жылытқыш құралдардың, жылыту жүйесінің конструкциясы мен оларды орналастыру орындары, оларды қарауға және шаңын тазалап тұруға ыңғайлы болуы керек.

138. Жылыту құралдарының жарылыс және өрт қауіпті жұмыс орындарының едені арқылы жүргізілген арықшалары толығымен құммен жабылады, ал олардың ішкі және сыртқы қабырғалармен өткен жерлері нығыздалып, қапталады.

139. Жарылыс қауіпті бөлмелерде тәулік бойы желдеткіш қондырғыларының жұмысын қамтамасыз ету керек.

140. Пайдаланудағы желдеткіш қондырғыларының жобада көрсетілген нақты тиімді жұмысын регламенттік пайдалану және бекітілген кесте бойынша құралдарын тексеріп тұру арқылы қамтамасыз етіледі.

141. Автоматты түрде іске қосылатын желдеткіштерге «Назар салыңыз! Іске автоматты түрде қосылады» деген жазуы бар тақтайша іліп қояды.

142. Желдеткіштердің камерасына желдеткіш қондырғысының сызбасын, ал есігіне желдеткіш қондырғысының қалыпты жұмыс жасауын бақылайтын тұлғаның аты-жөні жазылған тақтайша ілініп қойылады.

143. Өндірістік бөлмелердің технологиялық қондырғыларының, жабдықтарының жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған ақаулық тізбесінде желдеткіш қондырғыларының қалыптылығын тексеруді және жөндеуді қарастырады. Ақауы бар желдеткіштер бар кезде технологиялық қондырғыны немесе нысанды жөндеуден қабылдауға болмайды.

144. Желдеткіштер камерасының бөлмесін қойма ретінде пайдалануға және алдына бөгде нәрселерді үйіп тастауға болмайды.




4-тарау. Сумен қамтамасыз ету және ағын су жүйесі
145. Технологиялық нысандардың айналма сумен жабдықтау жүйесіне жарылыс-өрт қауіпті сұйықтықтардың, булардың және газдардың араласып кетуі мүмкін болса, онда оларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету керек.

146. Шаруалық-ішуге арналған су құбыры жүйелерін, технологиялық регламентте және апаттарды жою жоспарында (бұдан әрі-АЖЖ) қарастылған жағдайлардан басқа уақытта техникалық су пайдалануға болмайды.

147. Техникалық су алатын нүктелерге «Ішуге жарамайды» деген тақтайша іліп қояды.

148. Ақпа сулардың ағысына, олардың ластануына және су тазалағыш қондырғылардың жұмыс істеу тиімділігіне, жергілікті санитарлық бақылау органдарымен келісілген кесте бойынша, күн сайын зертханалық бақылау орнатылады. Ақпа сулардың құрамындағы мұнай өнімдері мен зиянды заттардың мөлшері белгіленген нормадан аспауы керек.

149. Ақауы бар немесе гидравликалық бекіткіші дұрыс орнатылмаған ақпа су жүйелерін пайдалануға рұқсат етілмейді. Әрбір гидравликалық бекіткіштегі судың деңгейі 0,25 м кем болмайтын болуы керек.

150. ГӨӨ аумағындағы және онан сырт жерлердегі өндірістік ақпа су желілерінің (және басқа да мақсаттардағы) құдықтары әр уақытта жабық болуы керек. Құдықтардың қақпақтарын болат және темір бетон сақинада ең кемі 10 см болатындай құммен жауып қояды.

151. Ішінде жұмыс жүріп жатқан құдықтарды айналдыра қоршап, жанына «Жұмыс жүріп жатыр» деген жазуы бар ескерту тақтайшасын іліп қояды.

152. Ақпа сулардың қажетті тазалығын қамтамасыз ете алмайтын ақауы бар немесе өте ластанған ақпа су тазарту қондырғыларына баратын ақпа су жүйелерін пайдалануға болмайды.

153. Өндірістік ақпа су жүйелерінің ұстағыштары мен тұндырғыштары биіктігі 1 м болатын жанбайтын материалдан жасалған қоршаумен қамтамасыз етіледі.

5-тарау. Бақылау аспаптары және автоматика
154. БӨАжА басқару қалқанында орнатылған аспаптарына олардың анықтайтын және шекті мүмкін өлшемдерін жазып қояды.

155. Белгі беретін шамдарды және басқа да арнайы аспаптарды, олардың беретін белгісін сипатын көрсетіп жазып қояды.

156. БӨАжА міндетті түрде белгіленген тәртіпте метрологиялық тексеру және реттеуден өтеді.

157. Ескерту және апаттық белгі беру құралдары әрдайым іске қосылып тұруы керек.

158. БӨАжА құралдарын жөндеуге, реттеуге немесе тексеруге шешіп алған кезде орнына барлық өлшемдері тура сондай болып келетін құрал орнатады.

159. Ауысымдағы технологиялық жұмыскерлер технологиялық регламентке сәйкес кейбір автоматика құралдары мен аспаптарын апаттық өшіруіне болады.

160. Өндіріс орындарындағы әрбір технологиялық қондырғы (нысан) жобалаушы ұйыммен келісілген, ақауы білінген қондырғыны (нысанда) тоқтататын немесе қауіпсіз пайдалану қалпына келтіретін, қорғаныс және процесті реттеудің құралдарының тізімімен қамтамасыз етіледі.

161. Қолдану мерзімі өткен немесе ақауы бар БӨАжА құралдарын орнатуға және пайдалануға болмайды.

162. Манометрді оның көрсетіп тұрған өлшемдері жұмыскерлерге анық көрінетіндей болуы керек, сонымен қатар, оның шкалалары вертикаль жазықтықта немесе алға қарай 30°-қа дейін еңкейтіліп орнатылады, өлшеу шегі шкаланың үштен екі бөлігінде болады. Манометрдің циферблатына, резервуар-ыдыстағы ең жоғарғы рұқсат етілген қысымның мөлшерін көрсететін бөлікті белгілеп қызыл сиямен сызып қояды немесе оның қаңқасына қызыл жебе жапсырып қояды.

163. Манометрді оған қызмет көрсететін алаңның деңгейінен 3 м жоғары биіктікке орнатуға рұқсат етілмейді.

164. БӨАжА, бөліп тастағыш және белгі бергіш құрылғыларды тексеру жұмыстары, тіркеу кітапшасында көрсетілген, ұйымның техникалық басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

165. БӨАжА ауа желілері мен техникалық ауа желілерін біріктіруге болмайды және басқа мақсаттарға пайдалану үшін БӨАжА ауа желілері қосылуға болмайды.

166. БӨАжА арасында сынап бар аспаптар болса, оларды жөндеуге арнайы бөлек бөлме қарастырған жөн.

167. Радиоактивті изотоптары бар аспаптармен жұмыс жасаған кезде радиоактивті заттармен және басқа иондық сәуле шашатын заттармен жұмыс жасаудың санитарлық талаптарын басшылыққа алады.



6-тарау. Найзағайдан және статистикалық электр көзінен қорғаныс
168. ГӨӨ нысандарындағы найзағайдан қорғану құрылғылары ғимараттар мен имараттардың найзағайдан қорғану құрылғыларына қойылатын Талаптарға сәйкес орындалады.

169. ГӨӨ өнімдерін теміржол цистерналарына құюға арналған ұшында темір саптамасы бар резеңке шлангаларды статистикалық электр тоғынан қорғау үшін, оларды диаметрі ең кемі 2 мм болатындай мыс сыммен немесе қимасының диаметрі ең кемі 4 мм болатын мыс троспен сыртынан арасы 100 мм аспайтындай етіп орап жерге қысқа тұйықтайды. Сымның немесе тростың ұштарын болат құбыр желілеріне және маптаманың ұшына пайкалап немесе тегірлік қосылыспен жалғайды.

Шлангалардың ұштарындағы мұнай өнімдерін тез құюға арналған саптамаларды, ұшқын бермейтін немесе ұшқын бермейтін материалмен қапталған болат темірден жасайды.

170. Теміржол цистерналарына құюға арналған тұғырларды жерге қысқа тұйықтайды.

171. Жерге қысқа тұйықтағыш және найзағайдан қорғану құрылғыларын ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кестеге тексеріп, нәтижелерін актіде көрсетіп, кітапшада жазады.

172. Резервуар-ыдыстың қабылдағыш құбыр желісін орнатқанда, қабылданған мұнай өнімі резервуар-ыдыстың ішіндегі «өлі қалдық» деңгейіне құйылуын қамтамасыз етуі тиіс. Резервуар-ыдысқа мұнай өнімдерін сарқыратып құюға болмайды.

173. Мыналарға жол беруге болмайды:

1) резервуар-ыдыстардан жанғыш сұйықтықтардың ілгісін алуға;

2) күн күркіреп тұрған кезде жанғыш сұйықтықтарды құюға және құйып алуға.

7-тарау. Ауыр және қол еңбектерін механизациялау
174. ГӨӨ аумағында, қондырғыларда және өндірістік орындарда жабдықтар мен құбыр желілерін құру, ағыту және жөндеу кездерінде, жүк көтергіш крандарды қауіпсіз пайдалану және құрылымына қойылатын Талаптарына сәйкес жобада дайындалған көтеру-түсіру құралдары мен механизмдері қолданылады.

175. Жүк тасу жұмыстарын тәуліктің күндізгі уақытында орындау керек. Кешке жүргізілетін жүк тасу жұмыстарын, тікелей жүк тасу жұмыстарына рұқсатнамасы бар тұлғаның бақылауында жүргізу керек.

Ірі өлшемді және өте ауыр жүктерді арту, түсіру тасымалдау жұмыстарын алдын-ала дайындалған және ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен, онда жұмысты қауіпсіз жүргізуді бақылайтын тұлға көрсетілген, жұмысты жүргізу жоспары бойынша орындайды.

176. Жүк көтергіш механизмдердің жұмыс орнының аумағы қоршалып, қауіпті аумақтың шекараларына ескерту белгілерін орнатады.


8-тарау. Электрлік және пневмалық құралдармен атқарылатын жұмыстар
177. Қолданыстағы электрлі құралдармен жұмыс істеуге электрлік қауіпсіздіктің тиісті мамандандырылған тобынан дайындықтан өткен тұлғаларға рұқсат беріледі.

178. Электрлік құралдарды пайдалануды тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігінің Талаптарына сәйкес жүргізеді.

179. Электрлік құралдарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын электрлік-техникалық мамандар жүргізеді.

180. Пневматикалық құралдардың резеңкелік жұмсақ қосылыстарының нығыз және берік жалғануы қамтамасыз етілуі тиіс.



9-тарау. Биіктікте жүргізілетін жұмыстар
181. Егер қызмет көрсетілетін жабдықтар (аппараттар, аспаптар, люктер, бекіткіштер және тағы басқалар) 1,8 м биіктіктен жоғары орнатылған болса, онда оған бару үшін жеке баспалдақтар немесе қоршауы бар алаңқайлар қарастырылады.

182. Сирек қызмет көрсетілетін, 3 м аспайтын биіктікке орнатылған жабдықтарға еңкіштігі 60° болатындай сатыларды орнатуға болады.

183. Биіктікте атқарылатын жұмыстар үшін типтік жобада жасалған инвертарлық құралмалы сәкілерді және басқа құрылғыларды пайдаланады.

184. Жөндеу жұмыстары үшін құбыр желілеріне ілініп тұратын жапсырмалы сатыларды пайдалануға болмайды.



10-тарау. Жер қазу жұмыстары
185. ГӨӨ аумағында жер қазу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстарды жүргізу наряд-рұқсатнамасы және жұмыс жүргізілетін аумақтағы жер асты жүргізілген қоммуникациялардың орналасу жоспары болуы керек.

186. Адамдар немесе көліктер жүретін жерлерде арық қазғанда қоршаулар орнату керек. Қоршауларға ескерту белгілерін немесе жазулар, ал түн мезгілінде-жарықпен белгі беру құралдарын орнатады.



4-бөлім. Технологиялық қондырғыларды пайдалану

1-тарау. Жалпы талаптар
187. Технологиялық процесті ұйымның техникалық басшысы бекіткен технологиялық регламентке сай жүргізеді.

188. Қызмет көрсетуші тұлғалар отыратын операторлар бөлмесіне қызмет көрсетілетін жабдықтардың технологиялық сызбасы ілінеді. Технологиялық сызба жыл сайын бақылаушы тұлғамен оның нақты жағдайына сәйкес келуі тексеріледі және оған бас жобалаушымен келісілген өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, сызба ГӨӨ техникалық басшысымен қайта бекітіледі.

189. Қондырғының барлық жабдықтары, аппаратурасы және негізгі бекіткіш құрылғылары технологиялық сызбаға сәйкес нөмірленеді.

190. Технологиялық қондырғыға қызмет көрсететін жұмыскерлер, оның сызбасын және аппараттардың, құбыр желілерінің, тетіктер мен БӨАжА құралдарының сипаттамасын білмесе жұмысқа жіберілмейді.

191. Қондырғыны іске қосар алдында жабдықтардың, құбыр желілерінің, тетіктердің, металл құрылғылардың, жерге қысқа тұйықтағыштардың, БӨАжА аспаптарының, бекіткіштердің, желдеткіштердің, ақпа су жүйелерінің, жеке қорғаныс құралдарының (бұдан әрі-ЖҚҚ) және өрт сөндіру құралдарының, қалыптылығын тексеріп және жүйедегі ауаны инертті газбен немесе көмірсутегі газбен сыртқа ығыстырып шығарады. Үрлеп ығыстырудың соңы сыртқа шығып жатқан газдың құрамындағы оттегінің мөлшері 1 % болғанын сараптамада анықтағанға дейін болады.

192. Қондырғыны іске қосуды технологиялық регламентте белгіленген тәртіп бойынша мамандардың толық қатысуымен, рациясы бар бақылаушы тұлғаның басқаруымен орындайды.

193. Технологиялық өлшемдерді өзгерту жылдамдығы технологиялық регламентке және зауыт-дайындаушы берген жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа байланысты ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен жабдықты іске қосу, пайдалану және тоқтату туралы нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

194. Оператор бөлмесіндегі қалқанда орнатылған БӨАжА құралдарының көрсеткішін мезгіл сайын тікелей аппаратта орнатылған өлшеу құралдарының көрсеткіштерімен салыстырып тексеріп отырады.

195. Шкаласы жоқ алғашқы аспаптарды сол орындарында бақылаушы аспаптар арқылы тексереді.

196. Жұмыс аумағы газданған кезде тез арада жақын орналасқан қондырғыларға қызмет көрсететін жұмыскерлерге болуы мүмкін апат туралы хабар беріп, газданған аумақты қоршап және газдану көзін жоюға шара қолданады.

197. Өрт сөндіру жүйелерінің және жарылысқа дейінгі концентрацияны анықтау аспаптары дұрыс жұмыс істемесе, оларды жөндеуге тез арада шара қолданады. Оларды жөндеу кезінде қондырғыны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін шараларды жүргізеді.

198. Өрттен қорғайтын аспаптары жұмыс істемейтін қондырғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

199. Қосалқы ыстық су айдағыш сорғыларды алдын ала қыздырып алмай және салқындату жүйесін тексермей іске қосуға болмайды.

200. Конденсаторлардан және мұздатқыштардан шыққан суларды, олардың құрамында салқындатылған өнім бар-жоғына тексеріледі. Егер бар болса апаратты өшіреді.

201. Көмірсутекті газдардың, сұйытылған газдардың және көмірсутекті конденсаттың үлгілерін алу, апараттағы ең жоғарғы қысымға есептелген үлгі алғыш құрылғылармен жүргізіледі. Ақауы бар және тексеру уақыты өтіп кеткен ине тәрізді бекіткішті үлгі алу құрылғысын пайдалануға рұқсат етілмейді. Бекіткіштерді нығыздыққа тексеруді ГӨӨ техникалық басшысы бекіткен кестеге сәйкес жүргізеді.

202. Қондырғының электр құрылғыларына қызмет көрсетуге тиісті біліктілігі және жұмысқа рұқсатнамасы бар жұмыскерлер қатыстырылады.

203. Зауыт-дайындаушының берген төлқұжатында және пайдалану нұсқаулығында көрсетілген автоматика құрылғылары болмаған немесе олардың ақауы бар компрессорлар мен сорғыларды пайдалануға болмайды.

204. Компрессорлық және сорғылық бекеттердегі құбыр желілеріне, олардағы газдардың, ауаның және басқа да өнімдердің жүру бағыты көрсетіледі.

205. Компрессорлар және сорғыларды майлайтын майларды сертификаты болса ғана пайдалануға болады.

206. Фланецтік қосылыстарының нығыздауышына, айдайтын ортаның және технологиялық процестің көрсеткіштеріне сәйкес келетін материалдарды қолдану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет