Гельминтоздар



бет2/7
Дата19.05.2022
өлшемі0.64 Mb.
#457436
1   2   3   4   5   6   7
ВМ-505 Жарылқасын Нурила

Өсіп-өнуі

Ащы iшектiң кiлегей қабығына орналасқан люберкюн бездерiнде күнелтетiн трихинелланың ұрғашысы 200-300 данаға дейiн тiрi балаңқұрттар туады. Олар сөл (лимфа) тамырларына енiп, қанайналымының əуелi кiшi, одан кейiн үлкен шеңберi арқылы көптеген мүшелер мен ұлпаларға өтедi. Қыл тамырлық (капиллярлық) жүйеден личинкалар көлденең жолақ бұлшық еттерге келiп тiреледi. Олар етталшығының (миофибрил) сыртқы қабық қабатын (сарколема) тесiпiшiне кiредi, оны айналасындағы дəнекер-ұлпалар жан-жағынанқоршауға алады. Шошқа организмiнде балаңқұрттың етке енуi 5-7күннен кейiн басталады, ал 17 күннен соң ол шиыршықтанып оралады.19-20 –шы күнi құрт личинкасы өзiнiң жұқпалы сатысына жетiп,тұтастай жұқа қабықтың (капсула) құрсауында қалады. Бұл құбылысжалпы алғанда, 15-18 айда аяқталады. “Тұтқындағы” балаңқұрттаркөбiнесе көкеттен, яғни өңеш, тiл, қабырға аралық, бел, жақсүйекеттерiнен қоныс табады. Олар жануар денесiнде бiрнеше жыл бойы, аладамда ширек ғасырға дейiн өмiр сүре алады. Адам мен аңдартрихинеллезбен зарарланған еттi жеп ауруға ұрынады. Асқорытужүйесiнде нематода қабықтары қарын шырыны əсерiнен ерiп,қабықтарынан құтылған балаңқұрттар ащы iшектiң тереңiне бойлайкiрiп жайғасады. Мұнда олар өсiп, түлейдi де 2-3 күн өтiсiмен жынысыжетiлген еркек жəне ұрғашы құрттарға айналады. Шағылысқаннан кейiнұрғашылары балаңқұрттарын туа бастайды.

Клиникалық белгілері

  • Адамдарда көрінетін клиникалық белгілері: дене температурасының көтеріліп түсуі, бет ісу, іш өту және зақымдалған бұлшықеттердің ауырсынуы.
  • Тəжiрибе мақсатымен трихиннеллез қоздырғышы жұқтырылған шошқада 3-4 күннен кейiн аурудың клиникалық көрiнiстерi бiлiне бастайды. Шошқа денесiнiң қызуы сəл көтерiледi,əлсiрейдi, əлсiн-əлсiн лоқсиды, iшi өтедi, тез арықтап 12-15 күннен кейiн жан тапсырады. Кейде дерт созылмалы түрде 1-1,5 ай бойы өрбидi, хайуанның қаны төмендейдi, оның тыныс алуы жиiлейдi,денесiн сипағанда ауырсынады, бiр орында ұзақ жатып алады. Аурудан жазылған шошқаның салмағы едəуiр кем шығады.

Эпизоотологиясы

  • Трихиннеллез аңдар арасында кең тараған, ол кейде үй жануарларында да ұшырасады. Гельминтоздың адам арасында көп тараған елдер Ресей, Белорусь, Украина республикалары.Қазақстанда бұл ауру Солтүстiк жəне Шығыс Қазақстан облыстарында кездеседi.Трихиннеллезды таратып тасымалдауда шошқалардың маңызы зор. Олар трихинеллалармен залалданған егеуқұйрық, тағы аңдардың өлексесiн немесе шикi, жеткiлiксiз зарарсызданған қасапхана қалдықтарын, үй тастандыларын жеп инвазияны жұқтырады. Ит пен мысық кемiргiштердi, сойылған мал қалдықтарын жеп ауруға шалдығады. Фермада өсiрiлетiн терiсi бағалы аңдар қасапхана қалдықтарын, тағылардың ұшасын, теңiз сүтқоректiлерiнiң етiн жеп дертке ұшырайды. Ал адам болса, шошқа, аң немесе басқа да жануарлар етiн пайдаланғанда трихиннеллезге душар болады. Трихиннеллез жиi ұшырайтын жерлерде бұл кеселге көп ұрынатын хайуанаттардың қатарына қасқыр, ит, мысық, егеуқұйрықжəне тышқан қосылады.Тағы жыртқыш аңдар мен кемiрушiлер, əсiресе синантропты(тышқандар, егеуқұйрықтар) жануарлар трихинеллездiң табиғи ошақтарын құрайды. Табиғи ошақта инвазия шошқа қатынасынсызақ тiркеле бередi, оны елдi мекендерге оқтын-оқтын келетiн кезбе тышқандар мен егеуқұйрықтар таратады, себебi олар ит, шошқа,мысықтың азығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет