Гельминтоздар



бет6/7
Дата19.05.2022
өлшемі0.64 Mb.
#457436
1   2   3   4   5   6   7
ВМ-505 Жарылқасын Нурила

Анықтау

  • Хайуанның тiрi кезiнде трихиннеллезге диагноз қою қиын жəне оның қажеттiгi де шамалы. Ал сойылған малдан ауруды дəл анықтау үшiн шошқа етiн микроскоппен (трихиннеллоскоппен) қарап,трихинелланың бар-жоғын бiлу қажет. Шошқа ұшасынан алынған бұлшық еттi компрессорлық, ларвоскопиялық əдiспен зерттейдi. Ол үшiн көкет (диафрагма) ұшынан 50-60 гекi сынама кесек кесiп алынады. Əр сынамадан үлкендiгiн күрiш немесебидай дəнiндей етiп арнаулы қайшымен 12 тiлiм (барлығы 24) кесiпалады. Компрессориумның (бiр-бiрiне беттестiрiлiп қосылатын шыны)қос шынысы арасына кесiлген ет тiлiмдерiн қыстырып (астына газетқойғанда жай көзбен оқи алатындай), сығып, микроскоппен қарайды.Егер одан құрт табылса, онда жануардың дерттi жұқтырғаны.

Емі

  • Адамдарда Жасырын және жеңіл формалы түрінде қабынуға қарсы стериодты емес дәрілермен жүргізеді.
  • Спецификалық ем — мебендазол (вермокс) орташа және ауыр дәрежелі науқастарға жүргізеді. Вермокс ересек адамдарға күніне 0,3 г (балаларға 5 мг 1 кг дене салмағына ) тамақтан соң 3 рет қабылдайды, 7—10 күн ауру ауырлығына байланысты.
  • Қосымша бруфен және вольтаренмен емдейді. Глюкокортикоидты спецификалық препараттармен бірге береді, преднизолон 30 дан 80 мг күніне, 6—10 мг дексаметазон күніне химиотерапия кезінде, 5—7 күннен соң дозасын азайту арқылы жүргізіледі.

Сақтандыру шаралары

Адамды трихиннеллезден сақтандыру үшiн шошқа,жабайы шошқа, аю, саз күзен ұшаларын мiндеттi түрде осы гельминтозға тексередi. Ұшаларды бiржола жойып немесе утилдеуге жiберу үшiн паразиттiң бiр данасы да жеткiлiктi. Бұлшық етi бар басқа ағза өнiмдерi (субпродукты) де утилдеуге кетедi. Шошқаның сыртқы мойын ет-майын 1000С температурада 20 минут бойы шыжғырып ерiтедi, ал iшкi майын бiрден жарамды деп санайды.

Трихоцефалез

Трихоцефалез- үй жəне жабайы шошқалардың Trichocephalata тек тармағына, Trichocephalidae тұқымдасына жататын жұмыр құрт туғызатын iшқұрт ауруы. Олар шошқаның тоқ iшегiнде, бүйенiнде күнелтедi. Қоздырғышы -Trichocephalus suis(Schrank,1788). Құрттың бас жағы өте жiңiшке (құйрық жағынан шамамен 2,5 есе ұзын болады), ал денесiнiң соңы жуан келедi. Еркегiнiң тұрқы 2-5 см, құйрығы бiр жағына бұралып қалған, жалғыз (1,73-2,55 мм) спикуласы бар, ол сырты тiкеншелермен қапталған қынаптың iшiнен орын тепкен. Ұрғашысының тұрқы 3,9-5,3 см, бəтегi құрт денесiнiң жiңiшке жəне жуан жағының қиылысқан тұсынан ашылады. Жұмыртқалардың көлемi 0,052- 0,061 х 0,027-0,030 мм. (қараңыз: ХХIII сурет ). Олардың тұрпаты бөшке тəрiздi сыртқы қабығы нық жəне тегiс, шошайған екi жағында тығыншықтары бар, түстерi сарғыш немесе қоңыр болып келедi. Нəжiспен сыртқа шыққан жұмыртқалар жетiлмеген, iшiндегi ұрықтары шар тəрiздi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет