Сақтандыру. Трихоцафалез байқалған шаруашылықта шошқаны екi дүркiн сақтық дегельминтизациядан өткiзедi: бiрiншiсiн-көктемде доңыздарды лагерьге айдап шығар қарсаңында, екiншiсiн – оларды қораға қамар алдында. Кейде торайларды 1,5 айлық жасына жеткенде жəне одан 1-1,5 ай өткен соң профилактикалық мақсатпен қайтадан дəрiлейдi. Жалпы зоотехниялық-малдəрiгерлiк зауалдарды iске асыру керек, нақтылып айтқанда: еметiн торайлары бар мегежiндердi өзге жастағы шошқалардан оқшау ұстау, торайларды таза, құрғақ, күн сəулесi түсiп тұратын серуен алаңдарында бағып күту, қораларды тəулiк сайын көңнен тазарту жəне 451 айына 1-2 дүркiн еден мен қабырғаларды қайнаған сумен немесе калий (натрий) сiлтiсiмен дезинвазиялау, құнды азықпен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |