Науқастардың 1/3 бөлігінде өкпе бронхылық патология кездеседі. Клиникалық көрінісінде жоғары тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, пневмония, плевритпен көрініс береді. Трихинеллез кезіндегі өкпелік патологияның басты ерекшелігі рентгенологиялық суретте орын ауыстырушы инфильтраттардың болуы. Қызба кезінде жүрек — қан тамыр жүйесінің симптомдары үдей түседі: тахикардия, жүрек тондарының тұйықтығы, жүрек ұшындағы систолалық шу. ЭКГ көрінісінде зат алмасулық және дистрофиялық өзгерістер байқалады. - Науқастардың 1/3 бөлігінде өкпе бронхылық патология кездеседі. Клиникалық көрінісінде жоғары тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, пневмония, плевритпен көрініс береді. Трихинеллез кезіндегі өкпелік патологияның басты ерекшелігі рентгенологиялық суретте орын ауыстырушы инфильтраттардың болуы. Қызба кезінде жүрек — қан тамыр жүйесінің симптомдары үдей түседі: тахикардия, жүрек тондарының тұйықтығы, жүрек ұшындағы систолалық шу. ЭКГ көрінісінде зат алмасулық және дистрофиялық өзгерістер байқалады.
- Трихиннелла балаңқұрттары дененi шарлап кезiп ұлпаларды жарақаттайды, ұшаларда қан құйылулар көбейедi. Личинкалардың тiршiлiк қалдықтарынан жəне оларды өздерiнiң ыдырауынан туындайтын жəне бүлiнген ұлпалардан пайда болған улы заттар қанға сiңiп, бүкiл организмдi уландырады.Ересек құрттар iшектiң кiлегей қабығын жаралап, iндет таратушы микрофлораға жол ашады.Трихиннелла балаңқұрттары орналасқан ет талшықтарының көлденең тарамдары бiрте-бiрте жойыла бередi. Торша ядросы ұлғайып, талшықтары ыдырап түрсiз-пiшiнсiз затқа айналады. Паразит балаңқұрты өскен сайын, оның маңындағы сарколеманың қалыңдауымен дəнекер тоқыманың пайда болуы арқасында қалталы қабық құрылады. Егер инвазия өте көп болса, онда сүйек еттерiнен тым ұсақ ақтүстi, көлемi көкнардай, нығыздалған түйiншектердi көруге болады.Ондай “қалталы қабықтар” (капсулалар) iшiнде бұралып жатқан паразит личинкасы бар. Бұлардың көпшiлiгiн көкеттен, тiл, көмекей, өңеш, төс жəне қабырға аралық еттерден табуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |