Гельминтоздар



бет3/7
Дата19.05.2022
өлшемі0.64 Mb.
#457436
1   2   3   4   5   6   7
ВМ-505 Жарылқасын Нурила

Төзімділігі

  • Бұлшық еттегi трихиннелла құрттары қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзiмдi келедi: мысалы шiрiген етте олар 4 айға дейiн жұқпалы қабiлетiн сақтай алады.
  • –100С суықта да көп уақыт сақтала бередi, тұздалған жəне қақталған етте де тiршiлiгiн ұзаққа дейiн жоймайды. Олар шошқа ұшасында –300С 52-64, – 500С-та 15-18сағат аралықтарында ғана түгелiмен жойылады.

Патогенезі

  • Трихинеллездің патогенезі күрделі бірнеше патологиялық реакциялардан тұрады, басты іске асушы механизм ол — қоздырғыш.
  • Бүкіл биологиялық цикл бір ағзада өтеді, адам ағзасы, бірақ гельминттің өсуіне байланысты әртүрлі орналасу орны болады: инвазивті дернәсіл жіңішке ішектің шырышты қабатында;
  • ал ересек түрі жіңішке ішектің тінінде; миграциялаушы дернәсіл – қан тамыр және лимфа жүйесінде; бұлшықеттік дернәсіл –көлденең жолақты бұлшықетте.
  • Нәтижесінде — метаболизм өнімдері және жартылай ыдырау өнімдері, әсіресе дернәсілдік және өсуші түрлерінің өнімдері тіндерге түседі. Олар паразитарлы антиген болып табылады және жоғарғы сенсибилизирлеуші белсенділікке ие.

Трихинеллездің аллергиялық табиғаты оның патогенезінде жатыр. Н. Н. Озерецковская патологиялық процестің үш фазасын бөліп көрсетті:

  • ферментативті-токсикалық фаза ( 1-2 апта )
  • аллергиялық фаза (2-ші апта соңы -3-4 апта басы)
  • иммунопатологиялық фаза

Ферментативті-токсикалық фаза трихинелланың инвазивті дернәсілдерінің ішектің шырышты қабатына енуімен және ересек гельминттің пайда болуымен байланысты, метоболит және ферменттердің әсерінен ішекте қабыну реакциясы пайда болады.

  • Ферментативті-токсикалық фаза трихинелланың инвазивті дернәсілдерінің ішектің шырышты қабатына енуімен және ересек гельминттің пайда болуымен байланысты, метоболит және ферменттердің әсерінен ішекте қабыну реакциясы пайда болады.

Трихинелланың аллергиялық фазасы –жалпы аллергиялық көріністер дамиды: қызба, миалгия, ісіну, терілік бөртпе,конъюнктивит, катаральды өкпелік синдром және т.б.

  • Трихинелланың аллергиялық фазасы –жалпы аллергиялық көріністер дамиды: қызба, миалгия, ісіну, терілік бөртпе,конъюнктивит, катаральды өкпелік синдром және т.б.
  • Бірінші апта соңында пайда болған ересек трихинелла жаңа дернәсілдер туындатады, олар қан және лимфа арқылы көлденең салалы бұлшықеттерге тарайды.
  • Екінші апта соңы, төртінші апта басында сарысуда спецификалық антиген деңгейі жоғарылап, жоғарғы аллергиялық реакция пайда болады. Жоғарғы аллергиялық реакция ішекте ересек трихинелланың өлуіне әсер етеді.
  • Бұлшықеттегі трихинелланың айналасында гранулема пайда болады, кейін ол фиброзды капсулаға айналып, паразит антигенінің иесінің ағзасына түсуіне мүмкіндік бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет