Гемофилия



бет4/4
Дата13.06.2024
өлшемі133.5 Kb.
#502565
1   2   3   4
Теория 13 Анемия

Этиология. Аурудың себебі белгісіз. Біраз ауруларда түрлі инфекциялардың, алдын ала егу (вакцинация), дәрілік аллергия, тағамдық аллергия, гельминтоз т.б. қатысы байқалады.
Клиника. Геморрагиялық васкулиттің клиникалық нысандары (синдромы): тері, тері-буындық, абдоминальдық, тері-абдоминальдық, бүйректік, аралас. Ауру жедел басталады, дене қызуы көтеріледі, әлсіздік.
Ең айқын сипаты терінің қанталау - геморрагиялық бөртпе. Геморрагиялық бөртпе дақ не көбінесе ұсақ нүкте тәріздес (диаметр 2-3 мм 4 см дейін), аяқтан басталып жамбасқа, содан соң кеуде, бел, бет, мойынға көшеді. Терідегі қанталау көбінесе симметриялы: буын, құйрық, санның ішкі жағына топтала орналасады, гепарин қолданғанда бірнеше сағаттан кейін жоғалуы мүмкін. Аурудың аса көрнекті сипаты - тері көріністерінің қайталап шығуы. Геморрагиялық васкулитте қышу байқалмайды.
Буындық синдром геморрагиялық васкулиттың екінші ең көп таралған симптомы. Ісіну, ауырсыну, қызарумен шығып, негізінен ірі буындар тізе мен тобықты қамтиды, әдетте симметриясыз. Бұл ауруда артрит тез жоқ болып, буында тұрақты өзгерістер мүлдем қалмайды.
Ішек қабырғасында ісіну және қан құйылулар туындаған абдоминальдық синдромы балалардың шамамен 70% кездеседі. Өте қатты іштің ауруы шаншу түрінде кенеттен пайда болады. Лоқсу, құсу, нәжістің қара не қызғылт болуы мүмкін.
Бүйректік синдромы. Жетекші симптомы - орташа гематурия, протеинурия. Ауыр асқынулары: созылыңқы гломерулонефрит, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі.
Асқынулар: ішектің өтімсіздігі, ішек перфорациясы (ішектің тесілуі), перитонит, панкреатит, постгеморрагиялық анемия.
Диагностика:

  1. Қан талдауы: ЭТЖ артуы, лейкоцитоз, эозинофилия, тромбоцитоз.

  2. Коагулограмма: гиперкоагуляция.

  3. Іштің және бүйрек УДЗ. 

Емдеу:

  1. Геморрагиялық васкулиттің кез келген түрінде амбулаториялық деңгейде емдеу жүргізілмейді, барлық балалар ауруханаға жатқызылуы керек.

  2. Жедел кезеңінде төсек режимі 2-3 апта.

  3. Гипоаллергенді диета. Абдоминальдық синдромында №1 диета, гломерулонефрит кезінде №7 диета.

  4. Негізгі ем - гепарин (антикоагулянт).

  5. Инфузиялық терапия: декстран.

  6. Дезагреганттар: дипиридамол. 

  7. Ауыр жағдайда: преднизолон.

  8. Бактерияға қарсы және вирусқа қарсы препараттар ілеспе инфекция немесе микробиологиялық және/немесе серологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде тағайындалады.

  9. Антигистаминдік препараттар аллергоанамнез бойыншы тағайындалады.
    Болжамы. Бүйрек бұзылысы араласпағанда жақсы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет