Үлкен популяциялардағы гендер жиіліктері мен генотиптердің үлестерінің таралу заңдылықтары. Харди–Вайнберг заңы.
Популяцияның генетикалык құрамын аныктау үшін ондағы аллельдер мен генотиптің (гомозигота, гетерозигота) типін таситын даралардың санын білу қажет. Осы мақсатта 1902 жылы ағылшын математигі Г. Харди және немістің дәрігер-генетигі Г. Вайнберг бір-біріне байланыссыз "таза популяцияда" гендердің және генотиптердің таралу жиілігін анықтады. Олар болашақ ұрпақ популяциясының генетикалык құрамы қандай болатынына есептеулер жүргізіп, генетикалык тепе-теңдік заңын ашты.
"Таза популяция" деп сан жағынан өте үлкен, еркін будандаса алатын, сыртқы орта факторлары (мутация, сұрыптау, оқшаулану, т.б) әсер етпейтін популяцияны айтады. Харди-Вайнберг заңы "Даралар еркін будандаса алатын үлкен таза популяцияларда доминантты жөне рецессивті аллельдердің, генотиптердің сандық жиілігі" ұрпактан-ұрпакка өзгеріссіз тұрақты беріліп отыратынын көрсетеді. Егер популяцияның генофондысы мысал ретінде, А жөне а гендерінің жүп аллельдерінен түрса, онда А геннің популяцияда көріну жиілігі р-ға, ал а геннід жиілігі g-ға тең, сонда популяциядағы осы екі аллельдің арақатынасы мына формулаға сәйкес келеді:
рА+ga=1.
Осы формуланың екі бөлігін квадраттасақ:
(рА+ga)2=1
енді жакшаны алгебралык жолмен ашатын болсақ, біз генотиптердің жиілігін көрсететін формула аламыз:
р2АА+2pgAa+g2aa=1
Жоғарыдағы формуланың мәнін түсіндірешк. (1) және (2) теңдеудің оң жағында тұрған бір саны, популяциядағы даралардың жалпы санын көрсетсе, сол жағындағы аллельдердің жиілігі бір санының бөліктерімен белгіленеді. Мұнда р және g символдар А жөне a гендерінің екі теңдеудегі жиілігін көрсетеді. Екінші формулада АА генотипі қарастырылып отырған популяцияда р жиілігімен белгіленсе, аа генотипі g жиілігіне, ал гетерозиготалы даралар 2pg жиілігіне тең болады. Сонымен аллельдердің жиілігі белгілі болған жағдайда, популяциядағы барлық генотиптердің жиілігін анықтауға, керісінше, егер генотиптің жиілігі белгілі болса, онда аллельдердің жиілігін анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |