Генетика пәні; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің негізгі аспектілері



бет2/39
Дата04.05.2023
өлшемі461.52 Kb.
#473206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Генетика п ні; т ым уалаушылы пен згергіштікті зерттеуді не

Генетика және селекция. Генетика — жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер селекциясының теориялық негізі болып саналады. Жануарлардын асыл тұқымын, өсімдіктердің жаңа сорттарын, микроорганизмдердің түрлі штаммаларын шығару барысынада селекционерлер генетиканың әдістерін: будандастырулардың түрлерін, мутацияны қолдан тудыру, гетерозисті және полиплоидті өсімдіктер алу, т.б. амал-әдістерді пайдаланады.
Генетика және педагогика. Жеке адамның қалыптасуында әлеуметтік жағдайлар және тәрбие жұмысымен қатар генетикалық фактордың да мәні зор. Балалардың қабілеттілігі, мінез-құлқы, психо-логиялық ерекшеліктері ата-анадан берілетін қасиет. Педагогикалық генетиканың зерттейтін мәселесі — баланың ақыл-ой қабілеттілігі мен психикасына талдау жасау. Баланың ерекшеліктерін ерте біліп, оны одан әрі дамытып қалыптастыру және кәсіптік бағдар беру.
Педагогикалық генетиканың басты мақсаты — баланың жеке басына тән белгілер мен қасиеттерін тәрбиенің түрлі формаларымен ұштастыру. Олардың қалай өзгеретінін зерттей отырып, педагогикалық, психологиялық тұрғыдан тиімді ұсыныс жасау. Адам үшін әлеуметтік орта шешуші рөл атқарады. Тәрбие әлеуметтік орта әсерінің ырғағын, ерекшелігін реттеп отырады. Психологиялық процестер (сезу, қабылдау, ойлау және тітіркену) тұқым қуалайтын қасиет, ал жеке тұлға әлеуметтік ортаның қозғаушы күштерінің әсерінен және тәрбиенің формалары арқылы қалыптасады.
Генетика және география. Қазіргі таңда, генетика, география, эволюция және тарих ғылымдары дамуының нәтижесінде ғылымның жаңа саласы геногеография пайда болды. Бұл терминді 1928 жылы ресейдің ғалым-генетигі А.С. Серебровский енгізген. Геногеография-ның негізгі зерттейтін мәселесі жер бетіндегі материктерді мекендеген халықтар тектерінің шығуы, олардың таралу тарихы. Кейбір гендердің жасы ондаған және жүздеген миллион жылға жетеді. Олар ұрпақтан-ұрпакка беріліп, ғасырдан-ғасырға етіп, өзгеріп отырады.

  1. Қазақстан, Ресей және алыс шетелдердегі генетика дамуының қысқаша тарихы.

Қазакстанда генетиканың дамуын екі кезеңге бөледі.


Бірінші кезеңі —ерте заманнан бастап XIX ғасырдың 10—20-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңді халықтық селекциялық жұмыстардың кезеңі дейді. Халық қолында бар малдын асыл тұқымын, өсімдіктердің сорттарын сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа беріп жалғастырып отырды. Мысалы, қазақтың атақты Еділбай қойы, қаракөл қойлардьщ түрлері, бидайдың жергілікті сорттары: ақбидай, қожабидай, көжебидай, сырбидай, т.б.
Қазақстанда мал тұқымын асылдандыру 1930 жылдан бастап қолға алынды. Жергілікті мал тұкымын шет мемлекеттен әкелінген асыл тұқымды малдармен будандастырды. Бұл үшін АҚШ-тан америка рамбульесі қой тұқымы, Германиядан прекос қой тұкымы, Англиядан линкольн, гемпшир, широпшир қой тұқымдары әкелінді.
Жануарлар селекциясының генетикалық негізін қалыптастыруда Ресей ғалымдары: М.Ф. Иванов, А.С. Серебровский, П.Н. Кулешов, Б.Н. Басин, В.А. Бальмонт, С.Н. Боголюбский, т.б. үлкен үлес косты. Өсімдіктер селекциясында: А.П. Шехурдиннің, В.Н. Мамонтованың, П.П. Лукьяненконың, Ф.Г.Кириченконың, В.Н. Ремеслоның еңбектерін ерекше атауға түрарлык.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет