Дене тәрбиесінің мазмұны – бұл баланың жеке басы және қоғамдық гигиена нормаларын сақтау дағдысына үйрету.
Дене тәрбиесінің мазмұнында оқушыларды дене шынықтыру және спорт жайындағы білімдер жүйесімен қаруландыруды көздейді. Мұндай білімдер оқушылардың ақыл-ой және адамгершілік ой-өрісін кеғейтеді, олардың бойында жалпы мәдениетті дамытады.
Кеңестік дәуірге дейін дене тәрбиесінің ғылыми негізін қалаған аса көрнекті педагог, әрі дәрігер П.Ф.Лесгафт болды. Ол адам денесінің жекелеген мүшелерін дамытуға бағытталған жаттығулар арқылы әсер етуді ұсынады.
Дене тәрбиесінің жүйесі және басқару.
Адам ағзасының негізгі қызметінің қалыптасып жетілуі баланың жастық шағында, әсіресе мектеп жасында жүзеге асады. Сондықтан осы кезеңде оған әсер ететін барлық факторларды барынша тиімді пайдалану қажет. Осы орайда жас ағзаның қалыпты дамуына мектептегі дене тәрбиесі мақсатты әрі жан-жақты жағдай туғызады.
Бүгінде мектеп қабырғасында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне мыналар:
Дене шынықтыру сабақтары;
Факультативті сабақтар;
Дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары;
Сабақтан және мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорттық іс-шаралар (үйірмелер, спорттық секциялар, жарыстар) жатады.
Білім беру саласында дене тәрбиесін ұйымдастыру жүйесіне дене шынықтыру сабақтары жатады. Ол оқушылардың жан-жақты жалпы дене дайындығын қамтамасыз етуді көздейді.
II-тарау. Денсаулық - салауатты өмір кепілі
Қазіргі таңда еліміздің күн тәртібінде тұрған әлеуметтік-экономикалық маңызы зор мәселелердің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша халықтың денсаулығы 49-53% өмір сүру салтына, 17-20% қоршаған ортаға, табиғи-климаттық жағдайларға, 18-22 % тұқымқуалаушылыққа, 8-10% денсаулық сақтау мекемелерінің жағдайына байланысты.
Қазіргі уақытта халықтың денсаулығының нашарлауы, аурулардың көбеюі адамдардың өздеріне, өмір сүру салтына байланысты болғандықтан, қоғамның алдында тұрған міндет – адамдардың салауатты өмір салттарын қалыптастыру.
Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидасы – еш ауруға шалдықпай, аурудың алдын алу, денсаулықты нығайту, тұрақты түрде дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдану.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 37-бабында былай делінген: «Білім беру ұйымдарында оқу тәрбие үрдісі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі».
Осы бапқа сәйкес ШҚМТУ-дың «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушылары студенттер санасына салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу бағытында спорттық-сауықтыру және көпшілік-спорттық шараларды ұйымдастыруды жақсы жолға қойған. Студенттердің денсаулықтарын нығайту мен сақтауда және салауаттылықты насихаттауда мынандай спорттық шаралар жүргізіледі:
1. Спорттық үйірме жұмыстары (спорттың 19 түрінен).
2. Денсаулықты нығайту топтары.
3. Оқу топтары арасындағы жарыстар.
4. Факультет аралық университет спартакиадасы.
5. 1-курстар арасында волейболдан, футболдан өтетін «Ректор кубогі» үшін жарыстар.
6. Дене тәрбиесі жаттығуларының адам ағзасына тигізетін пайдасы, салауатты өмір салтын насихаттау туралы дәріс, әңгімелер.
7. Темекінің, ішімдіктің, есірт-кінің зияны туралы баяндамалар, дәріс, әңгімелер.
Өткізілетін спорттық-сауықтыру және көпшілік шараларды ұйымдастырудың түрлері: оқу үрдісі кезіндегі дене шынықтыру- сауықтыру шаралары, студенттердің дене қуаты даярлығын бағалау үшін бақылау жаттығулары, президенттік сынамалар нормативтері бойынша жарыстар, курстардағы, факультеттердегі, оқу топтарындағы және жатақханалардағы сауықтыру, президенттік сынамалардың жазғы және қысқы көпсайыстары бойынша жоғары оқу орнындары арасындағы универсиада, спартакиадалар, профессор-оқытушылар құрамы мен қызыметкерлер және қамту қызметкерлерінің денсаулықтары үшін ұйымдастырылатын спартакиадалар.
Білім алумен қатар, сабақтан тыс уақытта өзі таңдап алған спорт түрінен жаттықтыру сабақтарына қатысып, университет, облыс, республика намысын қорғап жүрген тау-кен факультеті студенттерінің де жетістіктері аз емес. Қарашаның 23-25 жұлдызы аралығында ¤скемен қаласында дзюдодан өткен облыс чемпионатында 04-ГДК-2 тобының студенті Нұржан Мертаев күміс жүлдегер атанса, 06-МТК-2 тобының студенті Дастан Қамзаев облыс әкімінің жүлдесі үшін өткен жастар арасында бокстан 2-ші ашық облыстық турнирде бірінші орынды иеленді. Болашағынан зор үміт күттірер 02-МСК-2 тобының студенті Берік Далентаев Павлодар қаласында өткен жастар арасында «самбо» күресінен Республика біріншілігінде қола жүлдені жеңіп алды. Қарашаның 23 жұлдызынан желтоқсанның 8 жұлдызы аралығында Орал қаласында волейболдан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жоғарғы лигасында тау-кен факультетінің үш студенті қатысуда. Олар: Ринат Ибраев, Максим Половко, Артем Яковлев. Сонымен қатар факультеттің ер балалар құрама командасы баскетболдан факультет аралық жарыста осымен үшінші жыл бірінші орынды иемденіп келе жатыр және шахматтан командалық үшінші орынға ие болды.
Cтуденттер тек қана білімде ғана емес, спортта да жарыстар додасында жеңіске жетіп, мықты спорт саңылақтарының қатарын көбейте берсе екен дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |