«География»


Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата11.02.2024
өлшемі1.1 Mb.
#491618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
1 ОШ ФО География ЕМН 10 класс каз

Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология 
Бөлімше 3.1 Табиғатты пайдалану түрлері 
Тақырып 
Табиғатты пайдалану түрлері 
Оқу мақсаты 
10.3.1.1 Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіріп,
түрлерін 
(шаруашылық 
тұрғысынан) 
анықтау, 
графикалық түрде ұсыну 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Шаруашылық типтеріне қарай табиғатты пайдаланудың 
қажеттілігін сипаттайды 

Нәтижесін графикалық түрде бейнелейді 
Ойлау дағдыларының
деңгейі 
Білу және түсіну 
Қолдану 
Тапсырма 
1. Мәтіндегі ақпаратпен танысыңыз.
Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. 
Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор 
мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. 
Дүниежүзілік шаруашылықтың күрделі жүйесінде және еңбектің халықаралық 
үлестірілуінде экономикасы дамыған елдер, негізінен, тұтынушы болса, ал дамушы елдер — 
шикізат ресурстарын өндіруші әрі экспорттаушы болып табылады. Дегенмен көптеген 
жоғары дәрежеде дамыған елдер де ресурстардың ірі қорына ие, олар кейбір ресурс түрлерін 
өндіруден әлемдік жетекші болуы да мүмкін. Жалпы алғанда, осы айтылғандай 
дүниежүзілік экономикада мамандану бір жағынан, дүниежүзіндегі елдердің тарихи және 
әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, екінші жағынан, жекелеген ресурс түрлерінің 
Жер шарындағы таралу ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ресурстардың көпшілігі дамушы 
елдердін, аумақтарында орналасқан. 
Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы 
үшін маңызы зор. Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайлары кедергі келтіреді. 
Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызады. 
Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын 
таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды. Осының 
салдарынан табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын 
көруге болады. Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені дамып 
келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді. 
а) Талқылауға арналған сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Табиғат ресурстарының мол қоры даму дәрежесіне қарай қандай 
мемлекеттерге тиесілі? 
2. Дамыған елдер табиғат ресурстарын шаруашылықта қолдануда үнемдеуді
қалай іске асырады? 
3. Табиғатты тиімсіз пайдаланудың әсері қоршаған орта мен адамзатқа қалай
әсер етеді? 
Табиғатты пайдалану ҚР қалай реттеледі? 
4. Қазақстанда минералды ресурстар қоры көп, ал су ресурстарының аз болу 
себебін қалай түсіндіресіз? 
5. Су ресурстарын үнемді қолдану үшін қандай шаралар жасауға болады? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет