Географиялық карталардың лабораториялық дайындау үрдісі және әдістің құрастыру мен зерттеуі


Карта құрастырудағы ақпарат көздері



бет3/7
Дата12.12.2022
өлшемі56.25 Kb.
#467054
1   2   3   4   5   6   7
Карталармен атластарды ұйымдастыру

1.2.Карта құрастырудағы ақпарат көздері
Лабораториялық жағдайда картаны дайындау негізінде əртүрлі зерттеулер мен жұмыстар жатыр – астрономиялық-геодезиялық, топографиялық, географиялық, статистикалық-экономикалық жəне тағы көптеген немесе мазмұны жəне түрі бойынша құжаттар, жалпы айтқанда картографиялық көздер.
Қандай болсын картаның жетістігі – бұл толығы, нақтылығы, қазіргі уақытқа сəйкестілігі жəне шынайлығы. Осылардың барлығы əрдайым пайдаланған көздер сапасына байланысты. Кейде, жақсы көздер негізінде жұмысты дұрыс ұйымдастырылағандықтан нашар нəтиже шығады, бірақ керісінше болмайды – нашар көздер негізінде жақсы толық карта шығару мүмкін емес. Көздерді дұрыс жинау деген – бұл карта құрастырудағы толық, нақты жəне мүмкін болса пайдалануға ыңғайлы қазіргі уақытты ақпарат көздерін алдын-ала жинау. Қандай болсын көздер үшін оларды кеңістіктік байланыстыру керек. Көздерді алдын-ала жинау деген – оның бағдарлама құрастырудағы толық бітуі. Жаңа картада үзіліссіз өтіп жатқан қазіргі өмірді көрсету үшін сол жағдайға сəйкес келетін қазіргі (уақыттылы) көздер керек. Ескі көздер толығымен пайдағаспауы мүмкін немее оларды жаңарту керек.
Карта мазмұнын құрастыруға қажет көздердің толықтығы жəне нақтылығы карта бағдарламасында бекітіледі. Олардың да өзі жеткілікті болмау мүмкін, сондықтан олармен бірге қосымша көздерді пайдалану қажет болады.
Карта құрастыру сапасы мен қарқындылығын анықтайтын көздердің пайдалану ыңғайлығы көптеген факторларға байланысты. Олардың ішінде: қолданатын жəне құрастырылатын карталардың масштабтарының сəйкес келуі, құрастыратын картаның түпнұсқасына көздер мазмұнының қабылдауға жеңілдігі немесе күрделігі, көздерді өндеудегі жұмыстың еңбек көлемділігі. т.б.
Сонымен, көздерді дұрыс жинау үшін, келесі мəліметтерді жақсы білу қажет:
1) жобаланатын карта мазмұны сəйкес келетін күндері мен мерзімін;
2) мазмұнының барлық компоненттерін жəне оларға қажет толықтығын, нақтылығын жəне көрсеткіштерін;
3) өндеуге ыңғай болу үшін көздердің жеңіл түрі мен формасын.
Ақпарат көздерін жинау ерекшеліктері картаны құру кезіндегі жалпы жұмысты ұйымдастыруға, оның тақырыбы мен масштабына, сонымен қатар қасиеттеріне, сақтау əдістерімен көздердің бар болуына тəуелді.
Ең əуелі жинауды ұйымдастыруға жəне жалпы жұмыс көлеміне картаның бастапқы ойы үлкен əсер етеді. Кейде ойластырылатын карта алдына шектелген мақсат қойылады - орталық карта сақтау орындарында, анықтама қызметтерінде, кітапханаларда жəне т.б. шоғырланған ақпарат көздерін біріктіру.
Жинауды ұйымдастырумен байланысты қиыншылықтардың келесі сатысы жаңа карталарды құру кезінде жиі шешілетін мəселелермен байланысты. Карта тақырыбы бойынша бар барлық ақпарат көздерінің, оның ішінде орындарына таралған ақпарат көздерінің толық мобилизациясы керек кезде. Мұндай жағдайларда көздерді қажетті деңгейге дейін алғашында орталықтандырылған жолмен алуға қолайлы ақпарат көздерін, содан кейін облыстық ұйымдарда, аудандарда жəне т.б. шоғырланатын ақпарат көздерінің, толық жəне жетік сатылап жинау қажеттілігіпайда болуы мүмкін.
Бір тұлғамен карта бағдарламасына толық зерттеу жүргізгенде ақпарат көздеріне қойылатын талаптар, алдын-ала бағдарламасында динамикалық элементтердің қазіргі жағдайын көрсетуге жəне табуға пайда тигізетін қосымша географиялық сипатттамалар жиналады.
Тақырыптық картографиялаудың кейбір салаларында картографиялық ақпарат көздерін өз мақсаттарына сəйкес белгілі бір шекарада шоғырландыратын мекемелер бар. Мысалы, В.В.Докучаев атындағы топырақтану институты жəне Санкт-Петербургтегі В.Л.Комаров атындағы Ботаникалық институт. КСРО-ның ұсақ масштабты топырақтық жəне геоботаникалық картографиялау жөнінде жүйелі жұмыстарды жүргізеді. Белгілі бір тақырыптағы өндірістік карталарды құру кезінде ақпарат көздерін сол жерден жинау қажеттілігі туындайды.
Шетелдік территорияларға ақпарат көздерін жинағанда информатиканың əр түрлі құралдары жəне материалдары пайдаланылады- халықаралық, ұлттық жəне ведомстволық библиографиялар, мемлекеттік қызметтер, арнайы карта сақтау орындары жəне кітапханалар каталогы, сонымен қатар картографиялық ақпарат жөнінде басқа басылымдар.
Картографиялық емес көздерді жинау қосымша өңдеу қажет емес жəне ортақтандырылған материалдарды қосуды басты жəне көп жағдайда негізгі мақсат қылып қояды. Мысалы: климаттық карталарды құру үшін қажетті КСРО климаты бойынша анықтама, халықтық карталар үшін халық санағының басым материалдары жəне т.б. Алайда, көптеген жағдайларда мұндай көздер жеткіліксіз болады. Оның себептері түрлі: тіркелген еңбектерде пайдаланылмаған, мысалы, анықтама даярлағанда есепке алынбаған метеорологиялық станциялар бойынша қосымша материалдарды қосу, тіркелген ақпарат көздерін, мысалы, санақ жылынан кейінгі жылдардағы халық санын есептеу жөніндегі жаңа мəліметтермен толықтыру; тіркелген мəліметтерде жоқ көрсеткіштерді. Жұмысты бұлайша жоспарлау икемділігімен ерекшеленеді. Алайда, ақпарат көздерін жинау жұмыстары түрлі мекемелердің , гоеграфиялық пункттерде түрлі тұлғалармен жүргізілген
уақытта ұжымдық жұмыс қатаң регламентацияны қажет етеді.
Карта тақырыптары ақпарат көздерін жинауға əсері көздердің қасиетінің айырмашылықтарының (мысалы басым түрде карталар немесе статистикалық мəліметтер түрінде) оларды сақтау ерекшеліктерімен, (мысалы арнайы қорларда немесе географиялық жəне ведомствалық) өңдеу дəрежесі немесе жалпылаумен байланысты болады. Едəуір дəрежеде картографияланатын геожүйелердің территориялық деңгейін анықтайтын карта масштабы көздерді жинауға мəліметтер орталықтандырылған сайын масштабы кішіреюімен жəне іздеу салу шекараларының үлкеюімен көздерді жинауға əсер етеді.
Ақпаратты жинау жөнінде мұндай кеңейту əрқашанда қосымша қаражат жəне уақыт жұмсауды талап етеді, сондықтан тек қажеттілігі жоғары жағдайда жүргізіледі. Бұл сұрақтар тақырыптық картографияның салалық бөлімдерінде жетік қарастырылады.
Ықшамдау үшін екі жол қолданылуы мүмкін: Біріншіден, белгілі бір картографиялық емес көздер ақпаратына қатысты объектілерге орналастыру орнына жобаланатын картаны құру үшін қолданылатын карталарды немесе негіздерді бекіту. Екіншіден, осы объектілердің координатын көрсету (немесе анықтау,зерттеу). Координаталық байланыс пункттердің, түзулердің, шекаралық жобалардың географиялық немесе тік бұрышты координатын бекітуден тұрады.
Картографияланатын ауданды зерттеу барысында келесі жағдайлар анықталады: құбылыстардың аймақтық ерекшеліктері, олардың таралу заңдылықтары, байланыстары жəне даму тенденцилары – бір сөзбен айтқанда, құрастыратын картаның мақсаты, тақырыбы жəне масштабына сəйкес келетін барлық жағдайы. Сонымен, картаның мақсаты, тақырыбы, масштабы жəне аймақтық ерекшелігі зерттеудің бағыты мен нақтылығын анықтайды. Зерттеу əдісі сонымен бірге қолдағы бар жəне жеткілікті ақпарат
көздеріне де байланысты.
Картаның мақсаты жəне тақырыбы зерттеуді қажет ететін құбылыстарды алдын-ала анықтайды. Картографияланатын құбылыстар зерттеуіне карта мақсатының əсер етуі əсіресе, арнайы карталарда анық көрінеді. Керісінше, топографиялық картаны туристік картаға айналдыру кезінде туристік маршруттардың таңдау үшін, туристік базаларды, түнейтін ыңғайлы орындарды жəне басқа да əдемі жерлерді анықтап жəне белгілеу үшін аймақпен танысу керек.
Картографияланатын құбылыстарды зерттеу мақсатын қарастыра отырып, оның нəтижелері картографиялауға түсетін территориялық жүйелер – олардың деңгейлері, негізгі элементтері жəне осы элементтерді сипаттайтын көрсеткіштері, басты өзара байланыстар жөнінде анық түсінік беру болып табылатынын айтуға болады.
Карта мазмұнын нақтылау кезінде бағдарлама авторы қолданатын картографияланатын құбылыстар туралы географиялық түсінік онымен (автормен) қысқаша тұжырымдамалар ретінде құрылуы немесе мазмұн элементтерінің біржолата таңдалған дəйектемесінде ғана көрініс табу мүмкін.
Генерализациядағы айырмашылықтарды анықтайтын құбылыстардың аймақтық кескіндеріне бағдарламада толық жəне анық сипат берілуі керек. Генерализацияны негіздеу үшін картографияланатын құбылыстарды зерттеу екі мақсатта жүреді – жобаланатын картада міндетті түрде жеткізілуі қажетті территориялық айырмашылық бойынша жəне құбылыстың кеңістіктік суретінің қасиеттеріне ерекшеленген аудан бойынша.[3]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет