«геоморфология және геология негіздері»


 Лабораториялық сабақтардың жоспары



Pdf көрінісі
бет47/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

2.3. Лабораториялық сабақтардың жоспары
№1 Лабораториялық жұмыс. Минералдардың физикалық қасиеттері.
Тапсырма: 1) Минералдардың физикалық қасиеттерін анықтап үйрену:
түсі, жылтырлығы, түссызығы, жіктілігі, қаттылығы және т.б.
Әдістемелік ұсыныстар: Тапсырмаларды орындау үшін минерал жинақтарын,
Моос шкаласын, бисквит (фарфор сынықшасы), шыны, магнит, тұзқышқылын
қолданады. Жұмысты орындау реті келесідей: 1) минералдың түсін анықтау; 2)
бисквитті қолдана отырып, минералдың түссызығын анықтау; 3) минералдың
жіктілігін анықтау; 4) жіктілік жазықтығында минералдың жылтырлығын
анықтау; 5) Моос шкаласын қолдана отырып, минералдың қаттылығын анықтау;
6) әр қолда кезекпен өлшей отырып, минералдың тығыздығын анықтау; 7)
кристалл пішінін анықтау; 8) магнитті, тұз қышқылын қолданып, ерекше
қасиеттерін анықтау. Анықтауыш бойынша минералдың атын, химиялық
формуласын және генезисін анықтау.
Қосымша әдебиет: 8, 4[ c.23-30]
Бақылау сұрақтары:
1. минералдың түссызығын қалай анықтайды
2. минералдың тығыздығын қалай анықтайды
3. минералдың қаттылығын қалай анықтайды
4. Жіктіліктің түрлері
№2 Лабораториялық жұмыс.
Минералдарды анықтауМинералдарды
зерттеу. Минералдар жинағы: пирит, халькопирит, сфалерит, галенит, магнетита,
гематит, лимонит, кварц, кальцит, гипс.
Тапсырма: 1) 1-Кестеден минералдардың диагностикалық қасиеттерін
анықтау. 2) анықтауыш бойынша минералдың атын, химиялық формуласын және
генезисін анықтау; 3) жауабын кесте түрінде толтыру.
Әдістемелік ұсыныстар: Тапсырмаларды орындау үшін минерал
жинақтарын, Моос шкаласын, бисквит (фарфор сынықшасы), шыны, магнит,
тұзқышқылын қолданады. Жұмысты орындау реті №1 Лабораториялық жұмыста
берілген.
Қосымша әдебиет: 8, 4 [23-30] 5 [83-92], 8 [17-39]
Бақылау сұрақтары:
1. Пирит халькопириттен қалай ажыратамыз
2. Галиттің ерекше қасиеті


65
3. Магнетиттің негізгі белгісі
4. Биотиттің диагностикалық қасиеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет